1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді талдаңыз



бет68/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

83. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді талдаңыз
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз. Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты. 1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады. Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет.

84. ҚР білім және ғылым жүйелеріндегі реформаларына баға беріңіз
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде жоғары білім беру жүйесін жетілдіру ең өткір мəселе болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде отандық жоғары білім беру жүйесінде ауыз толтырып айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды: жоғары оқу орындары (жоо) өздерінің басқару қызметтерінде анағұрлым байқалатындай автономиялық дəрежеге ие болды, оқыту траекториясын анықтауда ұйғару институционалдық құрылымдарында, бағдарламалары мен оқыту түрлерінде толық диверсификация болып өтті. Мұнымен бірге білім берудің мемлекеттік секторы қысқартылды, ал мемлекеттік емес білім беру секторы қарқынды дами бастады. Елімізде қалыптасқан білім беру қызметінің нарығын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес жоо ұсынды, бірақ мемлекетпен реттелетін бірдей жағдайда жəне тең құқылықта. Сонымен бірге жоғары білімге деген қоғамдық талаптардың өсуі, білім беру қызметі ұсыныстары пропорционалдық емес жағдайлардың ұлғаюы жəне еңбек нарығының сұраныстары, жоғары білімге бағытталған қаржы ресурстарын мақсатсыз пайдалану, оқытудың жаңа технологиясын пайдалану, жоо басқаруда экономикалық механизмдерді өзгерту, білім беру қызметінде бəсекеқабілеттілікті арттыру жоғары білім беруде жаңа тəсілдерді іздеуге мүмкіндік тудырады. Білім беру нарығы — бұл оқу орындары мен білім беру қызметін сату жəне сатып алу тұтынушыларының арасындағы əлеуметтік-экономикалық жүйе. Қазақстан Республикасының дамуында стратегиялық бағыттарының бірі болып білім жəне ғылым табылады. Экономикалық, технологиялық прогресс, саяси даму, қоғамдағы мəдени жəне рухани жағдай олардың дамуына байланысты. Бұларсыз мемлекет пен қоғамның дамуының мүмкін еместігі айқын байқалады. Жоғары білім берудің даму стратегиясының мақсаты шикізат ресурстары экономикасынан білім экономикасына өте алатын, əлемдік білім кеңістігінде бəсекеқабілетті, оқытудың жоғары сапасымен қамтамасыз ете алатын ұлттық модельді қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайды анықтау үшін жоғары білім берудің бүгінгі жағдайы, ол қалай дамуда жəне болашақта оны не күтетіндігіне жауап беруге тырысамыз. КСРО ыдырауынан кейін Қазақстанның жоғары оқу орындары дағдарысты басынан кешірді. Жоғары білім берудің реформалануының негізгі бағыттарының бірі болып мемлекеттік емес оқу орындарының қарқынды дамуы болды, бұл тек объективтілікті байқатпады, сонымен бірге бұл білім беру қызметі нарығының қалыптасуына өте қажет екендігін де білдірді. Білім беру қызметі нарығы да басқа кез келген нарықтар сияқты бəсекеқабілеттілікті талап ететіндігі заңды. Осы байланыста білім саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты жəне барлық бағытта іске асырылды, бұл білім беруді қаржыландыру мен басқару жүйесін, заңды базаларды реформалауға əкелді. Мемлекеттің білім беру саясатында келелі орынды жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру жəне рационалдандыру үдерістері алады. Қазақстан өз тəуелсіздігін алғаннан бері жоғары білім беру жүйесі өз бағытында көптеген өзгерістерді бастан кешірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет