1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану



бет3/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лекц.каз.ЖРБ.17г.

Жерге билік ету құқығы – осы нысаны заңдық тағдырын заң жүзімен анықтау.
Меншік иесі емес /жалға алушы/ жер иесінде бұл құқық жоқ немесе ол шектелген және тек қана меншік исінің келісуі бойынша ғана жүзеге асады.
Жерге билік етудің үш негізгі түрі болады:
а) жердің /жер учаскесінің / нақты жай-күйінің өзгеруі;
оның, әсіресе жердің заңдық статусының өзгеруі;
б) жерлердің құқықтық тәртібінің өзгеруі /жерді меншік
иесінің сатуы/;
в) жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын тұлғалар құрамындағы өзгерістер.
Осы аталған жерге меншік құқығының жерді иелену, пайдалану және билеу құқылылық субъективтік мағынада құқықтың әр-түрлі сапалары нормаларында кездеседі:
1/ мемлекеттік құқық нормаларында;
2/ әкімшілік құқық нормаларында /мемлекеттік кәсіпорын басқару бойынша министрліктердің және ведомстолардың құқылықтары/;
3/ азаматтық құқық нормаларында /жерді мұра етіп қалдыру, сату, сатып алу, кепілдікке беру және жермен басқа операциялар жасау құқықтарын жүзеге асыру тәртібі бекітілген/;
4/ қаржылық құқық нормаларында /жерлерді пайдалану бойынша шараларды қаржыландыру және жер учаскелеріне меншік қатынастарын жүзеге асыру қолданатын қаржы-құқылық жазалау шараларын қолдану ережелері анықталады/;
5/ қылмыстық құқық нормаларында /жер учаскелерін өз еркімен алып қою, жерлерді иемдену, пайдалану және жер учаскелерімен мәміле жасаудағы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді/.
Жер қатынастарын жерге жеке және басқа нысандағы меншігіне негізделінген мемлекеттік реттеу әртүрлі өзгерісте барлық дамыған шет мемелкеттерге тән. Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болған сайын, онда жерге жеке меншіктікті реттеу қатаңдай түседі.


1.2.2. Шет елдегі /АҚШ, Англия, Франция/ жерге меншік құқығы
АҚШ-ғы жерге меншік құқығы. АҚШ жерге меншік құқығын талдауда Америка континентін ағылшын отарлау дәуіріндегі тарихи жерге жеке меншіктің пайда болғанын ескеру керек. Гомстед аттылы 1862 ж. американ заңы бойынша әр американ азаматы босалқы жерлерден жер учаскесін алуға құқығы болған. Бос жерлер жергілікті үндіс тайпаларын жүйелі түрде қыру және шөлейт, құнарсыз жерлеге ығыстырумен алынып отырған. Ауыл шаруашылық аудандардың көбісі ірі егіншілік қожалықтар қолында отыр. Жерлердің барлық көлемінің 38% мемлекеттік меншік құрады /62% жер жеке меншігінде/. Жерлерді пайдалану үшін жерлердің жарамдылығы аз /тау, құм, тундра/ штаттарда олардың 50-75% мемлекеттің меншігінде, ал Аляска штатында - 100% жер мемлекет қолында отыр.
Бос және ешкім мекендемеген жерлерді мемлекеттік меншіктеу құқығы федералдық заңда жазылған . Осы елде мұндай жерлерді публикалық домэн /Publіc Domaіn/ деп атайды. Бұл жерлер босалқы жер қорын құрады. Ал қор федералдық үкімет билігінде болады. Жер иесіз қалса, ол мемлекетке аударылады.
АҚШ президентіне өз қарауы бойынша кез келген гидроэнергетика, ирригация және басқа пайдалы мақсаттар үшін қажетті жерлерді мемлекеттік қордан алу құқығы табысталған. Бос жерлерге мемлекеттік меншік құқығы заң бойынша жеке кәсіпкер мүддесіне нұқсан келтірмеу керек. Әсіресе су, жер қайнауларын пайдалану мәселесінде ерекше қаралған. Сондықтан барлық жер қоры ізденістер және пайдалы кендерді барлау үшін ашық, қол жетерлік болуға тиісті. АҚШ тау заңдарына сәйкес жеке тұлғалар жер қойнауларын пайдалану мақсатымен сол жерлерді сатып алуға мүмкіндігі бар. Басқа жағынан, егер мемлекеттің ирригациялық және басқа мақсаттар үшін алған жерлері сол мақсаттар үшін керек болмай қалған жағдайда, ішкі істер министірлігі сол жерлерді бағалап, ашық сауда арқылы АҚШ азаматтарына сатуға құқылы.
Мемлекет жерлері қойнауларының құқықтық тәртібін анықтаушы жалпы ереже бойынша барлық жағдайда пайдалы кеңдері мен құнды жерлерді сатуға болмайды /заңда арнайы көрсетілген жағдайлардан басқа/.
Федералдық үкімет жағынан суға билік ету құқығы барлық бос жерлерге меншік құқығына негізделеді. Сонымен қоса штаттар өзінше бос су түсінігін анықтап, сол суларды пайдалану тәртібін белгілейді. Бір штаттарда су бос деп жарияланып, мемлекеттің басқаруымен жалпы пайдалануға берілді. Басқа штаттарда, жағалаулық құқықы бойынша жеке меншіктегі сулардан басқа барлық сулар бос деп саналады. Бұл жағдайлар Аризона, Айдахо, Солтүстік Дакота, Калифорния, Колорадо, Нью-Мехико штаттарында байқалады. АҚШ жер заңында жерге, қойнауларға, суға жеке меншіктің басымдылығы айқын көрінеді. Заңдарда, кодекстерде, статустарда жерге ең жоғарғы меншік мемлекеттік деп көрсетілсе де, жер қатынастарының басты принципі ретінде жерге абсалюттік жеке меншік бекітілген.
АҚШ жер меншіктерінің нысандарын түсіну үшін ағылшын-американдық институттар үшін ең негізгі "estate" деген сөзді ұғыну қажет. "Estate" иеліктегі немесе иелік болатын, ұзақтығымен өлшенетін жерге құқық деген ұғым. Сондықтан "estate" сөзі тек қана жерді иемдену құқығына қатысты қолданады.
Жерді иемдену құқығы екі түрге бөлінеді:
1. Еркін
2. Еркін емес.
Иемденген еркін жерлер – меншік, ал еркін емес
жерлер – жалға берілген /аренда/ болып саналады.
Жалға беру ұзақтығы бойынша жалға алудың келесі
түрлері болады:
1/ қысқа мерзімді /1,2,3 жыл – штат заңдарына сәйкес/;
2/ ұзағырақ /10 жылға дейін/;
3/ ұзақ мерзімді /15-20 жылдарға дейін/;
4/ қайталанатын аренда;
5/ мерзімсіз.
Американдық құқық бойынша жер меншігі /еркін жерді
иемдену-frecholot estate/ үш түрде болады:
1. Шартсыз меншік – абсалютты феод нысандағы жерді иемдену /estate іn free sіmpl absolute/;
2. Өмірлік меншік - өмір бойы жерді иемдену /estate yor lіfe/;
3. Заповедтік меншік - /estate іn free taіl/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет