1
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының
шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті
деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке
қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас
бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының
баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін
қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын
тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына
байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де
жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де
қамқорлығынсыз қалған бала;
2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық,
медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-
педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек
көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік
оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар
мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету
ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-
шаралар;
4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және
одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде
қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға
мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе
бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация
3
нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын
қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
12) мүгедектігі бар бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны
әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан,
жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің
функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз
жасқа дейінгі адам;
12-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген бала (балалар) – "Арнаулы
әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі
бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының
көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);
13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті
мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам
(патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың
отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;
14) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
– Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін
қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен
өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен
бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін
адам.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына
қолданылады.
Қазақстан
Республикасының
азаматы
болып
табылмайтын
бала,
егер
Қазақстан
Республикасының
Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда
өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар
мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
16
материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өмiрлiк қиын
ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк
оңалту жөнiндегi шараларды;
5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын
үйге құқығын қамтамасыз етудi;
6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды,
соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан
қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды
сауықтыруды ұйымдастыруды;
7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.
3. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру
жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып
айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк
стандарттар белгiлей алады.
4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие
ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету
ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы
балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең
төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгін мезгiл-мезгiл бағалап
отыруға құқығы бар.
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай
демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi
мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына
қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос
5
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың
мақсаттары
1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк
саясатының мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету,
оларды кемсiтушілікке жол бермеу;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн
нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына
келтiру;
3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру,
баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi
органдар мен ұйымдар құру;
4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық
тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және
бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами
тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi,
ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн
мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық
мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз
ету;
6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан
қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар
қызметiнiң басым саласы болып табылады және:
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
14
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм
алуға кепiлдiк берiледi.
2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм
алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару,
шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және
қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес арнаулы
педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн мүмкіндігі шектеулі балаларға
мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың
бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бөлінеді.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет
ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi.
Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен
көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн
еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан
бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене
бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян
келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық
алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен
жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және
оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.
4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына
кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы,
рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі
мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға
тыйым салынады.
7
4) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен
тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде
мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
5) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің
халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда
мемлекет мүддесiн білдiру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
жатады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн
жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан
қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын
қамтамасыз ету;
2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға
қатысу;
3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi
консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру
тәртiбiн белгiлеу;
4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi
мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау
саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар
айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды
жүзеге асыру;
4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен
қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
12
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің
толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға
құқығы бар.
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және
экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-
анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы
бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк
төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы
адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға,
оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.
2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе
өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы
болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне
және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге
де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға
құқығы бар.
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе
материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты
баланың атына банкке салуға құқылы.
3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде
алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да
кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын
болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға
құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына
сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
9
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің
бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік
және
жергілікті
атқарушы
органдар
мен
ұйымдардың,
кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне
немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
2) баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем
көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі
ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне
енгізеді;
4) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау,
қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары
мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол
жеткізеді;
5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық
институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді;
6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен
және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген
өзге де өкілеттіктерді орындайды.
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың
денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |