№ 11 Мәтінді көшіріп жаз. Етістіктерді тауып , олар келер шақтың қай түрінде тұрғанын ажырат.
- Бұл ауылнайдың әдеті емес пе, бізге келсе әкіреңдей келетін. Құдай қорлағырлар , қорлауын қоймайды, басынуын қоймайды. « Кедей аз атаның баласы , бұлардың қолынан не келеді деп басынады »,-деп, Күріш бірсыпыра шаптықты.
Сүйткенше болмай , сүріне – қабына милицияның бірі үйге кірді.
Мәтінді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Етістіктерді тауып, мақсатты келер шақты анықта , қалай жасалып тұрғанын түсіндір.
Қоныстануға өзіміздің ескі там бар ғой. Биыл осы бала үшін соны қыстамақпын. Мал іші береке, тамағы тоқ. Бірақ қайтемін, мұны тастап қайда барамын? Аштан өліп жатқан кісі жоқ қой. Күнкөрістің бір реті болар.
Дұрыс. Жол жүріп келген екенсіздер. Онда бүгін барып демалсын, ертең осы балалармен бірге мектепке келсін. Өзіңіз орталықта болады екенсіз, жай- күйін біліп тұрарсыз.
№13
Мәтінді оқып, мазмұнын айт. Әңгіме мазмұнының желісімен « Ана мейірімі « деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Мақсатты келер шақ етістіктерді тауып, жікте. Жантас көршінің үйіне қарай шығатын әлгі бір жалғыз аяқ жолды да бітеп тастамақшы еді, ойланып біраз тұрды да, оған қолы батпады. Кішкентай үш баласы үйректің балапанындай тізіліп сол жолмен Мейрамбүбі апаның үйіне баратыны есіне түсті.
Кемпір кішкентай балақандарды жаны қалмай жақсы көрер еді. Өзіне әлі немере біте қоймағаннан ба , әйтеуір , әлгі Жаппастың қара домалақ балаларының асты- үстіне түсіп бәйек болып жататын. Шығарға жаны басқа , өз туғанынан кем көрмек емес еді.
№ 14
Сабақты және салт етістіктерді анықтап , салт етістікті түзу сызықпен, сабақты етістікті ирек сызықпен сызып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Адам туа білмейді, жүре біледі. Оқы да біл, ойна да күл, бірақ жұмысты ұмытпа. Қаңбақтың ұшарын жел біледі, қонарын сай біледі. Малды бақсаң, қой бақ, май кетпейді шарадан. Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды. Еңбек ерді танытады, ер елді танытады. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.