1 тарау Түрік қағанаты



бет27/45
Дата20.02.2023
өлшемі140,41 Kb.
#69395
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Конспект сұрақтар

  1. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хандық биліктің ең жоғарғы өкілдеріне жатады:

  2. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хан кеңесінің құрамы:

  3. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны:

  4. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы түрік тайпаларының басшылары:

  5. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында “бек” атауы берілген:

  6. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы қарапайым халықтың атауы:

  7. Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері:

  8. Алтын Орда хандарының інжулік жерлері орналасқан аймақ:

  9. Шағатай мемлекетінің інжулік жерінің аумағы:

  10. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы тікелей хандардың қарамағындағы жерлер:

  11. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы ханға адал қызмет істегендерге берілетін сый-жерлер:

  12. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық:

  13. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы жан басына және мал басына салынатын салық:

  14. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында харадж, баж салықтары алынды:

  15. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы мұрагердің “тел бауыры”:

  16. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы миршикар атқаратын қызмет түрі:

14-15ғ Қазақстан экономикалық жағдайы


Конспект
Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік Қазақстанда дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жанданды. Жартылай отырықшы мал шаруашылығыЖетісуда дамыған. Мал өсірудің үшінші түрі – көшпелі мал шарушылығы Орталық, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп, қону бағыттарына байланысты қалыптасты. Суармалы егін шаруашылығының орталығына Йасы, Сауран, Отырар қалаларын жатқызуға болады. Жетісудың оңтүстік-батыс жағында, Тараз маңында қалалық өмір сақталып, суармалы егіншілік орталығы болған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына зардабын тигізді. Іле алқабындағы қалалық мәдениет 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында мүлдем құрып бітті. Талас жағасында 1269 жылы құрылтай өткізіліп, отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген салық көлемінен артық алуға тыйым салынған заң шығарылды. Қалалық өмірдің дамыған кезі – Ақ Орда хандары Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтайлардың билік құрған тұсы.
Күлтөбе, Раң қалаларынан ыдыс жасайтын шеберхана орындары табылды. 13 ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария қалаларында кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар, Түркістан қалаларынан жергілікті шеберлер жасаған қола айналар мен шырағдандар табылды. Күмістен жасалған орама білезіктер Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияның солтүстік аудандарында кең тараған. Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау кәсібі 10-11 ғасырлардан белгілі болған. Монғол шапқыншылығынан кейін бұл кәсіп тоқырауға ұшырағанымен, 13 ғасырдың аяғында қайта жандана бастаған. Қалалық мәдениеттің дамуы адам тіршілігіне қажетті барлық кәсіптің жандануына жол ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет