1 тәжірибелік сабақ әдебиет оқу



бет1/7
Дата25.09.2023
өлшемі34,86 Kb.
#110164
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

1 тәжірибелік сабақ әдебиет оқу

  1. Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б

Қазақ зиялылары ме ғалым – педагогтары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т.б ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт – дәстүрлерін, әдет – ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу – тәрбие прцнсінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.
Ж.Аймауытов жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ол сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңалық табатын өнер, - деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының тарихында А.Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. Ол оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Бұл пікір педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. А.Байтұрсынұлы өзінің 1928 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде:«Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған. Оның бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау – әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған. Шоқан Уәлиханов ел ішіндегі діни наным сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қасты күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етюді мақсат тұтты. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Ол бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. “Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген ” қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлттың ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді. Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың азарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін Жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.Абай Шығыс мәдениетінен ақындық пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғақлияларды танып, он халыққа ұсына білді.Абай Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездергі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет