1 тарау: Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістемелерініњ жалпы мєселелері


Информатиканы қосымша оқыту түрлері



бет17/46
Дата02.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#71183
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
1 тарау Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістеме

Информатиканы қосымша оқыту түрлері.
Информатиканы оқытуда тек дәстүрлі оқыту түрлерін ғана қоймай, сонымен бірге қосымша оқыту түрлерінде қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артып, тереңірек білім алуға септігін тигізеді. Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үйірме, факультативтік курс, олимпиада, апталықтар, оқушылардың ғылыми жоба жарысы және т.б. жатады. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық.
Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Экскурсия барысында ең бірінші бақылауға алынар дәйек бұл жұмыс кезінде компьютерді қолданатын адамдардың практикалық жұмысы: 1)Ұйымда ЭЕМ-нің қандай түрі қолданылады және оның техникалық мінездемесі. 2)Ақпараттың қандай түрлері өңделуде және қандай жүйе қолданылады (тағы басқа сондай сұрақтар қойылады). Экскурсия қорытындысы болып нәтижені ұжым ортасында талқылау және сұрақтарға жауап беру, салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
Үйірме әртүрлі мағынадағы мазмұнмен жұмыс істегенде тиімді жеке форма болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларына мектепке арналған мәліметтер қоры бар жобаны ұсынуға болады. Сыныптан тыс жұмыстың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Оның негізінде еріктілік принципі жатыр.
Үйірме жұмыстарының түрлері: Сөзжұмбақтар құру, сайыстар, белгілі адамдармен кездесулер, клубтық қызметтер, клубтық іс-әрекет, іскерлік ойындар, сынып сағаты, ауызша журнал, мектептегі баспа және көрмелер.
Факультативтік курстар информатика саласындағы білімді терең сіңіріп қабылдау, педагог маманның оқушыларымен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналған. Информатикадан факультативтік сабақтар негізінен 8-сыныптан басталып жүргізіледі.
Олимпиада мақсаты информатика саласындағы дарынды, білімі дамыған оқушыларды табу. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойылған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыс түрі. Оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс шараларға қатысады.
Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. «Дарын» орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет