Реферат
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің тарихы »
Орындаған: Нұржан Әйгерім
Қабылдаған: Кажиакбарова Раушан
Тобы: 117-48
Шымкент 2021ж
Мазмұны
1.
2.
3.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
Шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар, форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болган. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. Н. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Қелдібекұлы (1667—1764) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.
Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан да олар бастапқы қалпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше ұрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.
Билеуші топтың өкілі билер мен рудың қолшоқпары барымташы батырсымақтар шешендіқ сөздерді өз мүдделері үшін шебер пайдаланғанын әсте естен шығармауымыз керек.
Шешендік сөздер ертегі-аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып беліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.
Шешендік сөздер мен көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне де жақын, ұқсас.
Құлан жортпас құба жонға Құрай шықпас демеңіз. Қу таяқты кедейге Мал бітпейді демеңіз. Жарлы байға теңеліп, Жарыса қонбас демеңіз. Жалғыз көпке теңеліп Теңдік алмас демеңіз,— дейтін шешендік сөз бен Бұхар жырау атынан айтылатын кейбір жырлардың арасы онша алшақ емес.
Махамбет ақынның өлеңдерінде шешендік сөз поэзиямен аралас, астарлас жатады.
Арғымақтың баласы Аз оттар да көп жусар,— Тарлаудан тапқан дәні бар, Азамат ердің баласы Аз ұйықтар да көп жортар. Дұшпанға кеткен ары мен Талауға түскен малы бар,—деген сияқты шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер Махамбет жырларының қай-қайсысында да мол ұшырасады.
Шешендік сөздердің қайсысы қай уақытта шығып қалай қалыптасқанын кесіп-пішіп айту қиын. Біз білетін қазақ шешендерінің атасы Жиренше шешен және ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер. Бізге жеткен аңыз әңгімелерге қарағанда, Жиренше —Әз Жәнібек хан мен Асан қайғы (XIV—XV ғғ.) жасаған адам. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы би дейтін де сөз бар. «Майқы — Шыңғысты хан көтерген он екі бидің бірі екен»,— дейді Абай. Олай болса шешендік сөз өнерінің шығу тарихы әлдеқайда әріден басталса қерек.
Қазақ шешендік өнері "түмен сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би" деп Майқы би мен Аяз биден бастау алады. Шешендік сөздер сұлу сөзбен өрілген поэзиямен қоса ой тұңғыйығының терең түкпірінен қайнап шыққан тас бұлақтай таңданарлық философиялық тұжырымдар.
Шешендік сөздер белгілі бір ұйқаспен, ырғақпен айтылып өз тыңдаушысы досына айтар нақты пікірді дұшпанына қатал зілділігімен көңілі күпті жанға медеу берсе, қас батырға ұран болатындай шапқанын қиып түсіретін алмас қылышай өткір болып келеді. Шешендік сөз жиын топтың алдында ауызша сөйлеп, белгілі бір істің шешімін табу болып табылады. Қасындағы адамдарға әсер етіп, құлақ құрышын қандыруды айтамыз.
Өмір көші үдере алға тартып келе жатқан заманда халық ауыз әдебиетіміздегі ең бай мұрамыз шешендік өнер сөз басында айтып кеткенімдей Майқы би, Аяз би (XII-XIIIғғ.) одан кейіңгі Жиренше шешен Асан Қайғы (XIV-XVғғ.) мұраларымен дамып, толыға түсті.
Жиреншенің айтқан нақыл сөзі:
Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен бірдей,
Шешесі өлген - ағар бұлағы суалғанмен бірдей...
Шешендік өнердің дамуын жыраулар шығармашылығынан бөліп қарастыра алмаймыз. Өйткені Шалкиз, Доспанбет, Бұхар жыраулар да өз үлестері қосқан. Мысалы мына өлеңде Шалкиз жыраудың тіл көркемдігін көреміз:
Тайғақ кешу, тар жерде.
Менің досым барарда һар жерде,
Іздесем табылмайды тар жерде - дейді жырау.
Доспанбет жырау жырларына қарасақ сөз меруерт маржанын жіпке тізгендей көркем, көрікті сөйлейді.
Бұхар жыраудың керей руын Абылай ханнан бөлініп, Шығысқа қарай көшкен кезінде айтқан шешендік сөзі:
Керей қайда барасың,
Сырдың бойын көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын,
Жауған күндей себелеп.
Ақмырзамды өлтірдің,
Ақ сойылмен төпелеп.
Шешендік өнер тарихында алты алашты аузына қаратқан, үш жүздің сөз жүйіріктері - ұлы жүзде Төле би, орта жүзде Қазыбек би, кіші жүзде Әйтеке би - ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сөз зергерлері, ұлы тұлғалар десек артық айтпағанымыз. Осындай тапқыр ой, ұшқыр қиялға құрылған шешендік сөздеріміз ауыздан-ауызға тарап түп нұсқасынан өзгеріс тапса да бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Жалпы шешендік сөздің ең биігінде айтыс өнері тұрады. Қос ақынның айтқан жырлары жыраулардың толғауына ұқсас болып келеді.
Қазіргі заманғы шешендік сөздеріміз былай ажыратылады: әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, академиялық шешендік сөздер, сот ісіндегі шешендік сөздер, әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендік сөздер
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» дейтін де сөз бар. Бірақ шешендік сөз өнерінің шығу тарихы әлдеқайда әріден басталса керек.
Біз білетін қазақ шешендерінің атасы – Жиренше шешен және ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер. Бізге жеткен аңыз-әңгімелерге қарағанда, Жиренше – Әз Жәнібек хан мен Асанқайғы (XIV–XV ғғ.) заманында өмір сүрген адам.
XVІ–XVIII ғасырларда шешендік өнерді Шалкиіз, Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаздауысты Қазыбек, Әйтекелер жалғастырды. Шешендік өнердің кең қанат жайып, биіктеген кезеңі – XVIII ғасыр.
Бұл – қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы
тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да, халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген және күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, әрбір білімді,мәдениетті адам үшін шешендік өнердің тарихымен танысып, теориясымен қарулану әсте артық емес.
Шешендік сөздерді зерттеу, талдау, оқып-үйрену ана тіліміздің байлығын, дұрыс
сөйлеу заңын жетік білуімізге, ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |