1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет110/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135
«Досан  батыр»  жыры  –  Маңғыстау  ҿлкесі  қазақтарының  1870-1873 

жылдардағы Ресей патшалығының отаршылдығына қарсы ҧлт-азаттық  кҿте-

рілісі  туралы  эпикалық  туынды.  Бҧл  шығарманың  мазмҧны  толық  жҽне 

кҿркемдігі жоғары нҧсқасын жырлаған – атақты ақын Сҽттіғҧл Жанғабылов.  

Жырдың  негізгі  оқиғалары  Досан  мен  Исаның  ақ  патшаның  қазақ 

халқына  жазған:  «Кҿнсін»,–  деген  қатынас  хатын  айырып  тастауынан 

басталады.  Патша  Баймҽмбет  биді  шақыртып  алып,  ҿзіне  кҿнуді,  салық 

беруді талап етеді, егер бҧйрығы орындалмаса, ықтиярсыз алуға ҿзінің кҥші 

жететінін  ескертеді.  Бҧл  хабарды  естіп,  Хиуаға  қарай  босуды  ойластыра 

бастаған  халықты  тоқтату  ҥшін  ояз  бастығы  полковник  Рукен  сексен 

солдаттан қҧралған ҽскерін бастап шығады. Қырық жігітке бас болып, інісі – 

Шабайды қасына ерткен Досан батыр оларға қарсы шығады. 

 Досанның жолдастары  жаудың қарасынан қауіп етіп, кейін шегінгенде, 

бас  қаһарманның  жалғыз  ҿзі  бораған  оқтың  ішімен  ҿтіп  барып,  Рукенді  де, 

оның ҽскерін де тҥгелімен ҿлтіреді.  



 

495 


Бҧл оқиғадан ҥрейленіп,  сасқан халық Хорезмге жол тартады. Кҿтеріліс 

бастаған батырлар да Маңғыстауда баяндап жҥре алмай, елмен бірге кетеді. 

Бҧл хабарды естіген падиша солдатын қойдай шҧбыртқан генерал Ломакинді 

жібереді.    Оның:  «Қырамын  шетіңнен!»–  деген  хабарынан  қорыққан  халық 

оған  бағынады.  Ломакин қашқан  елдің  соңына  тҥсіп,  он  бес  кҥн  жол  жҥріп, 

Хорезм  ҿлкесіндегі  Айладырдың  Ақдариясына  барып,  тынығып  жатқанда, 

Иса, Досан бастаған алпыс кісі аламан оларды таң атқан кезде қамап алады. 

Бір ҿзінің қайратын мың кісіге балаған Тҽжінің ҧлы Досан иіріліп жатқан жау 

ҽскерінің  арасын  жарып  ҿтіп,  тҿрт  солдатты  ҿлтіріп,  он  солдатты  тҧра 

алмастай етіп жаралайды. Ломакиннің отряды содан соң беркініп, топ қҧрып, 

барабан  қағады.  Сонда  Досан  ҿзінің  серіктеріне:  «Жерім  жоқ  енді  тиетін»,–

деп, қалың қамысы, жалғыз аяқ қана  жолы бар Лаузан деген тоғайға барып, 

жауды  сол  жерде  кҥту  жҿнінде  ҧсыныс  жасағанда,  жолдастары  оны 

мақҧлдайды. 

Лаузанға  бет  тҥзеген  батырлардың  қарқыны  ҽсірелей  суреттеледі. 

Батырлардың классикалық қаһармандық эпостағы  тҧлпарларға ҧқсас аттары 

ҧзын жолды қысқартады, сондықтан батырлар «екі кҥндік жерлерді сол кҥні 

сҽске  тҥсте  алды».  Екінші  кҥні  бесінде  Ломакиннің  жеті  жҥз  адамнан 

қҧралған  ҽскері  қамысқа  кіргенде  қазақ  жігіттері  қадірлі  бір  чиновнигін 

таңдап алып, шанышады. Соған кҥйініп, долданған Ломакин тоғайды ҿртетіп, 

ҽскерінің  бас-аяғын  жиып,  тобын  жазбай  жҥргізіп,  Хиуаға  аттанады.  Сол 

жолда оларға Досан екі рет тиеді.  

Ломакин  Хиуаны  алған  соң  Хиуаның  ханына:  «Қастасқан  жауым  – 

Досан. Ҿлтірмей, тірі ҧста. Маған ҥлкен дҧшпан»,– деп бҧйрық беріп, ҿзінің 

адамдарын қосып береді. Нҿкерлерін ертіп қаладан шыққан Хиуа ханы адай 

батырларының қарасын кҿргенде, маңына жолай алмай, қашады. 

Досан  алты  жыл  бойы  патша  ҽскерімен  жауласады.  Алайда  Хорезмді 

жау  алып,  жер  тарылып,  патшадан  қорыққан  қолы  тарап,  қасына  еретін 

жолдасы  азайған  оның  кҥш-қуаты  кемиді.  Бір  кҥні  Иса  да  Досанға  бҧл 

жҥрістерінен  пайда  жоқтығын,  ҿйткені  тҿңіректегі  сегіз  арыс  Сейілхан  мен 

Кіші  жҥз  тҥгелімен  патшаға  бағынғанын  айтып,  жолдасына:  «Кҿндірген 

жҧртты ҽкімге, тілімді алсаң, баралық»,– дейді.  

Сонда Досан: «Уайым айтпа маған. Рҧқсат, кетсең, саған. Сҥйегім тҧтам 

қалғанша қайыспаймын, бас ҧрып. Ойлама: «Мені бас иіп падишаға барады», 

– деп жауап береді. 

Досанның  ризашылығын  алған  Иса  елге  келіп,  оязға  ҿз  еркімен  барып, 

істегендерінің барлығын мойнына алып, сҿзінің соңында: «Не қылсаң да, ҿзің 

біл.  Келіп  тҧрмын:  «Кҿндім»,–  деп»,–  дегенде,  ояз  оған  кешірім  жасап, 

Исаны ҿз елінің болысы етіп тағайындап,  Досанды ҧстап беруді тапсырады. 

Ақырында жазымы табылып, Досан да аңдаусызда қолға тҥседі. Ол ҿзіне 

қысым жасап, қоқан-лоққы кҿрсеткен Неверский деген оязға ҿзінің ештеңеге 

ҿкінбейтінін, ҿйткені қайратының ҽлі де мол екенін, алдаумен қолға тҥскенін 

айтады. Содан ҥш ай ҿткеннен кейін батыр тҥрмеде қапамен ҿледі. 

«Досан батыр» жыры – ел қорғау ҥшін айтулы еңбек сіңірген батырлар-

ды ежелгі эпикалық дҽстҥрге сҥйене отырып дҽріптеу мақсатына орай дҥние-



 

496 


ге  келген  туынды.  Оның  кейіпкерлері  болып  табылатын  адамдар  –  тарихи 

тҧлғалар. Олар  туралы нақты деректер  мен жыр мҽтінін  салыстыра отырып, 

ҿмір  шындығын  жыршылардың  біршама  ҿзгерте  суреттегенін  аңғарамыз. 

Бҧндай  қҧбылыстың  орын  алуына  болған  оқиғалардың  халық  жадынан  ҿше 

бастауы  емес,  халық  ауыз  ҽдебиеті  поэтикасы  ҧстанымдары  ҽсер  еткен. 

Ҿйткені  бҧл  туындыда  бейнеленген  жағдайлардың  таяу  кезеңде  болып,  

халық  есінен  шыға  қоятындай  болмағанын  жыршы:  «Сол  оқиға  болған 

уақыты жетпісінші жылдардың шамасы»,– деп ҧқтырған. 

Жалпы  ҽлем  эпосында,  оның  ішінде  қазақ  жырларында  да,  бас  қаһар-

манның іс-ҽрекеттері, мінез-қҧлқы халықтың бірден-бір қамқоршысы ретінде 

мінсіздендіріле  баяндалатыны,  егер  сол  шығармада  оған  серіктес  болған 

кісілер  де  кейіпкер  ретінде  кездессе,  негізгі  кейіпкердің  ерлігі  олардың 

барлығынан  да  асыра  кҿрсетілетіні  –  дағдылы  қҧбылыс.  Сондай  ерекшелік 

Досанның да эпикалық бейнесіне тҽн. 

Тарихи  мағлҧматтар  полковник  Рукиннің  40  адамнан  тҧратын  отряды 

Иса  мен  Досан  басқарған  400  ереуілшімен  қақтығыста  ҿлгенін,  қырғыннан 

бір ғана адам аман қҧтылғанын білдіреді.  

Ал,  жырда  Рукиннің  қолынан  Досанның  жігіттері  екі  есе  аз  екені 

баяндалатынына  жоғарыда  куҽ  болдық.  Жырдың  бҧл  эпизодында 

фольклорлық  дҽстҥрдің  бірнеше  белгісі  байқалады.  Біріншіден,  ел 

жасағының  саны  «қырық»  деп  кҿрсетіліп,  фольклортануда  «эпикалық  сан» 

деп  аталатын    мҿлшерге  сҽйкестендірілген.  Оның  ҥстіне  эпикалық  дҽстҥр 

бойынша жағымды кейіпкер ҽрқашан кҥші басым жауға қарсы  тҧрып, ҥнемі 

жеңіске  жетуге  тиіс  екендігі  белгілі  Екіншіден,  қасындағылар  қорқақтық 

танытқан сҽтте жаудың барлығын бас кейіпкердің жалғыз ҿзі адақтап шығуы 

–  оқырманға  Қобыланды,  Ер  Тарғын,  Қамбар  жҽне  ҿзге  батырлар  туралы 

классикалық  жырлар  арқылы  етене  таныс  даралау  тҽсілі.  Ҥшіншіден, 

батырлар  жырларының  кҿне  нҧсқаларындағы  қаһармандар  тҽрізді  Досан  да 

Рукин  қолының  атқан  оқтарынан,  жҧмсаған  ҿзге  қаруларынан  ешқандай 

зақым кҿрмейді. 

Батырлардың  тҧлпарлары  «қҧс  болмаса  қанатты,  жер  басқан  жан 

шапқанда  ере  алмаған»,  «от  орнындай  тҧяқты»,  «аспандап  ҧшқан  аққудай», 

«кҿрінім  жерді  алты  аттап»,  ҧшқан  қҧстан  да  озған  жҥйріктер  ретінде 

сипатталады.   

Дегенмен,  нақты  тарихи  шындық,  оны  қаншалықты  бҥркемелеуге 

ҧмтылғанымен,  қарастырылып  отырған  шығармада  кҿрінбей  қалмағанын 

Досан  жҽне  оның  жолдастарының  бой  тасалай  ҧрыс  жҥргізуінен,  ақырында 

қашқынның  кҥйін  кешуінен,  соңында  қолға  тҥсіп,  абақтыдағы  азаптаудың 

ҽсерінен қаза табуынан аңғарылады. 

ХІХ  ғасырдың  оқиғалары  туралы  тарихи  жырларда  да  фольклорлық 

дҽстҥрдің  іздері  біршама  сақталған.  Мҽселен,  кейбір  жырларда  тарихи 

қаһарман  ежелгі  батыр  сияқты  ҽсірелене  суреттеледі,  ол  ғажайып  жағдайда 

туады, ерекше болып ержетеді, оның керемет пірі-кҿмекшілері болады, ол бір 

ҿзі  бірнеше  адамды  жайратып  салады,  т.б.  Сонымен  бірге  бҧл  кезеңдегі 

оқиғалар айтарлықтай тарихи фактіге жақын баяндалады, ал қаһармандардың 



 

497 


іс-қимылдарында,  мінез-қҧлықтарындадҽуір  туғызған  жаңалықтар  кҿрініс 

береді.  Бас  кейіпкерлерде  тек  қаһармандық қасиет  қана  емес,  жалпы  адамға 

тҽн, адами сезімдер де байқалады. Мҧның бҽрі  тарихи  жыр жанрының жаңа 

дҽуірге сҽйкес ҿзгеріп, жаңа тҥскенін айғақтайды. Соның ҿзінде ол эпикалық 

жанр  болғандықтан  бҥкіл  фольклорда  кездесетін  тарихи,  ғҧмырлық, 

географиялық  тҧтастанудан  ада  емес.  Рас,  бҧл  қҧбылыс  ХХ  ғасырдағы 

фольклорда соншалықты кҿрінбейді.     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет