Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Дарынды оқушыларды анықтау тәсіілдері.
Оқушылардың ғылыми жобалар.
Пәндік үйірмелер.
Негізгі әдебиеттер /4-5/, Қосымша әдебиеттер/6,11,20/.
Дәріс – 8. Дәріс тақырыбы: Оқыту нәтижесін бақылау, бағалау және тексеру.
Дәрістің мақсаты: Оқыту нәтижесін бақылау, бағалау және тексеруді ұйымдастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Бақылау функциясы, түрлері және әдістері.
2. Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар.
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу.
Дәрістің мазмұны. Бақылау функциясы, түрлері және әдістері. Бақылау - оқыту үрдісінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Оның мәні келесідей: оқытудың міндетті түрдегі минимумына сәйкес келетін, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау.
Бақылаудың функциялары: -тәрбиелік;
-дамытушылық;
-білім берушілік;
-тексерушілік.
Бақылау түрлері: 1) Ағымдық бақылау - бұл оқушылар білімін әр сабақта жүйелі түрде тексеру, бұл сабақтың құраушы бөлігі ретінде оқытудың нақты сабақта бағалануы болып табылады.
2) Периодты түрдегі бақылау - бағдарламаның үлкен тарауларынан кейін немесе оқыту ұзақ уақыт жалғасқаннан соң іске асырылады.
3) Қорытынды бақылау немесе нәтижелік бақылау - келесі сыныпқа ауысу кезінде жүреді. Оның міндеті: ары карайғы оқуын қамтамасыз ететін, дайындықтың сол қажетті минимумын белгілеу.
Жалпы бақылау функциясының мақсаты білім алудың барлық сатысында білім меңгеру деңгейін белгілеу, оқыту үрдісі мен үлгерімнің әзірлігін тексеру.
Бақылау әдістері: 1) Ауызша бақылау - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын фронтальды немесе комбинирленген жекеше түрде жүріледі. Емтихан - тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.
2) Жазбаша бақылау - бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың терең және жан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.
3) Практикалық жұмыстар - тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет.
Практикалық жұмыстың мазмұнына келесілер кіруі керек:
1) Жұмыстың мақсаты;
2) Тапсырмалар;
3) Қондырғыларды қолдану (сипаттамалары бар ЭЕМ сияқты);
4)Тапсырманын физикалық, математикалық немесе ақпараттық үлгілерінің мазмұны;
5) Есепті шығару алгоритмі;
6) Бағдарлама;
7) Шығарылатын немесе бастапқы мәліметтер;
8) Кесте түріндегі алынатын нәтижелер;
9) Қорытындыларды тұжырымдау;
10) Тесттер (компьютерлік, бланктік).
Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижелерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасы мен деңгейін салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай-ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтатын болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптардың әр элементтік талдауын қолдануында жатыр.
Бақылаудың барлық түрлеріндегі сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән. Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу үрдісінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынандай міндеттері бөлініп алынған: Бейімділік, диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық және басқалар. Кез-келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір-екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді. Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері - оның оқу үрдісіндегі рөлін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер оның маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
1) Бақылаудың есептеу міндеті: ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін, оқыту жұмыстарындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
2) Бақылау - түзетушілік және диагностикалык міндеттері: бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың білім деңгейіндегі кемшіліктерден туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу, оқыту әдістемесіне өзгертулер енгізу үшін "мұғалім-оқушы" орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайларын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктері мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ. Дәл қазіргі кезде информатиканы оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге осы пән мен оны оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.
3) Бақылаудың оқытушылық міндеті: ағымдық бақылау оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстың маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің деңгейін тексеру үрдісі арқылы көрініс табады. Сынақ тапсырмаларын орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін-өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.
4) Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті: ол оқушыны одан әрі оқу жұмысына, өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Мұғалім оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің деңгейін анықтап қана қоймай, оқушыны жеке жұмыс істеуге бағыттап, қосымша мүмкіндіктер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады. Ағымдық бақылау оқу үрдісіне тікелей негізделіп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап оны жоюға бағыттайды, оқушының білімін тексеру мен дамытуға әр сабақта жүзеге асырылады. Ағымдық бақылау нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.
Ағымдық тексерудің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпті болуға, сынып және үй тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға, жүйелі еңбекке үйретуге, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым-қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлануына, өз еңбегін өзі және дұрыс бағалау тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктіліктерді қалыптастыру мен дамыту, оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей: Ағымдық бақылау үрдісі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту - оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.