Жер-кадастрлық істерді автоматтандырыл-ған технологиямен жүргізу
Жер-кадастрлық ісі – жер учаскесін қалыптастыру туралы іс, онда жер учаскесінің құжаты кіргізілген.
Жер учаскесінің кадастрлық ісі бір данадан дайындалады және жер ресурсын басқару бойынша облыстық орган техникалық мұрағатында сақталады.
Қажеттілік туындағанда жер-кадастрлық істерінің жеке құжаттарының көшірмесін жер учаскесінің меншік иесіне және жерге пайдаланушыларға олардың өтініштері бойынша берілуі мүмкін.
Кадастрлық істердің құрамы және мазмұндық, жер учаскесінің мақсаты нысанына байланысты меншік формасы және оны рәсімдеу келесі тәртіпте (тіркеме):
1. титул беті;
2. ақпарат тізімі;
3. жер – кадастрлық ісінің мазмұны;
4. жер кадастрлық бөлімнің нөлдік бөлуі;
5. жеке басты куәландырушы құжаттың көшірмесі (жеке бас куәлігі, паспорт, СТН, жарғы, статкарточка және т.б);
6. жер учаскесіне тиісті құқықты ұсыну туралы немесе басқа да материалдар;
7. жер бөлуге негіз болатын алдын-ала келісім материалдарын немесе басқа да материалдар;
8. жер бөлудің заңды материалдары;
9. шекараларды техникалық рәсімдеу материалдары;
10. тапсырыс бланкасы;
11. координат ведомосы;
12. жер учаскесіне құқық куәландырушы құжаттар көшірмесі
13. корректуралық бет.
Қалыптастырылған кадастрлық іс жер-кадастрлық кітабына жер учаскесін жазу үшін негіз болып табылады.
Жер-кадастрлық кітабы – жер учаскесі көрсетілген, жердің шаруашылық және табиғи жағдайында кеңістік туралы нақты мәліметтер көрсетілген. Барлық деңгейдегі мемлекеттік жер кадастрының деректер базасын қалыптастыру шығыс мәліметтерін жаңартуды талап етеді, бұл көлемнің көбеюіне әкеледі. Сонымен бірге, құжаттардың құрамын бір ізділеу бойынша жұмыстарды және кадастрлық деректерді анықтау тиісті құжаттармен және формаларымен жалғастыру қажет.
Электрондық тасығыштағы жер-кадастрлық ісінің тізімі және құрамы: 1. жер қатынастары бөлімінің титулдық парағы (5, 6 сурет).
2. жерді заңдастыруға берілетін өтініш (7 сурет).
3. шекараларды анықтау жоспары (8 сурет).
4. жеке куәлік, СТН, мекен-жай анықтамасы, Техникалық Түгендеу бюросының анықтамасы, Жер қатынастарының анықтамасы, жерге беретін негіздеме (9 сурет).
5. тізім (10 сурет).
6. «Шымкент жер кадастры» ЖШС-нің жер телімін беру үшін, топография-геодезиялық жер зерттеу-бейнелеу жұмыстарын орындау істері титулдық парағы (11 сурет).
5-сурет.
6-сурет.
7-сурет.
8-сурет.
9-сурет.
10-сурет.
5. Жұмыс сызбасы. (1:2000 масштабта орындалады)
11-сурет.
6. Абрис
12-сурет.
13-сурет.
6. Координаталар ведомосы
14-сурет.
7. Корректурлық парағы
Жер – кадастрлық істе тігілген құжаттар тізімі:
1. Жер кадастрлық істі дайындауға өтініш.
Мысалы: «Шымкент жер кадастры» ЖШС-і жер-кадастырлық істі өңдеп шығару үшін инженерлік жер телімдеріндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындайды. Сондықтан ұйым материалдық-техникалық МЖКААЖ уақытша режиміндегі материалдық-техникалық жүргізу базасымен қамтылған. Жер учаскелерін біріншілік рәсімдеумен қайта рәсімдеу жөніндегі ақпараттар олардың мәліметтер базасын түзеді. Ұйым мөрімен мөрленген қалыптасқан жер-кадастырлық іс жер-кадастырлық кітәбінде жазба жүргізуге толық құқықтық негіз болып саналады.
2. Түсіндірме парағы. Жер телімінің нақты шекараларын белгілеп көрсету ісінің түсіндірме парағы.
3. Зерттеу актісі. (іргелес жер пайдаланушының бар-жоғы жөніндегі акті). Келісім актісі (келісім хаттамасы).
Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтіру үшін кұрылады.
4. Ситуациялық жоспар. (1:1000 масштабта орындалады) 7-слайд