1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 4. Саяси даму мен бейімделудің мәні



бет54/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 4. Саяси даму мен бейімделудің мәні
Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметгік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді.
Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкеи бетбұрысты да жатқызады. Мысалы, бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды. Соның нәтижесінде қазіргі кезде өлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Біз бұдан былай әңгіме еткенде қоғамның осындай түбегейлі өзгерісін айтамыз.
Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық, қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өңдеуден еткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған.
Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар кызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды.
Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиндустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы нәтижесіне қарай бағаланады.
Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінін негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.
1. Құрылымдық, бейімделу. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметгік жіктелу құрылымының өзгеруі және т. б. жатады. Осындай күрделі қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде Батыстың дамыған елдерінде халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір деңгейі бұрынғыдан анағұрлым жақсарды. Оларда қазір жұмысы барлардың жалақылары жоғары, адамдарды шектен шыққан кедейлікке жібермейді, өндіріс орындары, тұрмыс-жағдайлары толық жабдықталған, халықтың тұтыну деңгейі жоғары. Сапалы білім, дәрігерлік көмек алуға мүмкіншілік молайды және т. т.
2. Азаматтық. Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі - азаматтылық, азаматтық құқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да тарихта кездескен. Мысалы, афинылық демократия кезінде Ежелгі Гректерде, содан кейін Ертедегі Римде кездеседі. Бірақ бұл елдердегі азаматтық, біріншіден, тарихи мөлшерде ұзаққа созылған жоқ. Екіншіден, ол халықтың бәрін қамтыған жоқ. Азамат болып тек сол жерде бұрыннан тұрған, сол жерде туған ерікті азаматтар саналатын, басқалар (құлдар, басқа жерден көшіп келгендер) бұл есепке кірмеді. Бірақ олардың тәжірибесі бос кеткен жоқ. Әсіресе, азаматтық құқыктар, оның ішінде мемлекеттік билікке қатысу теңдігі, заң алдындағы теңдік, әлеуметтік мәртебенің жалпы негізі мен мүмкіншіліктертендігі және т. б. Бұл құқықтар адам өмірінде ең маңызды, шешуші рөл атқарады. Кейін келе азаматтық кұқықтар одан әрі дамытылған, саяси құқықтар пайда болған.
3. Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі - сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өмірге қатынасуына көмектесіп, тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді. Саяси ұйымдар жұмыста қазыналық негіз болатын саяси идеология сомлалып, шыңдалады. Қазіргідей саяси қызметтерге қатынасатын мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесі құрылады.
4. Қазіргі адам. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шеңберінде ғана іс-әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады. Бүгінгі таңда ұйымдар мен мекемелерде қызмет атқару үшін құжаттарда көрсетілген талаптарға сай істеу керек. Бұрынғыдай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, діни қағидаларды басшылыққа алмайды, өмірдің өркениетті талабына сай, іскерлік көрсетіп, білімді қорытындылар жасап, іс істеуге тура келеді.
Бұл мәселемен көптен айналысатын американың белгілі зерттеушісі А. Инкельс қазіргі адамды сипаттай келіп, мынадай ерекшеліктеріи атайды:
а) қазіргі адам жаңа өмір тәжірибесінің барлық саласына ашық. Ол қандай жана идеялар болсын қабылдауға, қарсы алуға іштей дайын. Дүниені, айналадағы ортаны танып-біле алады және соған орай іс-әрекетте жасай алады;
ә) қазіргі адам айналасындағы өзгерістерге байланысты үрейленіп қорықпайды, психологиялық жайсыздыққа онша бас ұрмайды. Жалпы қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанда сол әлеуметтік, мәдени жағдайда өмір сүруге дайын;
б) қазіргі адам қандай мәселе болмасын оған әр түрлі қарауға болатынын, соншалықты пікір тууы мүмкіндігін біледі;
в) қазіргі адам қоғамлық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды;
г) қазіргі адам индустриалды технологияның қисынын біледі, белгілі бір мағлұматы бар. Мысалы, өндіріс мекемелері қалай қызмет ететіні, тұрмысқа қажет техникалық құралдардың жұмыс істеуінің және т. с. с. негізгі принциптерін біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет