ГЛОССАРИЙ Мойынның көлденең нервісі—төс-бұғана-еміздік етінің астынан, мойынның алдына қарай көлденең бағыт алатын нерв.
Диафрагма нервісі- мойын торабының ең ұзын нервісі.
Шеткі жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларында орталық жүйке жүйесінен тыс орналасқан жүйкелер жиынтығы.
Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейтін жүйке жүйесі.
Ет-тері нервісі- аралас нерв, ол құстұмсық-тоқпан жілік етін тесіп өтіп тарамдалып, қолдың құстұмсық-тоқпан жілік, екі басты еттерін және тоқпан жіліктің өзін шынтақ буынын нервтендіретін нерв түрі.
Сан нервісі- бел торабынан басталатын нервтердің ең ірісі.
Кіші желкелік нерв- төс-бұғана-еміздік етінің астынан өтіп, шүйде бөлігінің терісі мен еміздік өсіндісінің аймағын нервтендіретін нерв түрі.
Сан нервісінің ет тарамдары — тігінші етпен төрт басты етті нервтендірсе, тері тарамдары — санның алдыңғы жағындағы терісін нервтендіретін нерв түрі.
Санның сыртқы тері нервісі- шат сіңірінің астымен санның сырт жағындағы жалпақ шандырдан өтіп, санның сырт жағындағы терісіне, тарамдалатын нерв түрі.
Төменгі мықын-құрсақ нервісі — құрсақтың ішкі қиғаш және көлденең еттерінің арасынан өтіп, оларды нервтендіріп шат аймағының терісіне тарамдалатын нерв түрі.
Бөксенің жоғарғы нервісі- алмұрт тәрізді еттің үстіне жанаса үлкен шонданай тесігі арқылы жамбас куысынан шығып ортаңғы және кіші бөксе еттерінің арасында тарамдалып оларды нервтендіретін нерв түрі.
Шонданай нервісі-адам денесіндегі ең ірі, ең ұзын нерв, ол жамбас қуысынан үлкен шонданай тесігі арқылы санның артқы жағына бағыт алып еттерін нервтендіретін нерв түрі.
Асық жілік нервісі-сирақтың артқы жағында, камбала тәрізді етпен артқы асық жілік етінің арасымен төмен қарай жүріп отырып, аяқ басының ішкі жағынан табанға карай кететін нерв түрі.
Жалпы шыбық нервісі -шыбық жіліктің жоғарғы жағында орналасқан нерв түрі.