1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз



бет4/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

5. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз.
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі . Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет