Байланысты: 1 тарау Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістеме
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу. Оқыту үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бақылау өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалымен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпаратты алумен қамтамасыз етеді.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабаққа тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар игеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесінде бағалау арқылы көрсетіледі.
Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады. Үлгерімді бағалаудың нәтижесінде жақсы білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбекқорлық, қайырымдылық, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.
Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
а) оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу; баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымырашылыққа салынуға болмайды;
ә) әрбір баға – бұл тек білімге есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.
Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабынан оқу қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білім жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.
Есеп беру – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.
Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:
Оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек; әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру; оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.
Дидактикада бұл (үрдіс) алған білімді меңгеру деңгейін оқыту бағдарламасында жазылған этолондық деңгейлерді салыстыру үрдісі.