Бала бейнесін зерттеу қандай да бір пәннің шеңберімен шектеліп қалмайды, ол көптеген ғылымдардың сұрыптауынан өтіп, өнерде, дінде және қоғамдық өмірдің басқа салаларында кездеседі. Оны толығырақ түсіну үшін әдебиетті осы бейне көрініс беретін жеке сала ретінде қарастырайық.
Әдебиетке анализ жасай отырып, олардың бірнеше түрлеріне тоқталайық. Әдебиеттегі классицизмде балалық шақ нормасы «жетілмегендік» ретінде қабылданатынын көруге болады. Бұл кезде оларды адамдардың мінез-құлқы қызықтырады.
Ағартушыларда балалық шақ тақырыбы олардың тәрбиелік мәнімен сипатталады. Балаларға арналған әдебиеттерде ересектер әлемінің байыпты және ғылыми ойларын барынша балаларға түсінікті түрде жеткізіліп, басылып шығарылды. Кітаптар қолжетімді дидактикалық, иллюстрациялы түрде құрылды. 1750-1814 жылдар аралығында Англияда мұндай кітаптардың 2400-ге жуық атауы жарық көрді. Балалық шақ және жастық шақ көптеген автобиографияларда және «тәрбиелік романдарда» адамдардың тұлға болып қалыптасу кезеңі ретінде көрініс табады. Ал романтизм дәуірінде ғана балалық шақ «өзіндік асыл дүние» ретінде көрінеді.
Романтиктердің көзқарасы керісінше. Н.Я. Берковскийдің пікірі бойынша, «романтизм бала культі мен балалық культті» орнатты. 18 ғасырда балаларды кішкентай ересек адам деп түсінді, олар тіпті балаларға жилет кигізіп, шаштарына жалған шаш жалғап қойған. «Балалық шақтағы балалар» ұғымы романтиктерден басталады, олар балаларға болашақ ересектерге үміткер ретінде емес, балаларды бала қалпында ғана қабылдады солай бағаланды. Романтиктердің «балалық балалары» шын мәнінде балалар емес, 18 ғасырдағы «бақытты жабайылары» сияқты қандай да бір идеалды дүниенің баяғы шартты нышандары. Балалық пәктік пен стихиялылық парасат ересек адамның «бұзылған» және суық әлеміне қарсы болды. В.Блейктің шығармаларындағы «бала» ұғымы – қуаныш, «қуанныштан туған құс» кейпінде. Балалық шақтың бағасы бар жағынан ашылған. В.Вордсворттың анықтамасы бойынша «бала – адамның әкесі». С.Колеридждің ойынша, балалардың үлкендерге үйрететін нәрсесі көп. Бірақ романтикалық шығармаларда нағыз, тірі бала емес, ересектерге жетіспейтін бейкүнәліктің, табиғатқа жақындықтың және сезімталдықтың абстрактілі символы көрінеді.
Ресейде балалық шақ бейнесіне М.Ю.Лермонтов терең мән берген. Ол балалық шақ қаңырап бос жатқан өмір теңізінің ортасындағы гүлді аралға ұқсайды деген. Пушкин, өз кезегінде, балалық шаққа, сондай-ақ кәрілікке, уақыт циклінің бір сәтіне сілтеме жасайды..
Балалық шақ тақырыбы орыс әдебиетіне жеке адамның және жалпы қоғамның қарқынды өзін-өзі танудың белгісі ретінде енді. Л.Н. Толстойға дейінгі жазушылар, әдетте, өзінің тұрақты, қалыптасқан тұлғасы бар ересек адамның түрін басшылыққа алды. Әдебиет дамуында алғаш рет балалық шаққа назар аударған Толстой болды. Баланың бейнесі туралы ойларын Л.Н. Толстой өзінің «Балалық шақ. Жасөспірімдік шақ. Жастар» шығармасында көрсеткен. Оның санасындағы балаға тән қасиет сезімнің ішкі ұтқырлығы, теріске шығарудан оны дереу қабылдауға, тұтастан жекеге күрт ауысуларын көрсетеді, Балалық шақ және баланың өзі белгілі бір ережелерге және бір өмір ағынына бағынбайды, ол көп өлшемді, әр түрлі бағытта өмір сүреді. Балалық шақ пен бала – « бұл мұхит, оның бетінде ересектер санасының аралдары қалқып тұрады». Л.Н. Толстой баланың рефлексиясы мен адамгершілік санасының дамуын бейнелейді
Б.Пастернактың «Люверстің балалық шағы» шығармасында оқырманның алдына бір-біріне сіңіп кеткен әлдебір бұлдыр сызықтар сияқты беріледі. Мұнда біз барлық нәрсенің шектеусіз екенін көреміз. Б.Пастернак шығармасындағы бала кейпі қорғансыз, нәзік. Әрқашан біреудің қамқорлығында болады. Бұл жаратылыс осы позицияда мүмкіндігінше ұзақ қалғысы келеді, өйткені оның әлемі ересектердің проблемалары туралы ойланбастан өмір сүруге мүмкіндік береді.
19 ғасырда романтизм концепция екінші орынға кетіп, басқа бейнеге артықшылық бере отырып, фонға түсе бастады, ол әсірсе Ф.М. Достоевскийдің шығармасында көрінеді. Күнәсіз, бейкүнә сәби бейнесі күн өткен сайын тарихта қалды. Ф.М. Достоевскийдегі бала бейнесі екі еселенген кейіпте беріледі. Бұл бір жағынан қайталанбас перзенттік тазалық болса, екінші жағынан оның барлық көрінісіндегі қатыгездік. Бұл дәстүрлі христиан бейнесі яғни, кез-келген бәрін қиратуға боларлықтай күшті кейіп. М.Ф. Достоевский - баланың пәктігі мен стихиялылығы және адамгершілік сана тәжірибесі бар ересек адам сияқты көрсеткен жоғары идеал.
20 ғасырда кейбір батыс жазушыларының ұстанымы М.Ф. Достоевскийдің балаға қатысты антиморальдық түсініктеріне қайшы келеді. Мысалы, В.Голдинг «Шыбындардың патшалығы» шығармасында баланың ересектер үйреткендей мінез-құлқын оңай доғарып, басқа адамға айналып, тізгінсіз кетеді. Балалардың мұндай күйге өздері жетеді. Яғни бала романтизм жазушылары ойлағандай басынан бері саналы адам емес, олар бөтен тіпті адамға жау да бола алады. Мұндай мысалды Р.Бредберидің «Велд», «Сабақ сағаты» шығармаларынан көруге болады. Ол балалардың кейде мүлде қорқынышты болып кетуі туралы өте қызық идеяны айтады. Бір жағынан ол ересек адамға толық байланысты, өйткені бала мүлдем қорғансыз, екінші жағынан өзінің ішкі құрылымы жағынан ересектерге төтеп бере алмайды. Бала бәріне өз тілінде сөйлейді, өз ойын ойнайды, мұның бәрі ересек адамға жұмбақ болып қалады. Нәтижесінде келімсектердің өзі біздің өркениетімізге балалардың ерекше қасиеті арқасында еніп кете алады. Яғни, олар өз әлемдерінде қалай жұмбақ және болжаусыз болса дәл солай айлакер және мейірімсіз бола алады.
Ағылшын бейнесіне қарама-қарсы келген орыс әдебиетінде табиғат пен заттар әлеміне қызығушылығы ерекше деп саналатын баланың өзіндік бейнесі жасалынды. Егер Л.Н. Толстойдың еңбектерінен біз адамдарға назар аударуды көрсек, ал Ақсақовтың еңбектерінде табиғат және баланың онымен қарым-қатынасы мәселесі алға шығатындығын байқаймыз. Ақсақов бала бірінші күнә жасағанға дейінгі адам, өзіне дейінгі барлық заттар мен жануарларға ат қойған адам деп есептейді. Бала бейнесі табиғатпен қарым-қатынас процесіне деген ынтаны, айналадағы барлық нәрсеге қызығушылықты қамтиды. Ақсақовтың пікірінше, адамдардан гөрі, заттарға деген басым қызығушылық тек сәбилік шақта пайда болады.
19 ғасырда баспанасынан айырылған, кедей, отбасынығ жылуын көрмеген отбасында және мектепте зорлық-зомбылық көрген балалардың образы пайда болды, бірақ олар сол аңқау, күнәсіз кейіпте қала берді. Одан кейін жылы қабақты отбасы «ұясы» баланы мүгедек ететін қатыгез құлдық, қысымшылық жасырылған екіжүзділік сипатта көрініс алды. Психологиялық талдау тереңдеген сайын балалар бейнелерінің өзі де бұрынғы айқындылығын, бір өлшемділігін жоғалтады. Оливер Твист – кішкентай, аянышты кішкентай пенде. «Үлкендер» жағынан қатты физикалық және моральдық жарақат алып қана қоймай, өз ортасында «жақыныңбыз» деген көп адамның ішінде бөтен болу оны мүлде адастарды. Осындай кезде бірден бала образы мен оның балалық шағының айырмашылын көрсеткің келеді. Ж..П. Сартрдың бала бейнесі толық буржуазиялық гүлденуде өмір сүреді, ол шынайы өмірде қолдаушысынан айырылған. ол үшін бәрін басқалар жасайды, және л да оның жасаған әрекеттері де жасанды. Біздің алдымызда екі түрлі бейне: бірі бақытсыз және қуғынға ұшыраған, екіншісі қауіпсіз және үнемі қамқорлықта өмір сүретін – бірақ бәрібір екеуінің әрқайсысы өзінше қорғансыз,.
М.Твен үйсіздің күйін кешседе романтиканы сүйетін баланың бастан кешкен оқиғаларын көрсетеді. Ал Диккенс туыстық жылуынан айырылғандықтан өз үйін жақсы көрмесе, тіпті жек көрсе, Хеклберри Финн өз үйін жек көреді, өйткені ол үшін үй шектеулі жер, оған кеңдік пен кеңістік қажет. Оливер анасын көз жасынсыз есіне түсіре алмаса, Финн әкесін қатты жек көреді. Финн мен Том Сойердің балалық шағы Толстойдың кейіпкері Николенка Аксаковтың Сережасы сияқты бақытты. Бірақ екеуіде екі түрлі бақытты. Біріншісі – әрекет пен қиялдың толық еркіндігі, екіншісі – өз мен жердің бірлігінде, жерді терең сезіну.
Хемингуэйде, Фолкнерде, Т.Вульфте, Сэлинджерде бала бейнесі жалғандыққа төзбейтін, сәйкестіктен бас тартатын баланың табиғилығына құрылған.
Тек 20 ғасырда ғана орыс әдебиетінде Твен типіндегі бала бейнесі пайда болды. Бұлар ержүрек, батыл, кідірмейтін томбалалар - бұл Тимур А.Гайдар. Бұл жігіттер жауынгерлік әрекеттерге, кез келген сынаққа дайын.
40-50 жылдары. 20 ғасырда Пришвин мен Паустовскийдің сентиментальдық бала образы, ол табиғатпен ертегі атмосферасында құрылған. Онда балалық күнәсіздік, қарапайымдылық бейнесі бар. Бірақ баланың әрбір жаңа бейнесі балалық шақтағы көркемдік бейнелерін тереңдету сатысы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік проекцияның белгілі бір түрі, шынайы балалық шақтағы өзгерістер мен оның мәдениеттегі символизациясының белгісі.
Әдебиеттегі немесе портреттегі балалар бейнелерінің көп өлшемділігі мен алуан түрлілігі көркемдік білімнің ілгерілеуін және авторлардың жеке басындағы ерекшеліктерді ғана емес, сонымен бірге балалық шақтағы шынайы мазмұндағы өзгерістерді және оның мәдениеттегі символдық бейнесін көрсетеді.
С.Цвейг былай деп жазды: «...Біздің рухани дүниеміз миллиондаған монадалардан, жеке әсерлерден тұрады, оның ең кішкентай бөлігі біз өзіміз көріп, өзіміз басымыздан өткергеніміз, ал қалған оқылған дүниелердің барлығы– ол өмірдің негізгі бөлігі – біз кітаптарға оны оқығанымыз ,қабылдағанымыз, үйренгендеріміз үшін қарыздармыз!».
Кітапта бейнеленген идеялар жүйесі шынымен де әлемнің бейнесін де, бала бейнесін де белсенді түрде қалыптастырады. Кітаптағы бейненің өзі екінші шындыққа айналады, кейде шындықтың өзінен гөрі шынайырақ болады. Ал кітап әлеуметтік әрекет субъектісінің байланыстарының шексіз кеңеюі болғандықтан, жеке адамға кітап ашылған сайын, оның әлем туралы жеке бейнесі байиды.
Ломов Б.Ф. сөздің образ жасаудағы рөлін бөліп көрсетіп, көркем әдебиет арқылы қалыптастырушы қызметін анықтады. Жазушы сөздің көмегімен жанды сурет салады, содан кейін ол оқырман арқылы жаңғырады.
Өз дүниесін қалыптастыруда оқу процессінсіз сол өзі қалаған дүниені құра алмайды,өйткені тек оқу арқылы ғана адам қоғамды таниды оның ережелерімен, жеке шарттарын түсінетін болады. Сондықтан кітап- бұл тек қана структураны ғана оқып қою ғана емес, әлемнің бүтін образын және бала образын оның қасиеттерін тануда өте маңызды құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |