34. Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасының аумағы және этникалық тарихы туралы баяндаңыз
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІV-ХV ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орда әскерінің қолбасшысы, беклербегі, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы – әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғасыр ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түркі тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХV ғасыр аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады
Көшпелі ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ - 15 ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет. Б.А.Ахмедов бұл хандықты «Көшпелі өзбек мемлекеті» деп атауды ұсынды. Өзбек хандығы ішкі өзара қырқыс нәтижесінде 15 ғасырдың 20 жылдарында Жошы әулеті (Жұмадұқ хан, Махмұд қожа хан, Мұстафа хан т.б.) билеген бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Ақ Ордадан бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ Темір әулетінен шыққан Ұлықбектің көмегімен 1425 жылы Ақ Ордаға хан болды, алайда феодалдық қырқыс тыйылмай, Барақ хан 1428 жылы өлтірілді. Ол кезде Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жерлерін өзіне қосып алған өзбек ұлысындағы (жазба деректерде Ақ Орда 14 ғасырдың аяғынан бастап осылай аталады) өкімет билігі Әбілхайыр ханның қолына көшті.
35. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз