1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет122/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Мысал  айтыс.  Айтыс  тҥріндегі  шығармалар,  шын  мҽнінде,  бір  ғана 

ҧғымға  бағынбайды.  Ежелгі  дҽуірде  қыс  пен  жаздың  айтысы  сол  дҽуірдегі  

адамдардың  қиялынан  туған,  айтыстың  тҥрін  жасағысы  келген  ойдан  пайда 

болса,  қыз  алғысы  келген  жігіт  жағының  сҿз  таласына  қҧрылған  қҧдалар 

арасындағы  тҥрлі  жарыстар  (мҽселен,  қыз  қуу,  т.б.)  артықшылық  танытып, 

қызды жеңіп алу мақсатын кҿздеген болу керек.  

Ал  мысал  айтыстардың  жҿні  бҿлек,  ол,  негізі,  бір  ақынның  айтқаны. 

Бірақ авторы белгісіз болғандықтан, фольклорлық айналымға тҥсіп, ел ішінде 

бір 

ситуацияға 



байланысты 

қолданыста 

болған 

сыңайлы. 

Бҧл 

шығармалардың  ҿзін  екі  топқа  бҿлуге  болады.  Бір  топ  –  «Нарманбет  пен 



торы  аттың  айтысы»,  «Қожамқҧл  ақынның  кҿкшолақ  атымен  айтысқаны» 

деген мҽтіндер ақындардың тҿл шығармалары болып есептелуі керек. Екінші 

топ  –  шынайы  фольклорлық  мысал  айтыстар,  олардың  бірінші  топтан 

ерекшелігі  –  ақындар  есімімен  байланыссыз  екендігі  ескерілуі  тиіс.  Оған 

«Шаруа  мен  тарының  айтысы»,  «Тай  мен  жігіт»  атты  мҽтіндер  қосылады. 

                                                

1

 Айтыс. Алматы, 1988. 2-т. 25-б.  



2

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Фольклор. Алматы, 1948. 1-т. 238-б. 




 

573 


«Шаруа мен тарының айтысында»: 

 

Шаруа: 



– Қызталақ, сыйламадың сақалымды, 

Қойып ем қарақшы ғып шапанымды. 

Бҽрі де тары еккеннің қарық болды, 

Ҧрайын дҽнің алып пақылыңды. 

 

Тары: 


– Біте ме тастақ жерге тары деген 

Жабылып жау шымшықтың бҽрі жеген. 

Басыма тары ектім деп бір келмедің, 

Ҧрайын сақалыңды тары жеген. 

 

Салады жҥген қҧрық қашағанға, 



Қыласың неге уайым бас аманда. 

Бҽрі де реніштің естен шығар, 

Тарыны майға қосып асағанда

1

, – 



 

деп, ҿмірдің бір мысалын алға тартқан.  

Ал  «Тай  мен  жігіт»  атты  мысал  айтысына  берілген  тҥсінікте  «бір 

ақынның  жалғыз  тайы  далада  ҥсіп,  ҿліп  қалғанда  айтқаны»  деп  берілген, 

бірақ ақынның есімі сақталмаған ҽрі бҧл шығарманы мысал айтысқа қосудың 

жҿні  таймен  «айтысып»  тҧрған  жігіттің  ҿз-ҿзін  сҿзбен  жығып  беруі,  сҿйтіп, 

ҿзіндік ақылға келуінде. 

Жігіт:  


– Ей, тайым, былшылдама, кҥйретермін, 

Жабуың теріңменен сҥйретермін. 

Сен ҿлсең де, қам жемеймін, 

Ҥйіріңнен бір тай ҽкеп ҥйретермін. 

 

Тай: 


– Ей, аға, осы ҿлімге басың кетер, 

Сыпырса ҧстарамен  шашың кетер, 

Екі сҿзің бірінде ҥйсін дейсің, 

Ҥйсінге малың тҥгіл басың кетер

2

, – 


 

деп, ҿз-ҿзін сынап алады. Мҽтін соңында «тай жеңеді» деп кҿрсетілген.  

Шаруа мен тарының айтысында да байқап отырсақ, тҥйінді сҿз тарының 

атынан  берілген.  Демек,  бҧл  екі  мҽтінде  де  сҿзден  тосылатын  жағдай 

жасалған.  

Фольклорлық    мҧрамызда,  сондай-ақ  тарихи  кезеңдердің  ықпалымен 

                                                

1

  ОҒК  қолжазба  қоры.  700-бума,  4-дҽптер.  Бҧл  мҽтінді  1947  ж.  айтқан  Оңтҥстік  Қазақстан  обл.  тҧрғыны 



Адамбек Нысанбеков, жинаушы – М.Оспанов. 

2

 ОҒК қолжазба қоры. 233-бума, 1-дҽптер. Жинаған М.Тоқсанов. 




 

574 


туған айтыстар да бар. «Бай мен кедей айтысында» байдың «таяқ жеуі» шын 

мҽнінде  орын  алған  жағдай  ма,  ол  белгісіз,  бірақ  шығарманың  осылай 

аяқталуында тарихи оқиғалардың ықпалы болған. 

Бай: 


– Жоныңды тҧрған жерде тілейін бе? 

Теріңді бҿлек-бҿлек ірейін бе? 

Ей, кедей, сенетҧғын кімің бар ед, 

Айта ғой маған енді кҿрейін де, – 

 

деп сҿйлеп, оған кедей: 



 

– Жалмауыз бҧл жалғанның сен жендет, 

Кҿргенде адам сені селк етед. 

Бҧқаның мойынындай шҥйде желкең, 

Талайлар сені алдап, ішке тебед. 

 

Кедейлер сен тҽрізді май жемейді, 



Аш-тоқтық кҿңіліне елемейді. 

Сасық иіс сендей кҿп қып тамақ ішпейді, 

Боқ қарын сен қҧсаған теңселмейді

1

, – 



 

дегенде  бай  ашуланып,  тҧра  ҧмтылады.  Кедей  қолындағы  қолшоқпармен 

ҧрады.  Мҽтін  соңында  байдың  қасындағы  солдаттардың  сҿзі  берілген, 

солайша байдың адам аяғандай кҥйге тҥскені баяндалған. 

Сонымен  фольклорлық  айтыстардың  тууына  ел  ішіндегі  тҥрлі  жағдай 

ҽсер ететіні белгілі болады. Бҧған тағы бір дҽлел – «маңыраманы ҧлыма жеп 

жатыр,  жаныма  мен  сҧламаны  алып  кел»,  –  деп,  қайнағаларының  атын 

атамаудың  ҽдісін  тапқан  келін  туралы  айта  келіп,  атасы  сол  айтқыш 

келінімен айтысып кҿруді  іштей ойлап  жҥреді екен,  – делінген бір  мҽтінде. 

Бірде  қой  сойып,  басты  ҥйітіп  отырғанда  бас  жерге  тҥсіп  кетіп,  атасының 

келінімен айтысуға жағдай туыпты. Сонда атасы: 

 

– Айтамын айт дегеннен делі, келін, 



Кҿреді нем тҽуір сені келін. 

Басымды сыбағалы кҥлге былғап, 

Деп бедің алашқа айтпас сені, келін, – 

 

деп  басталған  айтыста  келін  шалдың  балаларының  бҽрі  таз  екенін  ҽзілмен 



айта отырып: 

 

– Ай, ата, ақыл қандай, айла қандай, 



Кісіге залал қандай, пайда қандай. 

Ҥйіңде ескен желдей қаптаған таз, 

                                                

1

 ОҒК қолжазба қоры. 248-бума, 1-дҽптер. 1934 жылы айтып берген Ҽубҽкір Байсейітов. 




 

575 


Ақылыңа тартпайды майлағандай. 

Кісіге қарап тҧрған тие беріп, 

Атеке-ау, қайным бедің ойнағандай

1

, – 



 

деп жауап беруімен атасы сҿзден тосылған.  

Атасы  мен  келіннің  айтысуы  «ҽзілің  жарасса,  атаңмен  ойна»  дегеннен 

туған бір кісінің шығарғаны болуы да мҥмкін. «Шаруа мен тарының айтысы» 

бір  адамның  айтқанынан  белгілі  болады.  Бҧларға  қарап,  айтыс  жанрына 

қойылатын басты принцип – екі адамның сҿз таласы болмаса да, бір жақтың 

шарттың тҥрде жеңуі мен жеңілуінің кҿрінісі сақталған. 

Қорыта  айтқанда,  жалпы  айтыс  фольклорлық  жҽне  ақындар  айтысы 

болып, ҥлкен екі жікке бҿлінеді. Ал қайымдасу  айтыстың жанрлық бір тҥрі 

деуге  келмейді,  ол  айтыстың  жасалуындағы  бір  жол.  Алғашқыда  бҧл  ҥлгіні 

қыз  бен  жігіт  пайдаланса,  соңғы  кезде  бҧл  бҿліну  қалып  барады.  Яғни  қыз 

бен  жігіт  айтысы  айтыскерлер  ҥшін  жеке  тақырып  болғанымен,  қайымдасу 

ҥлгісі баршаға ортақ. Ҽдет-ғҧрып айтыстары аталып келген шығармалардың 

айтыс  жанрына  тиесілі  емес  екендігі  ғылымның  дамуы  барысында  белгілі 

болды. Ел ішінде туған фольклорлық айтыстар авторының жоқтығы арқылы 

танылады  ҽрі  ҿмірде  кездесетін  тҥрлі  ситуацияларға  байланысты  туындап 

отырғанымен, сол арқылы тақырып ауқымының кеңдігімен ерекшеленеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет