1. Тұлға туралы жалпы түсінік. Қозғаушы күштер, тұлғаның даму жағдайлары



Дата13.03.2023
өлшемі8,21 Kb.
#73751
Байланысты:
Сро 5 апта психология


1 / 2

Alikhan Bokeikhan University


Тақырып:№3 Тұлғаның бағыттылығы құрылымындағы түрткі (мотив) және мотивация

Орындаған: Сұлтанов Серікжан


2 / 2
1.Тұлға туралы жалпы түсінік. Қозғаушы күштер, тұлғаның даму жағдайлары.
Тұлға термині бірнеше түрлі мағынаға ие. Оны зерттеумен психологияның түрлі аспектілерін құрайтын ерекше бөлім айналысады, ол – персонология (ағылшын тілі, “personaliti”, латын тілі “persona” – жеке тұлға, даралық ұғымдарын білдіреді.. Персонология (жеке тұлға психологиясы.– адамның даралық ерекшеліктерін түрлі зерттеу тәсілдері арқылы түсіндіруге тырысатын пән болып табылады.
Психологияның ғылым саасы ретінде пайда болуының түпкі себебі – адамзаттың өз тұлғасына деген ерекше қызығушылық, танып білуге деген сұраныс. Бүгінгі жеке тұлға психологиясының негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұстау ерекшелігін ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Сондықтан жеке тұлға психологиясының тарихында көптеген концепциялар жасақталынған, бірақ әрине олардың ішінде эмпирикалық тексеруге жарамды нақты және неғұрлым қарапайым тұжырымдамалар ғана жұмыс істеуге жарамды.
Адам баласын біз қашан жеке тұлға деп айта аламыз. Адам баласы табиғаттың ерекше кемелденіп жетілген өнімі. Ол – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандайда бір іспен шұғылданады, оның өз тәжірибесі , білімі, түйген ойы мен көзқарасы, өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ендеше, жеке тұлға — түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін анықтайтын қасиеттер жиынтығының иегері болып табылады. Яғни бұл өте күрделі компоненттер жиынтығы. Сондықтан бұлар адамның жекелігін, басқаларды қайталамайтындығын дәлелдейді.
Жеке тұлға – дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсете алатын, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. (С.Бап-баба..
Адам мәселесіне келгенде психологияда келесі ұғымдар қатар жүреді: “адам”, “жеке тұлға”, “индивид”, “даралық”. “Адам” ұғымына адамдарға тән барлық қасиеттер жиынтығы жатады, ал “индивид” – биологиялық организм, тұлғалық қасиеттермен қоса тек қана оған ғана тән психологиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады. Яғни, “индивид” ұғымына адамды екінші адамнан бөліп тұратын қасиеттер мен оған және басқаларға да қасиеттер кіреді. (бөлек етеді.. “Даралық” ұғымы тек бір ғана адамға тән индивидтік және тұлғалық қасиеттерді меңзейді. (бір адамды екінші адамнан ерекшелендіреді.. “Даралық” – басқа ұқсамайтын рухани және физикалық қасиеттермен сипатталады: түрлі тәжірибе, білім, көзқарас, ал мотивация, темперамент, қабілет, мінез – даралалықтың негізгі параметрлері.
Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет