1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет113/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   135
Хикаялық дастан 

 

                                                



1

  Бҿжеев  М.,  Ахметов  З.  Қазақ  ҽдебиетінің  шығыс  ҽдебиетімен  байланысы  //  Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы. 

Алматы, 1961. 2-т., 1-кітап. 539-б. 



 

521 


Дастандық  эпостың  қомақты  бір  бҿлшегі  –  хикаялық  (новеллалық) 

дастандар. Олар мазмҧны мен сюжеті жағынан дастанның басқа тҥрлерінен 

біршама  оқшауланып  тҧрады.  Хикаялық  дастандардың  сюжеттік  негізін, 

кҿбінесе,  ҽдеттегіден  тыс  жағдайлар,  таңғажайып  істер,  бҧрын  естілмеген, 

қоғам қабылдаған ҽдет-ғҧрыпқа, ережелер мен тҽртіпке сай келмейтін, оларға 

кереғар, қалыптасқан ҿмір нормаларынан ауытқыған, яғни ҿмірде болған кез 

келген  кездейсоқ,  новеллистикалық  мҽні  мен  сипаты  бар,  ҽсіресе,  кҥлкілі 

немесе адам нанғысыз таңғаларлық, шытырман, шым-шытырық оқиға, басқа 

сҿзбен айтқанда, хикая қҧрайды. Басқаша айтқанда, оқиға ҽрленіп, сюжеттің 

ҿзегі  мен  ҿмірлік  материал  бір  оқиға  маңына  жинақталады.  Хикаялық 

сипаттағы  шығармаларға  кҥрделі  шиеленіс  тҽн  жҽне  ол  анық  та,  айқын 

композициямен  ҿріледі.  Сюжеттің  логикалық  шешімі  қимыл-ҽрекеттің 

кҥтпеген, ойламаған жағдайда бітуімен ерекшеленеді. 

Сонымен,  жеке  адамдардың  басынан  ҿтіп,  бҥкіл  ел,  қоғам  ҥшін 

айтарлықтай маңызы жоқ болғанымен, нақты ҿмірдің ҿзінен алынған немесе 

болуы  мҥмкін  деп  саналатын  сан  алуан  қҧбылыстар  мен  тҥрлі  таңғаларлық 

оқиға,  жағдай,  фактілер  бір-біріне  ҧқсамайтын  туындыларға  негіз  болып, 

оларды бір жанрдың аясында жинақтап, біріктіреді.  

Бҧл  тҧжырымдарға  бірнеше  дастандардың  мҽтінін  талдау  арқылы  кҿз 

жеткізуге  болады.  Мысалы,  бас  кейіпкер  белгісіз  сҧлуға  ғашық  болатын 

классикалық  сюжетке  қҧрылған  «Сыршы  молда»  дастанын  алайық:  тоты 

қҧстың  мекиені  балапандарын  қорғап,  қаза  табады.  Осы  кҿріністі  сырттай 

немқҧрайлықпен бақылап тҧрған тоты қҧстың ҽтешін кҿрген ханша ешқашан 

кҥйеуге  шықпауға  бекінеді.  Міне,  осыдан  былай  сюжеттің  дамуы  осы 

іспеттес сюжеттердің дҽстҥрлі канондық даму жолдарынан ауытқи бастайды. 

Жігіт қалай да қызға ҥйлену керек. Бірақ эпикалық жолмен емес. Ендеше ол 

басқа  жол  тауып,  қызды  райынан  қайтаруы  тиіс.  Балапандармен  болған 

кҿрініс  жай  мотив  қана  емес,  мотив-жҧмбақ,  оның  жауап-шешімін  табу 

қажет. 


Қызды  бекінген    шешімінен  қайтаратын  айланы  уҽзір  табады.  Ол 

қыздың  тҽсілін  ҿзіне  қолданады.  Сыршымын  деп  танысқан  уҽзір  сарайды 

безендірген  кезде  қыздың  кҿрген  оқиғасын  сурет  етіп  салады.  Тек 

айырмашылығы  –  лақтарын  қорғап,  еліктің  еркегі  ҿледі.  Осы  суретті  кҿріп, 

аң-таң  болған  қызға  енді  еш  уақытта  ҥйленбеуге  ант  еткен  ханзада  туралы 

аңызды айтып береді. Содан қыз жігітке сырттай ғашық болып, алға қойған 

мақсат орындалады. Демек дастанда бас кейіпкер қыздың кҿңіл-кҥйін, ойын 

жақсы тҥсіне білген  уҽзірдің  тапқырлығы арқасында арманына жетеді. Яғни 

бҧл  дастанда  эпосқа  тҽн  рулық  қоғамның  заңы,  ҽдет-ғҧрпы  емес,  дара 

адамның тҽжірибесі, байқағыштығы дҽріптеледі. 

Хикаялық  дастанның  классикалық  ҥлгісін  «Ғаяр  қатын»  мҽтінінен 

кҿруге болады. Бҧл жерде сҧлу ҽйелдің қулығын суреттеу қазақ эпосына тҽн 

емес  екенін  ескерте  кету  керек.  Рас,  «Қҧламерген-Жоямерген»  эпосында 

кҥйеуін,  баласын  тастап  кеткен  сатқын  ҽйел  бейнесі  суреттелген.  Бірақ, 

біріншіден,  ол  мҧнда  басты  тақырып  емес.  Екіншіден,  Қаншайым  мыстан 

кемпірдің  алдауына  тҥседі.  Ал,  «Ғаяр  қатын»  дастанында  мҧндай  «сатқын 




 

522 


ҽйел» мотиві кҿрінбейді. Мҧнда, керісінше, ҽйелдің кҥйеуіне деген адалдығы 

кҿрсетіледі.  Ол  ҽртҥрлі  айла,  іс-ҽрекеттерін  кҥйеуін  жақсы  кҿргендіктен, 

соған  кҿмектесу  ниетімен  жасайды.  Дастанның  фабуласы  мынандай: 

байлықтан жҧрдай болған кҥйеуіне кҿмектесу ҥшін оның сҧлу ҽйелі базарға 

барып,  теңге  ҥшін  бетін  ашып  кҿрсетеді.  Кейін,  тіпті,  ақша  табу  ҥшін 

қаланың  сыйлы  адамдары  –  дҥкенші,  қасапшы,  қазыны  ҥйіне  ғейіш-ғишрат 

жасау ҥшін шақырады. 

Бірақ ҽр кезде қонақтар ҥшін ретсіз, ал «қиянатшыл» ҽйелдің жоспарына 

сҽйкес  ертеректе  жҽне  мҥлдем  тастап  кетті-міс  деген  кҥйеуі  келіп  қалады. 

Солай  ҥш  рет  қайталанады.  Ҽйел  қонақтарды  ылғи  ыңғайсыз  жерлерге 

жасырады. Мысалы, біреуін ҥстіне жабу жауып, тҿрт аяқтатып, бҧзау тҥрінде 

кҿрсетеді,  т.б.  Ақырында,  шығынға  батып  алданғандар  сҧлу  ҽйел  мен  оның 

кҥйеуінен  ҿш  алуға  кіріседі…  Бірақ  айлалы  ҽйел  мен  кҥйеуі  арсыз  ашық 

ауыздардан  ҽр  уақыт  ептірек,  тапқыр  болып  шығып  отырады.  Олар 

қасапшының мҧрнын, дҥкеншінің қҧлағын пышақпен отап алады, ал, қазыны 

ебін тауып, сҥндеттейді. Ҥшеуі «Қызыл ала қан болып, «менен, сенен болды» 

деп,  бірін-бірі  ҧрады,  тҿбелесіп  екеуі,  сабаласып  ҥшеуі,  бірін-бірі  қуады». 

Ханның  алдына  барады.  Дҽлел  хан  ҽрбіреуінен  жеке-жеке  жауап  алып, 

болған  оқиғаның  ақиқат-шынын  табады,  асқынған  іс  екенін  тҥсініп,  бесеуін 

де  –  Базарқан  мен  оның  ҽйелін,  қазы,  қасапшы,  дҥкеншіні  –  ҿлім  жазасына 

кеседі. 

  Бҧл  шығармаға  арқау  болған  сюжет  ҿте  кҿне.  Кҿрнекті  шығыстанушы 

С.Ф.Ольденбург  кҿрсеткендей,  оның  ең  кҿне  нҧсқасы  –  ғылымда 

«Бхархутская ступа» деген атпен белгілі болған ескерткіште шамамен біздің 

дҽуірімізден  бҧрын  бірінші  мыңжылдықтың  екінші  жартысында  тасқа 

қашалған  кҿрініс

1

.  Одан  кейін  осы  мазмҧндас  ҽңгіме  кҿне  ҥнділердің 



джатака

2

 жинақтарында кездеседі.  



  С.Ф.Ольденбург  кҿне  сюжеттің  оннан  астам  версиясын  жинақтап, 

тыңғылықты  талдау  жасап,  алдамшы  ҽйелдің  типін  анықтайды.  Ғалым 

зерттеген нҧсқалар мыналар: ҥш кҿне ҥнділік, бір кҿне араб, екі кітаби араб, 

бір кітаби парсы, бір кітаби тҥрік, ел аузынан жазылып алынған ҥш ҥнді, бір 

ауған, бір жаңа арамейлік, т.б. 

Аталған  нҧсқаларда  ҽйел  кейіпкер  ҽрекетінің  мотивировкасы  ҽртҥрлі 

болып келеді: а) кҥйеуінің сапарға кетерде біреуге сақтауға немесе жҧмсауға 

берілген  ақшасын  қайтару;  ҽ)  ҽйелдің  ҿз  арын  қорғау  ҥшін  ҽрекеті;  б) 

кҥйеуінің намысын қорғау ҥшін ҽрекеті; в) ақшақҧмарлық, дҥниеқорлық. 

  Олардың  басым  кҿпшілігінде  ҽйел-кейіпкер  ҽртҥрлі  айлаға  кҥйеуі 

тастап кеткен ақшаны қайтару ҥшін, я ҿзінің арын қорғау ҥшін барады. Кейде 

ҽйел  билік  басындағыларға  (ханға,  патшаға)  мҧңын шағып,  қылмыскерлерді 

жазалауды  ҿтінеді.  Ал,  енді  бір  жағдайда  ешкімге  шағым  жасамай-ақ, 

                                                

1

 Ольденбург С.Ф. Фаблио восточного происхождения. ІІІ // Журнал Министерства Народного просвещения. 



Новая серия. Часть ІХ. 1907. № 5. С. 49. 

2

  Джатака  –  Будданың  ҿмірін,  оның  іс-ҽрекеттерін,  қайта  дҥниеге  оралу  тарихтарын  баяындайтын  ҽңгіме. 



Джатака жинақтары б.д.д. 483, 383, 250 жылдары қҧрастырылған. Бірақ та бізге олардың «Типитака» атты 

палилік нҧсқасы ғана жеткен, ол нҧсқа б.д.д. І-ғасырда қағазға тҥскен, қҧрамында – 547 ҽңгіме (джатака). 

 



 

523 


жҽбірлеушілерді  кҥйеуімен  екеуі  жазалайды.  Ҥйіне  келіп,  мазасын  алған 

арсыздарды ҽйел ыңғайсыз жерлерде, қорада, ҥлкен бір тҧрмыстық зат ішінде 

жасырады,  немесе  шҿп  қораға  қамап,  ері  келгенде  жем-шҿп  жеуге 

мҽжбҥрлейді,  я  болмаса  ҽкесі  жоқта  туған  бала  ретінде  кҿрсетіп,  бесікке 

бҿлейді. Демек, жҽбірлеушілердің ҿздері жҽбірленушіге айналады.  

  Бҧл  шығармалардың  бас  кейіпкері  –  ҽйел.  Ол  ақылды,  ҽдемі, 

қайырымды,  епті,  ҽңгімешіл-шешен  деп  сипатталады.  Мысалы,  сюжеттің 

тҥпнҧсқасы  саналатын  джатака  жинағының  палилік  версиясында  патша 

кеңесшілері Махосадхи  ҽйелін  «оның  ҿзінен  де  ақылдырақ»  деп  бағалағаны 

белгілі. 

Шығыстық  новеллалардың  тҥйініне  келсек,  ҽйел-кейіпкер  ҥшін  соңы 

жақсылықпен  бітеді.  Кҿптеген  шығармалар  ҽңгімелеушінің  ой-тҥйінімен 

аяқталады.  Мысалы:  «Міне,  ҽйел  қулығы  деген»,  «Міне,  ол  қандай  керемет, 

қажеттісін  алу  ҥшін  ол  осылай  істеді»,  т.б.  Кейбір  ҽңгімелерде  қиын 

тапсырмаларды  беретін  кҥйеулерінің  ҿзі  ҽйелінің  айлалы  ҽрі  дана  екендігін 

мойындайды.   Демек шығыс ҽңгімелерінде ҽйел жазаға ҧшырамайды. Онда 

ҽйел  жеңісінің  салтанат  қҧруымен  аяқталып,  оның  тапқырлығы,  ептілігі, 

ақылдылығы дҽріптеледі. Бҧл новелла логикасы ҥшін заңды һҽм нанымды.  

Ал,  қазақ  дастанында  зҧлымдық  қашанда  жеңілуі  тиіс  дейтін  эпикалық 

ойлаудың  басымдылығын  байқаймыз.  Сонымен  бірге  дастанды  шығарушы, 

айтушы  жҽне  таратушылар  танымынан  патриархалдық  сананың  ҽсерін 

аңғарамыз.  Ол  –  ҽйелі  мен  кҥйеуі  ҿздерінің  аярлық  ҽрекеттері  арқылы 

адамшылықтың шекарасынан аттап ҿтті, сондықтан да жазалануы тиіс дейтін 

тҧжырымдар.  Сонымен  бірге  мҧнда  кейіпкердің  бҥкіл  іс-ҽрекеті 

баяндалуымен  бірге  сол  іс-ҽрекеттің  қозғаушы  кҥші  (мотивировкасы), 

табиғаты  терең  ашылады.    Осы  арқылы  адамдықтан  азғындаудың  себеп-

салдары анықталады. Мысалы, ҽйел бастапқыда кедейленген кҥйеуін қҧтқару 

ҥшін кҿп алдында бетін ашатын ҧятты іске барады, жеткілікті дҽрежеде мол 

ақша жинап алады. Бірақ ҽйел мҧнымен тоқтай алмайды. Адалдыққа кереғар 

алғашқы  ҽрекет  ҽрі  қарайғы  зҧлымдық  істердің  негізі  болады  да,  ҽйел  оны 

тҧрақты  кҽсіпке  айналдырғысы  келеді.  Бҧл  –  дастанда  ҽйелдің  кҥйеуіне 

айтатын  «Кҿркімді  кҿптен  бері  пайдалансаң,  себебім  тимес  пе  еді  талай 

малға»  деген  сҿздерінен  байқалады.  Демек,  кейіпкер  образы  даму  ҥстінде 

кҿрсетіледі  де,  сонысымен  ҿзге  шығыс  ҽңгімелері  кейіпкерлерінен 

ҿзгешеленеді. 

Жоғарыда  айтылғандардан  тыс  қазақ  дастанына  мынадай  белгілер  тҽн. 

Ол  шағын  проза  ҥлгісіндегі  шығыстық  новеллалармен  салыстырғанда 

кҿлемді  жҽне  ҿлең  тҥрінде  хикаялық  дастан  ҥлгісінде  жырланған.  Оған 

эпостың  атрибуты  –  перзентсіздік  мотиві  қосылады.  Сондай-ақ  ақша  ҥшін 

бетін ашып кҿрсету оқиғасының мҧнда ҿз шешімі бар. Ол шығыста тек қана 

қызықтыру  мақсатында  алынса,  қазақ  дастанының  кейіпкері  екі  тҥрлі 

мақсатты кҿздейді: а) қызықтыру, ҽ) ақша табу. Демек, «Ғаяр қатын» дастаны 

кең  таралған,  ҿте  кҿне  шығыс  сюжетіне  қҧрылғанымен,  ҿзіндік  ҧлттық 

ерекшелігімен  сипатталады.  Сонымен  бірге  кҿне  сюжет  ҿзінің  кең  таралу 

барысында  жаңа  деталь,  тың  эпизодтармен  байып,  кейіпкерлер  қҧрамы  мен 



 

524 


олардың  іс-ҽрекеттерінің  мотивировкасы  ҿзгергенімен,  сюжет  негізі 

ҿзгеріссіз қалған. 

  Назар  аударатын  жағдай,  «Ғаяр  қатын»  дастанының  айтушысы 

баяндалып отырған хикаяны Тҥркістан қаласында нақты ҿткен, болған оқиға 

ретінде  тҥсіндіреді.  Ол  заңды  да  жҽне    жиі  кездесетін  жағдай.  Себебі  ҽр 

халық кірме сюжетті ҿзінікі деп ҧғады. Екіншіден, осындай оқиға, ҽр жерде, 

ҽр елде болуы мҥмкін. Ҥшіншіден, біздің дҽуірімізден бҧрын тасқа қашалып, 

қағазға  тҥскен,  кейін  кең  тараған  бҧл  сюжет  ҽуелі  фольклорлық  туынды 

ретінде шығыс халықтары арасында белгілі болуы да мҥмкін. Сонымен бірге 

ғалымдардың  пікірінше,  джатака  жинақтарына  кірген  ҽңгімелердің  біразы 

буддалық монахтардың жеке шығармашылығының жемісі болуы ғажап емес. 

Мазмҧны мен фабуласы бір-біріне ҧқсамайтын бҧл халық туындыларын 

жақындастырып  тҧрған  –  хикаялық  сюжеттер.  Екі  шығармаға  да  арқау 

болған – қарапайым, бірақ ҽдеттегіден тыс таңғажайып, шытырман оқиғалар. 

Новелла  ҽдеби  жанр  ретінде  қайта  ҿрлеу  дҽуірінде  Италияда,  кейінірек 

Англия,  Франция  жҽне  Испанияда  пайда  болғаны  белгілі.  Сондай-ақ  

«новелла»  ҧғымы  келе-келе  тек  ҽдебиет  саласында  ғана  емес, фольклортану 

ғылымында,  Батыспен  қатар  Шығыс  ҽдебиеті  мен  фольклорының  жҽне  осы 

ҧғымнан  кҿп  бҧрын  пайда  болған  қҧбылыстарды  белгілеуге  жҧмсала 

бастағаны да мҽлім. 

Қазір «новелла» терминімен бірге «хикаялық сюжет» (новеллистикалық 

сюжет)  термині  ҿте  жиі  жҽне  кең  мағынада  қолданылады.  Себебі,  хикаялық 

сюжет  деген  ҧғым  барлық  дерлік  халықтардың  фольклоры  мен  ҽдебиетінде 

кҿне  замандарда  пайда  болып,  бҥгінгі  кҥнге  дейін  кҿркемдік  дамудың 

фольклорлық,  кітаби  жҽне  ҽдеби  формаларында  ҽрі  қарай  дамып,  сақталып 

жеткен қҧбылыстарды қамтиды. 

Хикаялық  сюжеттердің  генезисіне  келсек,  олар  кҿбінесе,  «трикстер», 

«трюкач»  сияқты  мифтік  тҧлғалармен  байланысты.  Мифтік  кейіпкерлер 

туралы  кҿптеген  анекдоттар  мифтерді  пародиялық  тҧрғыдан  тҥсіндіру, 

шамандыққа  қарсылық  кҿрсету,  я  ғҧрыптарды  карикатура  тҧрғысынан 

суреттеумен  танылады.  Бҧл  –  халықтық  демократиялық сатираның бастауы, 

адам  мінезін  қатал  тезге  (регламентация)  салатын  тҽртіпке,  алғашқы 

қауымдық қоғамда қалыптасқан шамандар кастасына қарсылық нышандары. 

Белгілі  бір  уақытқа  дейін  «трикстер»  туралы  ҽзіл  ҽңгімелер  ел 

аузындағы  ойлы  ҽңгімелермен  (аңыздармен)  қатар  ҿмір  сҥріп,  тҥрлі  діни 

ҧғым-тҥсініктердің  белгісін  бойына  жинақтады.  Мҧндай  жағдайлардың 

кҿрінуі  жасампаз  қаһарман  мен  алдамшы  (плут)  образының  бір  тҧлғада 

бірігуінен мҥмкін болды. Жасампаз қаһарман мен алдамшының қызметі ҽлем 

қҧрылымы  реттелгенге  дейінгі,  яғни  «табу»  жҥйесі  қалыптасқанға  дейінгі 

уақытқа  жатады.  Уақыт  ҿте  келе,  осы  халық  демократиялық    сатирасының 

нышандары  ҽрі  қарай  дамыды,  кҥрделенді,  қайта  жаңғырды,  сапалық 

жағынан ҿзге де мазмҧндармен толықты. 

Қазақ хикаялық дастандарының  шығыстық һҽм жергілікті, тҿл сюжетке 

негізделгендері  де  ҧлттық  эпикалық  дҽстҥрдің  арнасында  дамыды. 

Сондықтан бір оқиға, факт, хикаяға қҧрылған хикаялық (новеллалық) сюжет 



 

525 


кҿптеген  жағдайда  эпикалық  сипатқа  ие  болды.  Мҧны  біраз  хикаялық 

дастандарда пролог пен  эпикалық тҥйіннің қосылып, сюжет баюынан кҿруге 

болады. Сонымен бірге кейбір шығармада бірнеше хикаялық сюжеттің қатар 

дамуы,  кейбіреулерінде  батырлық  немесе  романдық  эпостарға  тҽн 

баяндаудың  орын  алуы  мҥмкін.  Кҿп  жағдайда  хикаялық  шығармалардың 

негізін ертегілер қҧрайды. 

Шығыста хикаялық сюжеттер прозалық ҥлгіде (ҽңгіме, повесть,  хикаят) 

болып келеді. Ал, қазақ дастанының ҿлеңдік формадағы сипаты осы жанрдың 

басты  белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Демек  шығыстық  хикаялық 

сюжеттердің негізінде қазақ халқында бҿлек болмысты сҿз ҿнерінің ҥлгілері 

туындаған. 

Хикаялық  шығармалардың  басты  кейіпкерлері  –  ақсҥйек  ҿкілдерімен 

қатар  қарапайым  адамдар  –  саудагер,  кҿпес,  олардың  балалары,  кедей, 

наубайшы, діндарлар жҽне т.б. болуы мҥмкін.  Дастан кейіпкерлері бір-біріне 

ҧқсамайды. Олардың алдарына қойған мҥддесі, мақсаты, армандары ҽртҥрлі. 

Бірақ  қалай  болса  да,  ақырында,  ҽділдік,  адамгершілік,  зеректік,  адалдық, 

тапқырлық жеңеді. 

Қазақтың  хикаялық  дастандары  басқа  халықтардікі  тҽрізді  қайғылы, 

трагедиялы,  ғибраттық,  кҿңілді,  оптимистік,  т.б.  рухта  болады.  Сондай-ақ 

мҧнда баяндауға ҿткірлік пен ерекше ҽсер беретін кҥлдіргі, кҥлкілі кҿріністер 

де жиі кездеседі. 

Жоғарыда  кҿрсетілгендей,  хикаялық шығармалардың  тақырыптары  мен 

сюжеттері  сан  алуан.  Сонда  да  оларды  жиі  кездесетін  тақырыптарына  сай 

шартты  тҥрде  тҿмендегіше  жіктеуге  болады:  ҽйелдің  айлакерлігі  туралы 

(«Ғаяр  қатын»),  ҽйелдердің  даналығы  мен  адалдығы  туралы  («Марғҧба»), 

достық  пен  даналық  туралы  («Сыршы  молда»),  дін  ҿкілдерін  сынайтын 

(«Болат-Жанат»),  алдауыштар  мен  аярлар  туралы  («Ҥш  аяр»),  тарихи 

кейіпкерлердің  кеңдігін,  зейінділігін,  жомарттығын,  қайырымдылығын,  т.б. 

тҧлғалық қасиеттерін суреттейтін («Ҽбуғалисина»,  «Шаһмаран»,  «Хатымтай 

Жомарт») дастандар, т.б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет