1. Тарихқа дейінгі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни қойылымдардың бастаулары



Дата07.04.2023
өлшемі58,91 Kb.
#80385
Байланысты:
тарих 1 сурак


1. Тарихқа дейінгі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни қойылымдардың бастаулары.
Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары. Алғашқы қауымдық құрылыс жүз мың жылдарға созылды. Ең алғашқы еңбек құралдары бұдан 2,5 млн. Жыл бұрын пайда болды. XIX ғасырда белгілі болғандай, алғашқы қауымдық құрылыс бірнеше кезеңнен: тас, мыс, қола және темір дәуірлерінен тұрған. Адамдар алғаш рет жер өңдеу, аң аулау, мал өсірумен айналысты. Соңғы ғылыми деректерге қарағанда, қазіргі адам кейпі бұдан 140–145 мың жылдай бұрын қалыптасқан.Алғашқы адамдардың өмір сүрген мерзімі қазып алынған сүйектерді 1947 америкалық химик Уиллард Либби ойлап тапқан радиокөміртектік әдісті қолдану арқылы зерттеу негізінде анықталады. Радиокөміртектік әдіс неандертальдықтар қазіргі адамдардың ата-бабасы емес екендігін көрсетті. Алғашқы қауымдық мәдениеттің белгілері мынадай болды: дайын өнімдерді дайындау емес, иелену; еңбек құралдарының жетілмегендігі; адамдардың бірігіп еңбектенуі;алғашқы қауымдық комунизм.Алғашқы қауымдықьқұрылыс өте баяу дамыды. Сонда да болса,тапсыз қоғамнан таптық қоғамға,тең құқықтық қоғамнан – байлар мен кедейлерге бөліну, рулық қатынастан құл иеленушілікке өту ақырында жүзеге асып жатты.
Миф – мәдениеттің бір түрі. Грек тіліндегі «миф» сөзі – «аңыз», «ертегі» мағынасын береді.миф те мәдениеттің бір түрі болып табылады. Мифтен біз халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,наным-сенімдері жайлы біле аламыз. Миф дінмен тығыз байланысты. Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді. Мифті адамдар өзін қоршаған әлемді түсіну үшін ойлап шығарады. Олар – адамдардың әлемге қызығушылығының көрінісі. Миф адамдардың алғашқы діни және философиялық сұрақтарына жауап ретінде туады. Мифтерде мистика және магия орын алады.Қоғамның алғашқы дамуы кезіңдерінде мифтер жан –жақты сипатта болды. Оларда қоршаған ортаны түсінуге тырысу әрі оған табыну ұғымы болды. Мифтер алғашқы дін түрлерін қамтыды. Алайда дінде дамып, күрделілене түсті де, мифтерден бөлініп шығып, жеке өрістед.Қоғамдық қатынастар жетілген сайын көптеген мифтер ескіре ертегіге айналды. Кейде қазір де ойдан шығарылған, адастыру немо түріндегі мифтер пайда болады. Мысалы, демократия қоғамда адамдарға тең мүмкіндітер беретіні туралы мифті айтуға болады.
Алғашқы діндер. Алғашқы діндерді зерттеуге көптеген ғалымдар: ағылшын этнографы Э.Б.Тайлор (1832-1917), ағылшындық дінтанушы және этнол Джеймс Фрэзер (1854-1941), француздық этнограф және психолог Люсьен Леви-Брюль (1857-1939), т.б. бой ұрды. Кейінгі және дамыған діндерде жан ұғымы өзгеріске ұшырады. Христиандық пен исламда тек адамда ғана жан бар деп есептеледі. Алғашқы адамдарда қоршаған дүниенің бәрінің жаны болады, құпия күштер бар деп білді. Ол бұл күштердің өзіне көмектескенін, жаулардан қорғағанын қалады. Заттарға табыну, өзін қорғайтынына сену пұтқақұлдық деп аталады. Аурудан, сиқыршылықтан амулет қорғайды, талисман бақыт пен табыс акеледі деген сенім болды. Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет — агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.). Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.
Алғашқы қауымдық мәдениет — тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 — 40 мың жыл бұрын) «нағыз адам» пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.
Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген. Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет