1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 5. Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар



бет55/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 5. Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
Дәстүрлік қогамнан казіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі - өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, "қуалай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі - бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, билікті тармақтау, оның заң шығарушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жанғырту. Бұл мағынада бейімделу - осы жолға түскен елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуыньщ алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінін негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.
"Қуалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі - Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты - ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.
Бірақ жаңа жағдайға өтудің "сызықтық қозғалыс" теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат қатынастарының үлгі-өнегесі ойлаған жерден шыққан жоқ. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың институционалдануы, парламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісінше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын көздеген зорлық-зомбылық, бассыздығына әкелді. Қоғамда әсіре байлар мен шектен шыққан кедейлердің саны көбейді, наразылықтар, шиеленіс, кикілжіңдер өрістеді. Ғалымдардың көбі оны дамып келе жатқан елдердің мұндай өзгеріске дайын еместігінен деп түсіндірді. Бірақ гәп бұл теориялық үлгінің біржақтылығында еді.
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысында бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.
1. Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктері. Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, онын әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әртүрлі қабылдайды.
Сондықтан 70 - 80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзқарас қайта қаралды. Бейімделуді дамудың шарты ретінде емес, қызметі ретінде қарайтын болды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақсатқа әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзгеруі жатқызылды. Онда Батыстың үлгісін қайталаудың қажет еместің мойындалды. Бұрын дәстүрлік институттар мен кұндылыктарды өркениетті жолга түсудін кедергісі деп караса, енді әмбсбап өлшемдер, құндылықтар, макқаттар сақталса болды. Ұлттық түрде бейімделудің өзі дұрыс деуге шықты.
Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзаұ кезең ретіндс қарайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. "Қуалай дамумен" қатар "жарым-жартылай", "тығырыққа тірейтін" бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс пен өзгерістерлі сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлганың тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін, ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты. Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылады.
Кейінгі кезде демократиялануды экономикалық өсудің қажетті шарты ретінде қарау дұрыстыққа жатпайды деп жүр. Бұл жолда ең алдымен саяси тұрақтылыққа үлкен мән берілуде. Онсыз айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктергс жету қиым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет