6. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы туралы жазыңыз. Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда тоғызыншы ғасырдың соңы мен он бірінші ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар жетінші ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген. Сегізінші ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. Тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.
656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. имақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иелік хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түркі әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан тоғыз-оныншы ғасырларға қатысты табылған заттар, жазулары бар қола айналар да көрсетеді. Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иелік хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түркі әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан тоғыз-оныншы ғасырларға қатысты табылған заттар, жазулары бар қола айналар да көрсетеді.