Жас ерекшіліктеріне байланысты кезеңге бөлу Негізгі бөлім



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі26,25 Kb.
#68761
  1   2
Байланысты:
Physiology №2 СӨЖ


Жоспары:
Кіріспе
Жас ерекшіліктеріне байланысты кезеңге бөлу
Негізгі бөлім
1.Жастық кезеңдер реті
2.Эльконинның концепциясы
3.Лев Семенович Выготскийдің кезеңдерге бөлуі
4. Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Жас ерекшіліктеріне байланысты кезеңге бөлу — адамның жасына сәйкес даму заңдылықтарына байланысты өмірін кезеңдерге бөлу. Адамның жас кезеңдерінің мазмұны белгілі физикалық, психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдермен белгіленеді. Бұлар арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Мәселен, жас мөлшерінің деңгейі, басында әрекет, ойын, оқу, еңбек т.б. түріне байланысты келесі теориялар бар.



Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді: 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады.
Жастық кезеңдер реті
Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар: Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршигода, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге бөлістірудің бірнеше ондаған сұлбасын ұсынған. Солардың ішінде педагогтардың көпшілігінің қолдауын тапқан бір сұлбаға назар аударайық.Кезеңге бөлістіру жас ерекшеліктеріне негізделеді. Жастық ерекшеліктер – деп нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. Жастық ерекшеліктер мәні адамның тән дене дамуынан айқын көрінеді. Бойдың өсуі, салмақ қосылуы, алғашқы тістердің пайда болуы, кейін олардың түсіп, ауысуы, жыныстық жетілу және басқада биологиялық үдерістер елеусіз ауытқуларымен әртүрлі жас кезеңдерінде жүріп жатады. Адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, психикалық аймақтағы өзгерістерде белгілі жас кезеңдеріне сәйкес келеді. Биологиялық өзгерістер сияқты қатаң белгілі бір жас кезеңіне сәйкес болмаса да,әлеуметтік пісіп – жетілу көрніс береді, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезегімен орындалып жатады. Осылардың бәрі адам дамуы мен оның жастық кезеңдерін белгілі сатыларға бөлуде табиғи негіз қызыметін атқарады.Дамудың толық кезеңдестігі адамның бүкіл өмірін белгілі дәуірлерімен қоса қамтиды. Ал шамалап сатыларға бөлу нақты ғылым саласын қызықтырған өмірдің бір бөлігін өз ішіне алады. Бастауыш мектеп педагогикасын баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы өмір және даму кезеңдері қызықтырады. Бұл баланың туылғанынан он,он бір жасқа дейінгі өмір аралығы. Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогиклық жас кезеңдері мен бірдей сәйкес бола бермейді, себебі психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала тәрбиесі оның дүниеге келген мезетінен басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет