1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


-ші жылдары ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шараларына баға беріңіз



бет70/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

86. 1950-ші жылдары ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шараларына баға беріңіз
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп комплексін дамыту;Одақтық республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану.
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осы шаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық көлемі біршама көтерілді. Бірақ та егістік көлемі көбейгенімен егін егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 жылы жоспарланған 8 млрд. пұт орнына 5,6 млрд. пұт қана астық жиналды.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 жылдың өзінде ірі қара саны 4,5 млн. (1928 жылы 6,5 млн болған
Бірақта бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды.
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг. жетті. Оның үстінде тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.
Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы – 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кеміді.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өз деңгейінде қаржыланбады, ауыл шаруашылығы өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, климаттық ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді.
Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз, 1966 ж. мамыр пленумдарында ашылып, оларды жоюдың шаралары белгіленді. Ауыл шаруалышығының берік негізін жасау, жоспарлауды жақсарту, колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу, еңбектің материалдық және моральдік қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.

60-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады. 1959 жылы түсті металлургияның барлық кәсіпорындары Қазақстанның қарамағына берілді. КОКП ОК 1965 жылғы қырқүйек пленумында экономикадағы әкімшілдік айыпталып, өндіріс басшылығын салалық принцип бойынша ұйымдастыру қажет деп табылып, өндірістің салалары бойынша одақтық, республикалық және жалпыодақтық министрліктер құру жөнінде шешім қабылданады. Өндіріс орындарына біршама өзіндік еркіндік беріліп, жаңаша жоспарлау мен экономикалық ынталандыруға көше бастады. Халық шаруашылық кеңестері жойылып, жаңадан құрылған министрліктердің қызмет ауқымы кеңейді. Әр министрлік өз саласын қаржыландыру, басқару, шикізат пен жабдықты бөлу, өнім сапасын қадағалау және т.б. күрделі міндеттерді атқарды. Өндіріс орындарына да біршама еркіндік берілгендіктен, оларға өзін-өзі қаржыландыруға, жұмысшылардың сапалы еңбегіне төленетін еңбекақы көлемін көтеруге рұқсат берілді. Сонымен бірге өнеркәсіп ынтасын арттыру үшін еңбекақы қорында өнеркәсіп кірісінің жартысы қалдырылды. Бұл жағдай еңбек сапасын, өнім сапасын өсіруге, шикізатты үнемді пайдалануға жол ашты. 60-шы жылдардың соңына қарай жаңа жоспарлау жүйесіне 1967 өнеркәсіп немесе барлық өнеркәсіп орнының 80% көшті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет