§5. Кӛне эпос
Ежелгі замандарда қалыптасқан жанрдың бірі – кҿне эпос. Кҿне эпосқа
арқау болған фольклордың тҥрлері туралы ҽр алуан пікір бар. Кезінде
В.Я.Пропп орыс былиналарының ілкі дҽуірін мемлекетке дейінгі
227
(догосударственный) эпос деп жҽне онда мифтің ҥлкен орын алатынын атап
кҿрсеткен
1
. Ғалымның бҧл пікірі кейін Б.Н.Путилов, Е.М.Мелетинскийдің
кҿлемді зерттеулерінде жан-жақты дамытылды.
Мҧнымен қатар В. М. Жирмунский қаһармандық жырларға негізгі арқау
болған батырлық ертегі (богатырская сказка) деп қарады. Зерттеуші бҧл ойын
«Алпамыс» жырының тҥркі халықтарындағы версияларын ала отырып,
типологиялық салыстырулар арқылы дҽлелдеді. Алтайдың «Алып-Манаш»
жырындағы ертегілік сарындарды ажырата қарап, оны батырлық ертегі деген
қорытындыға келді. Осы пікірмен Ҽ. Қоңыратбаевтың ой-тҧжырымы да
сабақтас. Ол қазақ эпосының ежелгі дҽуірін қарастыра келіп, эпос басында
ертегі, аңыз, шежіре тҥрінде айтылады да, біртіндеп ертегілік сарыннан
айығып, тарихи-реальдық жырға айналған деген ойға келеді.
Қазақ батырлық жырының арғы тегінде тҧрмыс-салт жырлары –
қоштасу, естірту, жоқтау сияқты ҿлеңнің тҥрлері жатқандығын кезінде М.
Ҽуезов айтқан болатын
2
. Типология жағынан алып қарағанда Солтҥстіктегі
жҽне Қиыр Шығыстағы ҧсақ халықтардың да кҿне эпостарында тҧрмыс-салт
жырларының, оның ішінде арбау-байлау ҿлеңдерінің ерекше рҿл
атқаратындығы анықталып отыр.
Демек осы айтылған пікірлердің қай-қайсысының да жаны бар. Себебі
бҧл, біріншіден, кҿне эпостың региональдық, этностық, жергілікті
ерекшеліктерінен хабар берсе, екіншіден, оның синкреттік табиғатын да
айғақтайды.
Оның ҥстіне мына мҽселеге де айрықша назар аудару қажет. Кҿне
эпостар ішкі тақырыптық, сюжеттік қҧрамы бойынша біркелкі емес. Ҽсіресе,
анығырақ байқалатыны – бір тобында батырлық (ҽрине, бҧл ру, тайпа
шеңберінде, болмаса ҥйлену мотивімен байланысты) желі басым болса, енді
бір тобында аңшылық, мергендік кҿбірек жырланады (мҽселен, қырғыздың
«Қожажаш» эпосы). Алғашқысында ертегілік сарын басым болса,
соңғысында миф пен шежірелік (генеалогиялық) аңыздың рҿлі айқынырақ.
Сондықтан да кҿне эпостарды осы айтқан ерекшеліктеріне қарай жіктеуге
болады. Ол, сҿз жоқ, алдағы уақытта кең типологиялық салыстырудың
нҽтижесінде іске аспақ.
Кҿне эпоста мифтің, ертегінің, аңыз-ҽңгімелердің рҿлі біркелкі емес.
Олар ҽртҥрлі дҽрежеде ҽр халықтың ежелгі жырларында кҿрініс беруі
мҥмкін. Алайда, кҿне эпостардың ең ескі нҧсқаларында мифтің «моделі»
сақталғандығын байқау қиын емес. Мҽселен, эвендердің кҿне эпосында
дҥние – ҽлем мифтегідей ҥш бҿліктен тҧрады: тҿменгі, ортаңғы жҽне
жоғарғы ҽлем (нижний, средний и верхний мир)
3
. Бҧлардың арасындағы
кеңістіктер арқылы адамдар бір-біріне қатыса алады. Ҥш ҽлемде де тіршілік
бар. Тҿменгі жҽне жоғарғы ҽлемнің кҿрінісі ҽртҥрлі наным-сенім, шамандық
тҥсініктермен сабақтас. Мҽселен, жоғарғы ҽлемде ҿзендерде сҥт ағып
жатады, жағалауында алтын тастар шашылып, ҥйлер алтын, кҥмістен
1
Пропп В.Я. Русский героический эпос. 2-е изд., М.-Л., 1958.
2
Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет. Алматы, 1962. 64-б.
3
Лебедева Ж.М. Архаический эпос эвенов. Новосибирск, 1981. С.21.
228
салынады. Тҿменгі ҽлемде темір айрықша рҿл атқарады. Барлық ҥйлер
темірден салынған, жолдар, тау-тас қиялар да темірден қҧралған. Тҿменгі
ҽлем – қараңғы.
Ортаңғы ҽлем жер бетінің кҿріністеріне сҽйкес келеді. Эпостың бас
кейіпкерлерінің де тҧратын мекені осы – ортаңғы ҽлем. Ол судың жағасында,
ҿзен аңғарында, айналасы таумен қоршалған жазық жерлерде тҧрады
1
.
Сҿз жоқ, бҧл ҿзгешелік ежелгі замандағы адамдардың жаратылыс,
айнала қоршаған табиғат туралы кҿзқарастарының шектеулі екенін кҿрсетеді.
Бҥкіл дҥние ҥш бҿліктен тҧрғанымен, кейіпкер санаулы уақыттың
аралығында барлығын да аралап шыға алады. Ҥш ҽлем де мифтік қиялдың,
мифтік сананың жемісі.
Мифтік дҽуірдегі бҧл тҥсінік тҥркі-монғол халықтарының эпосы мен
ертегілерінде тҥрлі дҽрежеде сақталған. Ал, қазақ фольклорының ішінде
ертегілік эпостардағы («Ер Тҿстік», «Кҥн астында Кҥнікей қыз», т. б.)
тҿменгі ҽлемнің кҿріністері сол ежелгі замандардағы мифтік сананың
сілемдері.
Кҿне эпостағы мифтік сананың тағы бір кҿрінісі – кейіпкерлердің тҥрлі
хайуанаттарға айналып, болмаса жан-жануарлардан адамға ауысып
отыруынан да байқалады. Ҽрі бҧл ҿзгешелік ежелгі тотемистік,
антропоморфтық кҿзқарастармен тығыз байланысты. Ондай кейіпкерлер
кҿбінесе рудың, жалпы адам атаулының алғашқы анасы немесе атасы ретінде
бейнеленеді. Эпостың бас кейіпкері адам мен жануарлардың (кейде
қҧстардың) ортасынан дҥниеге келеді. Мҽселен, солтҥстіктегі тайпалардың
эпосында аққумен некелесу ҥлкен орын алған. Мҧның кейбір іздерін
қазақтың «Ақ қасқыр» ертегісінде адам мен қасқырдың некелесуінен де
кҿреміз.
Адам мен хайуанаттардың (тҥрлі мифтік кейіпкерлердің) қосылуы ерікті
тҥрде емес, кҿбінесе осылардың бірінің амалсыз қолға тҥсіп қалуынан болып
отырады. Мҽселен, эвенкілердің эпосында кейіпкер қыз кейпінде билеп
жҥрген аққудың кебін жасырып қояды. «Ақ қасқыр» ертегісінде жылқыларды
жеп қойып, қолға тҥскен соң барып, қасқыр ҿзінің қызын қуғыншы жігітке
бермекке уҽде етеді. «Қорқыт ата кітабында» аңдаусызда адамның қолына
тҥскен пері қыздан жалғыз кҿзді дҽу – Тҿбегҿз туады.
Кҿне эпостың кейіпкерлері ҿз мақсатына тҥрлі тҽсілдер, айла-амалдар
арқылы жетіп отырады. Алайда, қиял-ғажайып ертегілердегі сиқыр
кҥштерден бҧлардың елеулі айырмашылығы бар. Алдымен мҧнда сҿздердің
магиялық, дҥниені ҿзгерткіш кҥшіне сену басым. Сондықтан да кҿне эпоста
арбау-байлау (заговор-заклинание) ҿлеңдері ҥлкен орын алады. Екіншіден,
ғажайып, сиқырлы заттарды қолға тҥсіріп, солардың кҿмегіне сҥйену кҿне
эпос ҥшін тҽн емес. Кейіпкер негізінен ҿз кҥшіне сенеді.
Демек кҿне эпоста қиял дҥниесінен гҿрі ҿмірде негізі бар мифтік,
тотемистік кҿзқарастар басты орын алады екен. Оның ҥстіне қиял-ғажайып
ертегілерде бас кейіпкер қандай қиыншылықтар болса да, соңында жеңіске
1
Сонда. 21-б.
229
жетеді. Ал кҿне эпоста ҽрқашан да бҧлай кейіпкердің ҿліп тірілуі, тҥрлі
кҥштерден жеңілуі, трагедиялық жағдайларға ҧшырауы жиі кездесіп
отырады. Мҽселен, қырғыздың «Қожажаш» жырында бас кейіпкер киелі Сҧр
Ешкінің қарғысына ҧшырап, ақыры, адам жетпес шың-қҧздың басында қаза
болады. Оның артында қалған баласы ғана кейін Сҧр Ешкімен келісімге
келеді, оның қызына ҥйленеді.
Кҿне эпостарда алдымен кҿзге тҥсетіні – ҽйел бейнесінің айқындығы.
Солтҥстік пен Қиыр Шығыстағы халықтардың жырларында бас кейіпкерді
ерлікке баулитын, оған садақ, жебе жасап беретін, бақсылықты ҥйрететін
оның апайы, не болмаса қарындасы. Кейде ҽйел ағасының, не інісінің орнына
ҿзі соғысады, олардың кегін қайтарады. Кҿне эпоста да ҥйлену салтына
байланысты жорықтар ҥлкен орын алады десек, ҽйелдердің ҿзіне жар таңдап,
жолға шығатынын жиі кездестіреміз.
Ж.К.Лебедева Қиыр Солтҥстіктегі эпостық жырларды салыстыра
отырып, олардың сюжеттік қҧрамын типологиялық жағынан мынадай
тақырыптарға бҿліп қарайды:
1. Ерлерден бҿлек тҧратын ҽйелдер туралы;
2. Ҽйел шаман туралы;
3. Эпикалық ҽйел кейіпкердің кҽмелетке толу тақырыбы;
4. Ҽйел кейіпкердің ҿзіне жар іздеу тақырыбы;
5. Батыр ҽйелдің кек алу тақырыбы;
6. Жас қаһарманның ҿсуі;
7. Батырдың кек алуы;
8. Батырдың ҽйел алуы туралы;
9. Ру мен тайпа арасындағы қақтығыстар мен соғыс тақырыбы
1
.
Кҿрсетілген тақырыптардан анық байқалатыны – ҽйелдерге байланысты
сюжеттердің кең таралғандығы. Сҿз жоқ, бҧл матриархат дҽуірінің кҿрінісі.
Алайда, осы дҽуірдің ішкі ерекшеліктерін қоғамдық-ҽлеуметтік сипатта
саралап бҿліп, оның эпостағы кҿрінісін таратып қарастыру арнайы зерттеуді
қажет ететін мҽселе. Бҧл жерде біз қазақ эпосының сюжеттік қҧрылысында
ҽйелдерге байланысты тақырыптардың Қиыр Солтҥстіктегі халықтардың
жырларындағыдай кең таралмағандығын айтумен ғана шектелеміз. Тегінде
бҧл ҿзгешелік қазақ эпосының ең ежелгі дҽуірлерінде ғана орын алып, кейін
сапалық ҿзгерістерге ҧшырағандығын кҿрсетеді. Матриархат кезеңінің
кейінгі замандардағы эпостық дҽстҥрдің дамуына сҽйкес келген белгілер ғана
сақталған. Оның ҿзінде де эпос сюжетінен басты орын алмай, екінші кезекке
ысырылған.
Матриархат дҽуірі ҿтіп, оның орнына патриархат дҽуірі келгенде
ҽйелдерді қас кҥш, опасыз бейне ретінде кҿрсете бастау сияқты қисын ала
бастайды. Зерттеушілердің пікірінше бҧл ҿзгеріс мыстан кемпір образында
жақсы сақталған
2
.
Мыстандардың хандарға, ҽкімдерге «ақыл тауып» беруші, дҧшпанның
1
Лебедева Ж.К. Эпические памятники народов Крайнего Севера. Новосибирск, 1982. С.12-69.
2
Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. Алма-Ата, 1972. С.72.
230
сырын танығыш, қҧпиясын кҿргіш болып есептелуі бір кездегі ҽйел қауымы
ҥстемдігінің, қарт аналардың культке айналуының, олардың дҥниеде
білмейтін нҽрсесі жоқ деп саналуының жаңғырығы екені табиғи. Сондықтан
да бҧл мыстан кемпірлер «даналығы» атаеркі (патриархат) дҽуіріне аяқ
басарда жақсылыққа кедергі, мейлінше жексҧрын кҥш болып мінезделеді.
Болашақты болжау, батырға ҥнемі қамқор болу, болмаса тҥрлі айламен,
сиқырмен оның ҿзіне қарсы кҥресу, сҿйтіп, дҧшпандар жағында болу кҿне
эпостарда
кең
суреттелетін
бақсы
ҽйелдер
бейнесінің
кейінгі
трансформацияланған, жіктелген, ҧзақ эволюциядан ҿткен тҥрі болуы
ықтимал. Себебі тҥркі-моңғол халықтарының ежелгі жырларында бақсы
ҽйелдер – басты кейіпкерлердің бірі. Олар болашақ батырға ҿз ҿнерлерін
ҥйретеді, алда не істеу қажеттігін айтушылар да осылар. Бір қызығы – ҽйел
бақсылар сиқырлық ҿнермен қатар ерекше кҥш иесі, ҿзінің іні-ағаларының
жебеушісі, қамқоршы болып кҿрінеді. Мҽселен, эвенкілердің эпосындағы
Чолбон (Шолпан) бейнесінде осы қасиеттің бҽрі де жинақталған.
Кҿне эпостың бас кейіпкері кҿбінесе ҿзі сияқты адамдармен емес,
жоғарғы не болмаса тҿменгі ҽлемдегі тҥрлі жауыз кҥштермен – шайтан,
жезтырнақ, аю, қырғи, сиқырлы ҽйел-бақсылармен кҥрес жҥргізеді.
Сондықтан кҥрестің, соғыс кҿріністерінің сипаты да басқашалау. Олар
жылдар бойы соғысып, «қыс болғанын бір-бірінің шашына қатқан қыраудан,
жаз болғанын шаштағы қыраудың ерігенінен» біледі. Жалпы кезкелген
уақиға, ҽсіресе, жекпе-жек мейлінше ҽсіреленіп, шегіне жеткізіле
суреттеледі. Батырлар ҿз салмағының ауырлығынан қара жерді тізесінен
кешіп жҥреді. Атқан оқтары жасылдай жылдам ҧшады, жаудың от шашқан
найзасы кҥннің кҿзін кҥңгірттейді, ҧшқан оқтың екпінінен адамдар ҿліп
жатады. Ҽйелдің асқан сҧлулығын бейнелегенде «тҧла бойынан жеген май,
ҿн бойынан жеген ет кҿрініп тҧрады» деп суреттеледі.
Кҿне эпостарға ҥлкен ҽлеуметтік мҽселелер, таптық қайшылық, дін
жолында кҥреске шығу сияқты мотивтер жат. Кейіпкерлердің іс-ҽрекеті,
кҥресі отбасы ҥшін, болмаса ҿз руының мҥддесі ҥшін, соның шеңберінде ғана
суреттеледі. Бас кейіпкер мал бағып не егін егіп отырған іргелі елдің,
тайпаның ортасынан шықпайды, жалғыз болады. Кейде қарт кемпір мен
шалдан туған ағайындылар (кейде қарындасы, апайы бар) ретінде айдалада
жеке тҧрады. Айналысатын негізгі кҥнкҿріс кҽсібі – аңшылық. Егін егіп, мал
бағуды ҽлі білмейді. Тҧратын мекендері ортаңғы ҽлем, ҿзендердің аңғарлары,
айнала таумен қоршалған жазық жерлер, т. б.
Кҿне эпос сюжеттерінің ішіндегі ең кең таралғаны – батырдың ҥйлену
мақсатындағы жорықтары жҽне осыған байланысты тҥрлі сынақтан ҿтуі. Бҧл
сюжеттің іштей ҿрілу жолдары ҽр жылдарда тҥрліше болып келе беруі
мҥмкін. Мҽселен, батыр қыздың жақын туыстарымен, немесе тҥрлі жауыз
кҥштермен, я болмаса қыздың ҿзімен жекпе-жекке шығады. Батырдың ҿзіне
жар таңдап, ҽрі оны ҿз кҥшімен алуы – қалыптасқан типтік сюжет. Бҧл кейін
батырлық жырына да ауысқан. Алайда, батырдың ҥйлену сюжетінің басқа да
тҥрі кездеседі. Тҧңғыс тілдес халықтардың эпикалық дҽстҥрінде інісі ағасына
ҽйел ҽпереді, ал, ненецтердің жырларында ағалары кіші інісіне қалыңдық
231
таңдайды, қҧда тҥсіп, қызды алып қайтады. Қайтар жолда батыр жаумен
соғысып, оны жаңа ҥйленген қалыңдығының кҿмегімен жеңіп шығады
1
.
Батырдың ҥйленуіне байланысты осы ҥш сюжеттің алғашқысы кейін
қалыптасқан батырлық жырына арқау болғандығы мҽлім. Дегенмен
қалыңдықты туыстары іздейтін сюжет те батырлық жырында сақталған.
«Қорқыт ата кітабында» қалыңдықты жігіттің ҽкесі іздейді («Қан Тҧралы
туралы жыр»).
Кҿне эпостарда ҥйлену сюжетінің этнографиялық сипаты басым. Ол
тҧрмыс-тіршіліктегі ҽдет-ғҧрыптардан алшақ кетпеген. Ҥйленген соң
батырдың ҧзақ уақыт қыздың ҥйінде тҧруы эпоста ғана емес, рулық-
патриархалдық деңгейдегі халықтардың ҿмірінде де нақтылы негізі бар
дҽстҥр.
Кҿне эпостың сюжеттік қҧрамының бірдей еместігі, ҽрі оларда мифтің,
ертегінің, аңыз-ҽнгімелердің рҿлі де тҥрлі дҽрежеде болатынын жоғарыда
айттық. Бҧған қоса архаикалық эпостың тақырыптық аясы да, идеялық
бағыты да, образдар жҥйесі де біртҧтас емес. Олай болатыны бір тобында
қаһармандық дҽріптелсе, енді бірінде аңшылық, мергендік жырланады,
ҥшінші бір жырлар тҧтастай мифологиялық сюжетке қҧрылады. Бҧлардың
сюжеттік типін, ішкі қҧрылымын типологиялық белгілеріне қарай
топтастыру алдағы уақытта шешімін табатын мҽселе.
Ал, кҿне эпостың жоғарыдағы жинақталған белгілері негізінен
қаһармандықты жырлайтын тобына қатысты. Бҧларды ғылымда қаһармандық
кҿне (героико-архаический) эпос деп те атап жҥр. Сҿз жоқ, архаикалық
эпостың бҧл тҥрлері кейін батырлық жырдың негізін қҧрады.
Рас, кҿне эпостың ҽртҥрлі типтері бір-бірінен ҿте алшақ тҧрған жоқ.
Олардың кҿптеген белгілері аралас жҥруі мҥмкін. Бҧл – бір. Екіншіден, кҿне
эпос пен кейінгі батырлық жырлар, романдық эпостарды жанрлық-стадиялық
жағынан бҿліп қарағанымызбен, олардың орталарында аралық, ҿтпелі
кезеңнің ерекшеліктерін сипаттайтын эпостар да аз емес. Сахалардың
олонхосы, буряттардың улигерлері, алтайлықтардың эпостық жырлары,
«Калевала», «Нарттар», «Амирани», міне, бҧлар кҿне қаһармандық эпос пен
батырлық жырдың ерекшеліктерін бірдей қамтитын жырлар. Демек
кҿпқабаттылық (полистадиальность) эпостық дҽстҥр ҥшін заңдылық жҽне ҽр
жырда олардың кҿрінісі ҽртҥрлі дҽрежеде.
Қазіргі ҧлан-асыр эпикалық дҽстҥріміздің туып, қалыптасқан бастау
кезінде, сҿз жоқ, жан-жақты дамыған кҿне эпостар тҧрды. Оны айғақтайтын
жекелеген жырлар да, салыстыра қарағанда кейін қалыптасқан эпостардағы
ежелгі қабаттар да жетерлік. Дегенмен мына жағдайды айрықша ескеру
қажет. Қазақ эпосы тҧтастай алған ҿзінің стадиялық-жанрлық белгісі
бойынша Солтҥстік, Қиыр Шығыс, Сібір, Алтай халықтарының эпикалық
дҽстҥрімен салыстырғанда ілгері кеткен, даму деңгейі бойынша жаңа сатыға
кҿтерілген. Рулық қауым ыдырап, оның орнына феодалдық-патриархалдық
қоғамның келуіне байланысты, саяси-ҽлеуметтік ҿзгерістерге лайық эпостық
1
Лебедева Ж.К. Эпические памятники народов Крайнего Севера. Новосибирск, 1982. С.61.
232
дҽстҥріміз тҥрлі эволюциялық ҿзгерістерді, жіктелуді бастан кешірді.
Қазақтың ең ескі замандарда дҥниеге келген эпостары туралы сҿз
қозғағанда олардың кейбір нақтылы жанрлық белгілері туралы топшылаулар
жорамал тҥрінде, жалпы типологиялық салыстырулар арқылы анықталады.
Архаикалық пен классикалық эпостың ҿзіндік ҿрнегін ажырата танудың
ҿзіндік шарттары бар екендігін фольклор зерттеушілер негізінен жҥйелі
тҥрде талдап шыққан. Ол шарттылықтар, жинақтап айтқанда, тҿмендегі
ҧғымдарға саяды: мифтік уақыт адамдар санасында бірте-бірте қиялға
айналып, бір кезде ҿтіп кеткен «алтын дҽурен» туралы ҧғымды туғызады,
мифологиядағы ҧнамды ерлер батырлық эпостың қаһарманына ҧласып,
аждаһа, жалмауыздар, зҧлым жаулар бейнесіне кҿшеді, ертегілік, мифтік
образдар тарихи образдарға айналады; рухани ҿмірдің кҥрделене тҥсуіне
байланысты алғашқы мифология ыдырап, оның кейіпкерлері бҧрынғы
«киелі» қалпынан ҿзгеріп, кҿркемдік тҧлғаға ауыса бастайды; ертедегі жеке
мҥдде ҥшін кҥресетін кейіпкер ҧжым (ру, тайпа, ел) намысын қорғайтын
қаһармандар пішініне ие болады; мифтік, ертегілік сарындардың жаңаша
жырлануы ел ҿміріндегі ҿзгеше жағдайларда, тарихтың тҽжірибесін тірілту,
еске салу қажеттігі туған кезде тың ҿріс алады; қаһармандық эпостың
жасалуына қуатты негіздің бірі тарихи аңыздар болып есептеледі.
Кҿне эпостың тҥрлі белгілері қазақ фольклорында да кездеседі. Мҧның
нақтылы кҿріністерін эпос туындыларын талдау ҥстінде ғана анықтауға
болады. Сол ҥшін бірнеше жырға тоқталуды жҿн кҿреміз.
«Қҧламерген, Жоямерген» жыры бҧл ретте ҿте қызғылықты материал
ҧсынады. Ең алдымен, бҧл эпостың орталық қаһарманы – Қҧламерген
аңшылықпен кҽсіп ететін адам. Ал, аңшылық адамзаттың ҿте ерте кездегі
ежелгі тіршілік қарекеті екені мҽлім. Ол – кҥнкҿрудің байырғы формасы.
Жырдың:
Ер екен Қҧламерген бҧрын ҿткен,
Ақырда мҧратына ол да жеткен.
Мҧхиттың Гҽзар деген аралында
Аң аулап, мергендікті кҽсіп еткен
1
, –
деп басталатын бірінші шумағы-ақ осы жайды аңғартады. Жапандағы аралды
жалғыз жайлап жҥрген Қҧламерген бойында «мҽдени қаһарман» – ілкі
адамдар бейнесін еске саларлық та сипат жоқ емес.
«Қҧламергенде» стадиялық жағынан матриархат дҽуірінің нышанын
елестететін қабаттар бар. Бҧл, ҽсіресе, «дҥниенің жамандықпен тҥбін тескен»
Қҧртқа есімді кемпір бейнесінен аңғарылады. Мыстан кемпірдің «ақылымен»
Қҧламерген отбасының алай-тҥлейі шыққанын кҿреміз. Ол мергеннің сҧлу
ҽйелі – Кҥнайымды азғырып, теріс жолға тҥсіреді, Булгар шаһарының ханына
зымиян кеңес беріп, бҽлені бастаушы болады.
Бір ғажабы – Қасым патшаның жіберген ҥш жҥз палуанын қырып-
1
Батырлар жыры. Алматы, 1964. 3-т. 318-б.
233
жойып жеңген Қҧламерген ҽлгі мыстан кемпірден қорқады. Ҿйткені, жеті
басты жалмауыз кемпірдің «ҽр басында жҥз кісінің кҥші бар» екен. Осыны
білген Қҧламерген кемпірмен кездесуге бата алмай, бой тасалап қашады. Бҧл
арада да кҿне ҧғым ҧштығы анық. Мыстан кемпір айласының шегі жоқ
жауыз кҥш иесі сипатында кҿрінуі ертедегі адамдардың белгісіз кҥштерден
қорыққандығының анық елесі секілденеді. Кейіннен осы мыстанды
Қҧламергеннің ҧлы – Жоямерген ҿлтіреді. Мҧнда да ол кемпірді қара кҥшпен
емес, қапысын тауып, «алтын оқпен» атып, ҿлтіреді.
«Қҧламерген, Жоямерген» жырында ҽйелдің қоғамдағы, отбасындағы
орны туралы ертедегі кҿзқарас, тҥсінік анық нышан береді. Ҥй иесі – еркек,
ал, ҽйел – оның кҿмекшісі, тілеулесі деген ҧғым эпоста жҥйелі оқиғалар
ҥстінде шешімін табады. Қҧламергеннің ҽйелі сҧлу Кҥнайымның опасыздық
жасап, бірден дҧшпанға айналуы, мергеннің жеті жасар қызы Шҽрипаның
ҽкесіне қатыгездік кҿрсетуі ҥстірт қарағанда дҽлелсіз, тҥсініксіз нҽрсе болып
табылады. Бірақ бҧл ҽрекеттердің де тҥпкі себептері барға ҧқсайды.
Дҽуірлеп келе жатқан патриархат қоғамы ҽйелдің ҿзіндік білермендігін
кешпейтін дҽстҥр салған. Кімде – кім осы дҽстҥрге қайшы келсе, ол жауыз,
жҥзіқара саналған. Бҧл ҿз алдына мҽселе болса, мына жерде жағдай сҽл
басқалау. Мыстан кемпірдің «ҿмірің айдалада, аралда қызықсыз ҿтіп бара
жатыр» дегеніне Кҥнайымның тез елігіп, мінезі кҥрт ҿзгеруі, кҥйеуінің хас
дҧшпаны болып шығуы матриархат дҥниесін аңсаудың, «еркін заманды»
қолдан бермеудің бір алуан кҿрінісі емес пе екен? Қалай болған кҥнде де,
Қҧламерген мен Кҥнайым арасындағы алалық, кереғарлықтың тҥбірі ҽйел
опасыздығы деген тҥсініктен ҽрі де, терең де жатқаны зайыр. Міне, эпос адам
санасында тҥрлі дҽуірлерде орын тепкен салт пен дҽстҥрдің бҧлдыр бейнесін
осылайша еске салады. Қҧламергеннің екінші ҽйелі – Баллу Маржанның
барлық іс-ҽрекеті патриархат идеологиясына толық ҥйлеседі, ол ҥй иесінің
ҽрі ақылшы, ҽрі тілекшісі. Осының нҽтижесінде Жоямерген мыстанды жеңіп
шығады. Жыр бертінгі кезеңде дҥниеге келгенмен, кҿне дҽуірдің бірталай
ҧғымын сақтап қалған.
Атап ҿтерлік нҽрсе сол – жырда ҽйелдің қоғам, отбасы тіршілігіндегі
маңызды орны кҿрінген. Мҧнда ҽйел ердің сенімді серігі болғанда, іс оңына
оралады да, дҧшпанына айналса, тыныштық, жарастық бҧзылады.
Жырда Қҧламергеннің аты – Қҧлагер, Жоямергеннің таңдап мінген
жҥйрігі – Ділдеш ат батырларға керек жерінде ақыл беретін, кҿмегі тиетін
есті жануарлар болып кҿрінеді. Мҽселен, Қҧлагер жаудың келе жатқанын
біліп, иесіне пысқырып, хабар береді, ал, Ділдеш ат теңіз тҥбінен киелі
қазанды алып шығып, Жоямергенді дегеніне жеткізеді. Бҧл қазанның қасиеті
былайша сипатталады:
Қаншама кҿп мал тойға сояды екен,
Қазанды қайнаттырып қояды екен.
Болса да қанша ҽскер тойға келген
Бҽрі де сол қазаннан тояды екен...
234
Жырдың ертегілік табиғаты айқын. Мҧның ҿзі ертегілік сарындарды
эпосқа айналдыру қазақ эпикалық дҽстҥріне тҽн қҧбылыс деген тҧжырымды
дҽлелдей тҥседі
1
.
Сиқырлы кҥштер туралы кҿне ҧғым жырда кҥрделі орын иелейді.
Тартысты дамытатын тҥрткі, себеп ҿңін айналдыра білетін осындай
қаскҿйлер болады. Жау кҥш Қҧламергенге бірде жол ҥстінде жылап жатқан
бала бейнесінде кездеседі. Аяушылық жасап, артына мінгестірген «бала»
баяғы жеті басты жалмауыз кемпірдің баласы Орақ деген болып шығады.
Орақтың соңында сансыз ҽскері бар екен. Жекпе-жекте Орақты Жоямерген
ҿлтіріп, жау ҽскеріне ойран салады. Бҧл тҧстарда кҿне эпостың емес,
қаһармандық жырдың белгісі басым.
Кҿп қойға тиген қасқырдай
Бір шетінен кіреді.
Мылтық жеткен жер болса,
Атып кетіп барады.
Садақ жеткен жер болса,
Тартып кетіп барады.
Ділдеш аты жануар
Кезі келген жауларды
Тарпып кетіп барады.
Ҥш мыңдайын ҽскерді
Қырып кетіп барады.
Ҿзі білгенін мергенің
Қылып кетіп барады...
Жырда оқиғаның бір бҿлегі жер асты, су патшалығы ҽлемінде, жыландар
елінде ҿтетіні де дҥниенің қҧрылысы туралы кҿне ҧғымдармен ҧласып
жатыр. Осылайша айнала, ҽлем, тіршілік туралы тҥрлі тҥсініктердің аралас-
қҧралас келуі кҿп елдер эпосының, соның ішінде қазақ жырларының бір
ерекшелігі екенін кҿреміз. Жер астының патшасы Жыланбектің қызы
Кҥнсҧлуды Жоямерген неше қилы ауыр сындардан ҿтіп барып қана алады.
Бҧл арадан да дҥниені адал, арам, дос немесе қас кҥштер деп жіктейтін
мифтік, ертегілік сананың бірте-бірте қаһармандық эпосқа кҿшу жолының
бір алуан моделін кҿргендейміз. Мҽселен, Жоямергеннің іс-ҽрекеттері жер
астында ҿткенімен, оның ҿсу, есею, батырлық ҥйлену, жаулармен айқаста
ерлігін таныту процестері кейінгі қаһармандық эпос дҽстҥріне жақын келеді.
Ат – адамның, батырдың сенімді серігі деген, белгілі дҽрежеде, культке
айналған ҧғым жырда кеңінен кҿрсетіледі. Замандар бойында адам баласына
адал қызмет еткен атты ақылды етіп, ҽсірелеп айту эпикалық дҽстҥрімізге
шет емес. Жылқы малының кҿшпенділер ҿміріне аса зҽрулігі ғасырлар
деңгейінде ҥлкен ореолға, қымбат феноменге айналғаны осыдан. Жыланбек
патша су тҥбіндегі қазанды ҽкел деп шарт қойғанда, Ділдеш ат Жоямергенге
1
Каскабасов С. Казахская волшебная сказка. Алма-Ата, 1972. С. 56.
235
былай деп «тіл қатады»:
– Мергенім, маған қҧлақ сал,
Айтқан сҿзді ҧғып ал.
Бҧл дарияның тҥбінде
Алтын қазан рас бар
Ала алмайсың қазанды
Бҧл сҿзімді естіп қал.
Медет берсе Қҧдайың
Қазанға ҿзім барайын.
Сенің ҥшін, жан достым,
Қорлыққа басым салайын.
Суға қазір енемін,
Сапар тартып қазанға
Дария тҥсіп кҿремін...
Бҧл айтылғандар «Қҧламерген, Жоямергеннің» тҥбірлі оқиғалары
белгілі дҽрежеде қоғам дамуының ҿте ертедегі жағдайынан хабар береді.
Мҧны айтушы немесе ҿңдеушілердің жырдың бітіміне жаңа дҽуір ҧғымдарын
кірістіргені байқалып тҧрса да, эпостың ежелгі сипаты тасаланбайды.
Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Булгар шаһары аталады.
Қҧламергенге қарсы кҥш Булгар ханы болып есептеледі. Бірақ мҧндай
географиялық кҿрсеткіштер жыр оқиғаларына қосылған сыртқы ҽдіптер ғана.
Қандай қала, жер, хандық аты аталса да, ол бертінгі қоспалар екені белгілі.
Ханның жанындағы кеңесшілер – уҽзірлер болатыны мҽлім. Уҽзірдің орнына
мыстанның аталуы, оқиға ҿрілімінде сиқырлы кҥштердің кҿбірек кҿрінуі, бір
замандағы қауымның кҽсібінен, ішкі қайшылығынан, кҥрестерінен нақтылы
деректер айтылуы, кҿп ҿзгерген тҥрінде болса да, матриархаттық дҥниенің
ыдырап, патриархаттық дҽстҥр ҥстем болғандығынан, осы жолдағы кейбір
тайталастан хабар берілуі жырдың ежелгі ҿрнегін белгілейді.
Қарақалпақ халқында сақталған «Қҧламерген» мен қазақ жырының
оқиғалық ҿрілімін салыстырып қарағанда, екеуінің тҥбірі де, кейіпкерлерінің
қҧрамы да бір бастаудан таралғаны айқын кҿрінеді
1
. Тек қаһармандар
есімінде, жер атында ғана айырмашылық бар. Қазақ жырында Қҧламерген
ҽйелі – Қаншайым болса, қарақалпақ ертегісінде Қалбике, мергенге жаулық
ойлаған патша қазақ нҧсқасында Қасым, қарақалпақшада Адешер деп
аталған. Бҧл эпикалық аңыздаулардың арасындағы негізгі ерекшелік – қазақ
жырында Қҧламерген ҧлы Жоямергенге байланысты тың сюжеттік
байланыстар қосылуы, жер асты патшалығындағы оқиғалар айтылуы, Ділдеш
аттың иесіне ғажайып қызмет етуі, қазақша нҧсқаның ең негізгі, сапалық
дерлік бҿлектігі Жоямергеннің дҧшпан ҽскерлерімен соғысып, зҧлымдық
иелерін жойып жіберіп, қаһарман ерлігінің жҥйелі, кҥрделі сипатқа ие болуы.
«Қҧламергеннің» қазақша жҽне қарақалпақша айтылып келген нҧсқалары
эпикалық шығармалардың ҿмірі, олардың даму заңдылығы жҽне
1
Қарақалпақ фольклоры. Нҥкіс, 1977. 162-166-б.
236
тенденциясы туралы тың да қызғылықты байқаулар жасауға мҥмкіндік
береді. Бҧдан тағы да бір аса мҽнді қорытынды шығаруға болады. Ол –
ертегі-аңыздардың жалпы схемасында пҽлендей ҿзгешелік ҧшырамай келуі
бҧлардың тарихи-генетикалық туыстығының да кҽміл айғағы.
«Дотан батыр» жыры да ертегілік сипатымен ерекшеленеді. Мҧнда
Қҧбақанбай дегеннің қырық ҧлының кенжесі Дотанның жалмауыз кемпірдің
қорқытып, шарт қоюымен жеті жыл жолдық алыстағы Шынтемір ханның
сҧлу қызы Кҥнікейді алып келуге аттанғаны, жолда оған бірнеше батыр
серіктер кездескені, Кҥнікей сҧлуды кҿп қиындықпен (Кҥнікейді тартып
алмақ болған қалмақ ханын жеңіп, тҥрлі жарыстарда бҽйге алып) қолға
тҥсіргені; қайтып келіп зорлықшыл жалмауыз кемпірді ҿлтіргені; тағы да бір
дҧшпан хандық ҽскерімен соғысып, ағаларын ҥйлендіргені, сҿйтіп, мҧратына
жеткені кҿрсетіледі. Басы «таза» ертегіше басталған «Дотан батырдың»
ақыры эпостың деңгейіне кҿтеріледі, Дотан бір ғана отбасының мҥддесімен
шектеліп қалмай, ел қамқоры, қорғаны болып та сипатталады.
Жырдың оқиғалары кҿне дҽуір санасын елестететіні ҽр тҧстан-ақ
кҿрінгендей. Соның бірі – қалыңдық іздеу, белгісіз қауіп-қатері мол қиын
сапарға аттану идеясы. Зерттеушілердің кҿрсетуі бойынша, қаһарманның
қандай да болмасын мақсат кҿздеп жолға шығуын кҿрсету эпикалық
аңыздаулардағы ең ескі сарын болып табылады.
Қҧбақан байдың ҧлдары қалыңдық іздеуге бет қойғанда айналада қандай
ел бар екенін білмейді. Олар ҥшін дҥние толған жҧмбақ, ашылмаған қҧпия
секілді. Бҧл арада адам санасының ҽлемді танымаған балаң кезінің халі елес
беріп ҿткендей. Бай балалары жол, жҿн сҧрап, қарт малшыға барады
(«Жақын жерде барар ел бар ма екен деп, малын баққан бір шалдан сҧрайды
енді»). Тҽжірибесі толыспаған, қиындықпен кҥресіп, ысылмаған жас
батырларға кеңесші болатын дана қарттар бейнесі тҥрлі ел эпосында-ақ
кҿрініс беретіні мҽлім
1
. «Дотан батырдағы» бақташы шал бір-ақ рет кҿрінетін
эпизодтық кейіпкер. Сонда да болса, ол ең қажетті кеңесті тауып береді,
қауіптің қай жақта екендігін нҧсқайды.
...Оңтҥстікте бір тоғай бар деп айтты,
Миуалы қалың тоғай тал деп айтты.
Тілімді алсаң менің, шырақтарым,
Бҽрің де қолға қару ал деп айтты
2
.
Ежелгі адамдар қалың орман ішінде алуан қаскҿй кҥштер бар деп
есептеп, сақтанғаны, жыртқыш аңдардан қорғану ҥшін қолына қару алып
жҥргені анық. Жыр кестесі арасынан дҽл сондай тҥсінік айқын
аңғарылатынын кҿреміз.
Ҽлгі ақылды шалдың тағы да бір кеңесі бойынша болашақ батыр Дотан
жылқыдан ҿзіне лайық ат таңдап мінеді. Ол ат – Қаракҿк тай болады. Ҥлкен
1
Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974.
2
Батырлар жыры. 1961. 2-т. 147-б.
237
ҿмір жолына қадам қойғанда ерлерге керек алғышарттың бірі – мінетін ат
таңдау екені тҥркі-монғол халықтары эпосында кең таралған қҧбылыс. Бҧл
кҿрініс эпикалық жырлардың барлық тҥрінде де кездеседі. Батырдың ат
таңдау мҽресімі жылқы тҥлігінің қолда ҥйретіле бастаған кезеңінен бері желі
тартып келе жатқан сарын, ҽлденеше мың жылдық тарихы бар ҧзақ процесс.
«Дотан батырда» жау кҥштер бірде жалмауыз кемпір, бірде озбыр
қалмақ ханы болып аралас келеді. Мҧның, ҽлбетте, кҿнерегі мыстан кемпір
бейнесі. Мыстан, ҽйтеуір, жақсылыққа жаны қас, адамзатқа ҿш тылсым
кҥштің жинақталған кескіні. Жырдың ішінде жаулар бірде мыстан, бірде
қалмақ ханы болып ҿзгеруі де мҧнда ҽртҥрлі дҽуір шындығының қатпары бар
екендігінің нышаны. Адамдар алғашқы қауым жағдайында табиғаттың
кҥтпеген, танылмаған кездейсоқтығынан қорқып, оларды неше тҥрлі
сиқырлы кҥштер (жалмауыз, дҽу, аждаһа, т. б.) бейнесінде елестетсе, кейін
келе жаулардың нақтылы аты-жҿні айқындала тҥседі. Эпостағы жағымсыз
кейіпкерлер – жалмауыз кемпір мен қалмақ хандарының арасында уақыттық
жағынан алғанда, ҧзақ-ҧзақ дҽуір жатыр. Бірақ халық қиялының эпикалық
кҿркемдік жинақтаудың ерекшелігі сол – мҧнда тҥрлі заманның тҥсінігі
кейде қабысып келе береді.
Қҧбақан байдың балаларына алғашқы зор қатер жалмауыз кемпірден
келеді («иісін адамзаттың алғаннан соң, бҧларға бір жалмауыз келе жатыр»).
Дотан мыстанды атпақ болады, бірақ кҥш тең еместігін сезіп, амалсыз оның
айтқанына жҥреді. Ал, мыстан жас баланы жеті жылдық жолға, Шынтемір
ханның қызын алып келуге жҧмсайды.
Менен сен соны ҽпкелсең қҧтыласың.
Болмаса тағы қайта жҧтыласың.
Кҥнікейдің сҧлулығы артық дейді,
Соны ҽкелсең тҥседі ықыласым,–
дейді мыстан.
Қаһармандық немесе романдық эпоста жас батыр ҽдетте алысқа жауда
кеткен кегі ҥшін, кейде ғашық жарын іздеп аттанады. Ал, мына жырда
Дотанның жырақ жолға бет қоюы еркінен тыс, зорлық ҽмірмен болып тҧр.
Демек Дотандар ҥшін мыстаннан қаһарлы, кҥшті жау жоқ. Осының ҿзі
жырдың астарында ертедегі ҿмір ақиқатының заңдылығы жатқанын
кҿрсетеді.
Алыс жолға ағаларының бірде-бірі Дотанға серік болып ермейді. Мҧның
себебі жырда ол тоқалдан туған жалғыздығынан деп тҥсіндіріледі. Сонымен
қатар бҧнда ҽулет, шаңырақ иесі деп есептелетін кенже баланы «сынға»
салып, жетілдіретін кҿне салт жаңғырығы бар.
Дотанның кетердегі қоштасу ҿлеңі бізді ертегілік ҽлемнен нақтылы
тіршілік стихиясына алып келеді.
...Кҿп сҽлем де атама,
Батасын маған берсін-ай.
Мҧратына жеткір деп,
238
Дҧғада болып тҧрсын-ай.
Бес уақыт намазда
Кҿңілін маған бҧрсын-ай.
Ғарып ата-анама
Ҥш қайтара сҽлем де,
Тілегім тілеп жҥрсін-ай.
Бҧл ҧғымдар бергі дҽуірдің, ислам мҽдениеті араласқан кездің тҥсінігін
елестетсе, осы ҿлеңнің жалғас жолдары қайтадан кҿне кезеңге жетелейді.
...Жалмауыз кемпір қорқытып,
Алысқа мені айдады,
Тілегі мҧның қҧрсын-ай.
Жырда жас Дотанның жол жҥрісін эпикалық ҽсірелеп, кҿркем
бейнелейтін кестелер мол. Мҧндай жерлерде шығармада нақтылы суреттер
жасалады.
«Дотан батырда» ертегілік элемент екінің бірінде-ақ кҿрініс беруі,
оқиғалар мен мінездерді едҽуір нақтылы талдайтын тҧстар мен ертегілік
заңдылықтың кезектесе келуі ҿзіндік ерекшелік болып танылады. Бҧл
айтқанымызды тҿмендегі жайлар сипаттаса керек.
Алыс сапар ҥстінде Дотанға кҿмекші, тілектес дос кҥштер кездеседі.
Олар: саққҧлақ, мерген, желаяқ, кҿзбайлаушы. Бҧлардың ҽркайсысының
теңдессіз кҥштері мен ҿнері жас батырға таудай тірек болады, мақсатына
жеткіздіреді. Халық қиялы ҿзінің сҥйікті қаһарманын ешбір жаудан
жеңілмейтін ету ҥшін, осындай ғажайып кҿмекшілерді кездестіреді.
Шынтемір хан қызын Дотанға бергісі келмей, сылтау тауып, тҥрлі шарттар
қойғанда, сол жарыстардың бҽрінде де Дотанның серіктері озып шығады:
жаяу жарыста – желаяқ, жамбы атуда – мерген алдына жан салмайды. Атап
ҿтерлік нҽрсе – жас батырға ғайыптан кездесетін таусоғар, кҿлтаусарлар «Ер
Тҿстік» ертегісінде де ҧшырайтын. Мҧның ҿзі ертегіде бірінен екіншісіне
ауысып отыратын «кҿшпелі» қаһармандар болатынын да кҿрсетеді. Оқиғалар
мен кейіпкерлердің «ауыс-тҥйісі» неғҧрлым кҿбірек болуы кҿне эпосқа
сыйымды, жарасымды. Ҿйткені, онда қаһарман мінезі даралана бермейді, ал,
белгілі бір ҽлеуметтік типтің аты-жҿнін ҿзгертіп, жаңа ситуацияларға сала
берудің қиындығы жоқ. Якуттардың архаикалық эпосында да дҽл осындай
жағдай кездесетіні анықталған. Олонхолардың бірінен екіншісіне тҧтас-тҧтас
бҿлімдердің еркін ауыса алатындығын фольклоршы И. Пухов ҿз еңбегінде
дҽлелдеп берген еді
1
.
Дотанның іздеп келе жатқан елі – Шынтемір хандығындағы оқиғаларға
келгенде жырдың тарихилығы ҿзгеше реңге ауысады. Жалмауыз кемпірдің
зорлық ҽмірімен жол кешкен бала батыр енді іргелі жаумен бетпе-бет
1
Пухов И. Якутские олонхо и калмыцкий «Джангар» // Проблемы алтаистики и монголоведения. Элиста,
1974. С. 63.
239
айқасатын болады. Ол – эпикалық жау, қалмақ ханы Жазира еді. Ҿзінің
мықтылығына сенген жау Шынтемір еліне қысым жасап, Кҥнікей сҧлуды
алуға ҽзірленіп жатыр екен. Бҧл тҧста Дотан бір отбасының емес, тҧтас бір
елдің намысы ҥшін кҥреске шығады. Эпос қаһарманының қҧлашы анағҧрлым
кеңейе тҥседі.
Кҥнікейдің алыстан жас батыр келе жатқанын кҥн ілгері тҥсінде кҿріп,
болашақты болжауы да ескі анимизм тҥсінігіне, адам ҧйықтағанда жаны
ҧйықтамайды дейтін ҧғымға тікелей байланысты.
Дотан мен Шынтемір ханның диалогтары объективтік шындықты
тереңірек тануға кҿмектеседі. Бҧлар бір мақсаттың адамы ретінде тез
тҥсінісіп, тіл табысады, ортақ жауға қарсы келгенде бірлігі нығая тҥседі.
Мҧнда диалог тек оқиғаны ширақ байланыстырудың қҧралы болып қана
қоймай, мінезді айқындауға да қызмет етеді, эпос кестесінің маңызды
компонентіне айналады. Сол сияқты жырда адам кҿңілінің шын аңсарларын
ашуға таптырмайтын тҽсіл-монологтар да орын тепкен. Қҧбақан байдың
жолаушы кеткен ҧлын сағынып, зар-наласын айтуы тебіреністі шындық
болып елестейді («Балаларым ержетіп, ел кҿрем бе деп едім»).
Шынтемір ауылындағы жамбы ату, жаяу жарыс, палуан кҥрестің бҽрі
ҥлкен той, жиындарда болатын дҽстҥрлі тамашаның кҿрінісі. Бірақ бҧл тҧсқа
да кҿне тҥсініктер араласады. Шынтемірдің Дотанға қыз бермеу ҽрекетіне
ҽзҽзіл болып, мҧнда да мыстан кемпір жҥреді. Бҧлай болуы табиғи, мҧның ҿзі
адамдар санасында сиқыр кҥштер қҧдіретіне сенушілік ҧзақ сақталатынын
кҿрсетеді.
Жырдың соңында есейіп, қайраты толысқан, кҿптің қамын ойларлық боп
кемелдік тапқан Дотанды кҿреміз. Ол еліне келіп, баяғы жалмауыз кемпір
шеңгелінен қҧтылғаннан кейін ағаларының жеке ҥй болуын кҿздейді. Бҧл
жолдағы талабы оны тағы да «қалмақ» жаумен ҧстастырады. Осының
нҽтижесінде ол жауды жеңіп, ағаларын тҥгел ҥйлендіріп қана қоймай,
дҧшпаннан азат етілген бір қауым елге қоныс береді.
Ел сонда кҿшті дейді мақҧл кҿріп,
Қырық мың ҥй бір Дотанның соңына еріп.
Ҧлан Тобыл дейтҧғын жерге қонды,
Бір ай жарым арада кҿшіп келіп.
Дотанның бҧл ҽрекетін кҿрсету арқылы жырда ҥлгілі ханның біралуан
бейнесі жасалу кҿзделгені кҿрінеді. Бейбіт ҿмір, бақытты тҧрмыс, ізгі басшы
туралы халықтың қашаннан бергі ҥміт, арманы жыр кҿлемінде осылайша
кҿрініс тапқан.
«Қҧбығҧл» жырында батырлық ҥйлену мҽселесі кең де кҿркем
кестеленген. Уҽли ханның баласыздықтан зар шегуі, кемшілік кҿруі, ҧл
сҧрап, ҽулиелерге жалбарынуы, ақырында, Баба тҥкті ҽулиенің «мейірімі»
тҥсіп, рақым етуі, «балаң болады» деп, тҥсіне аян беруі жҥйелі суреттелген.
Уҽли ханның ҧлсыздығын пайдаланып, ҽркімдердің астамшылық жасауы
ҿмір шындығы болып елестейді.
240
...Қартая келген шағында,
Бегі ханға келмеді,
Алдияр айтып ханына
Олар сҽлем бермеді.
Ҽңгіме айтса Уҽли
Олар қабыл кҿрмеді.
Хан екен деп Уҽли
Алдына ешкім барған жоқ,
Уҽлиді адам деп
Ешкім есіне алған жоқ.
Қайғы мен кҿрді тарлықты.
Енді кҥні зарлық-ты.
Елемеді еш адам,
Мінген тахыт, хандықты.
Биден кҿрді қорлықты.
Ҽкімнен кҿрді зорлықты.
Алдына ешкім келмейді,
Хан деп сҽлем бермейді,
Осындай кҿрген қорлықтан
Уҽли ҿксіп, еңірейді...
1
.
Дҥние-мҥлік бҿлісі, мҧрагер проблемасы жеке меншік айқындалған
заманнан бері қарай кҥрделі орынға шыққан. Уҽли ханның «ҿксіп, еңіреуі» де
тақ пен тҽждің кімге бҧйыратыны белгісіз болу қайғысынан. Ендеше бҧл
оқиға таптық қоғам дҽуірінің анық кҿрінісі. Сонымен қатар мҧнда адамның
балалы болуы ҽулие, қҧпия кҥштердің аяушылық етіп, қайырымы тҥсуінен
деп ҧғушылық анық бой кҿрсетеді.
Уҽли ханның ҽйелі жҥкті болғанда, алмас тасқа жерік болыпты. Бҧл да
болашақ баланың батыр болатынын меңзейтін, кҿне ырымға сенушілік
нышаны. Бҧған жырда кҽдімгідей мҽн беріліп айтылуы да тегін болмаса
керек.
...Қаныша тоқал – жас қатын
Бір кҥндерде жеріді.
Табылмай жерік тамағы
Зарығып ҧзақ жҥреді.
Қызығына шыдамай,
Қыдырып жҥрген шағында,
Кҿкше таудан алмас тас
Бҧл ҽйелге табылды.
Назары ауып, сол тасты,
Ауызға салып шайнайды,
1
Батырлар жыры. Алматы, 1964. 3-т. 361-б.
241
Тастан тісі таймайды.
Қуаныш кіріп кҿңілі
Ажарланып жайнайды
1
.
Зарығып кҥткен баланың шілдехана тойы ҧзақ желілі ҽңгіме болған.
Шілдеханаға осынша ерекше орын берілуі де оқиғаның қаншалық маңызды
саналғанын сездіреді. Тіпті, баланы бесікке бҿлеу мҽресімінің ҿзі кҿңіл
аударарлық.
Осылайша Қҧбығҧлдың ҽр қадамында Тҽңірі «артық» жаратқандық,
ҿзгешелік нышаны аңғартылып отырады. Ол жедел ержетеді. Қҧбығҧл бес-
алты жасында «қонақтан бойын тартпайды, есігі кҥнде ашулы» делінген. Ал,
«жетіге келген шағында ат жақсысын мінеді»...
Қҧбығҧл тҥсінде кҿрген ғашығы – қалмақ ханы Ҽділбайдың қызы
Ақбілекті жасырын алып қашуды кҿздеп, ханның қарауында қозы бағады.
Бҧл кҿріністің де ҿзіндік астары, терең себептері бар. Кҥш-қайраты
толыспаған, жеке жҥрген ерлердің ҽртҥрлі кҿмекші, жебеуші пірлер
қолдауымен, кейде тҥр-тҥсін «ҿзгертуі» кҿне жырларға тҽн белгінің бірі
2
.
Қҧбығҧлдың Қҧлаша аты кезі келгенде «тіл бітіп» сҿйлейтін, ақыл-кеңес
беретін болып сипатталады.
Жыр батырлық ҥйленудің тарихын айтып, қаһармандардың мҧратына
жетуін хабарлауымен аяқталады. Қҧбығҧлдың ҿзге істері, кейінгі тағдыры
сҿз болмаған.
«Қҧбығҧлда» кҥрделі орын алатын қҧбылыс – тҥс кҿру. Ханның қызы
Ақбілек Қҧбығҧлдың тҥсіне кіріп, «кел» деп шақыруы, жас жігітті қайрап,
тілегін ҽлденеше рет қайталауы кҥллі оқиғалық байланыстардың дамуына
себепкер болады. Қаһармандардың ҽрбір ҽрекеті кҥн ілгері тҥс кҿру арқылы
мҽлімделіп жатады. Осы фактінің ҿзі-ақ «Қҧбығҧл» жырының сҥйегі кҿне
дҽуірлер ақиқатына апаратынын аңғартады. Бір замандарда тҥс кҿру
кҥнделікті басшылыққа алынатын шарт болып саналған. Тҥстің бағдары,
жорылуы ҥлкен істерге ҽсер етіп отырған. Кҿп жағдайда тҥс кҿру Тҽңірі,
Жаратушының аян беруі, қҧпия болмыстың сырына тҥсіну жолы деп
ҧғынылған. Тіпті, біздің заманымыздан бҧрынғы екі мың жыл ішінде-ақ
ежелгі Мысырда тҥсті жорудың кҽдімгідей «ережесі» қалыптасқан. Бҧл
айтылғандар тҥс кҿрудің тҥптамыры тереңге кететінін дҽлелдейді. Ҽлем,
табиғат, тіршілік қҧпиясы танылмаған кездерде адамдар болмыс жайында
ҿзінің тҥрлі тҥсінігін қалыптастырған. Сол тҥсініктердің бір тармағы осы
тҥстерге байланысты.
Қҧбығҧлдың Ақбілекті іздеп шыққан сапарында оған жылан, айдаһарлар
кездеседі. Жыландарды бастаған «жеті басты айдаһар» болады. Қҧбығҧл ҿзін
қамаған, ысқырып, зҽр шашқан жыландарды қылышпен кесіп, алмаспен қақ
бҿліп, тастай береді. Кҿңіл бҿлерлік нҽрсе, жырда ескі мифтік ҧғымдар
сарқыты – жеті басты айдаһарлардың орын алуы. Зерттеушілердің
1
Батырлар жыры. Алматы, 1964. 3-т. 369-б.
2
Акбузат. Башкирский героический эпос. Уфа, 1976; Каташ С. Мифы, легенды Горного Алтая. Горно-
Алтайск. 1978. С. 12.
242
кҿрсетуінше аждаһа, айдаһарларды жеңетін батырлар патриархат дҥниесінің
шындығы болып табылады. Кҿне дҽуірлерде адамға қаскҿй кҥштердің
жылан, айдаһар тҥрінде кҿрінуі мейлінше табиғи еді. Қҧбығҧл Ақбілекті
алып қайтар жолда айдаһар қастандығы кҿрінуі де бҧл ҧғымның тамыр
жайғандығына сипаттама.
Қалмақ батырларымен ауыр айқас кезінде қайраты азайып, халі
нашарлаған Қҧбығҧлға ғайыптан Самҧрық қҧс ҧшып келіп, қанатымен
«қағып» ҿтеді. Бҧл батырға тың кҥш, қалың қайрат қосады. Сҿйтіп,
Қҧбығҧлға дос кҥштер бірде Қҧлаша ат, екіншіде – кҽміл пір, енді бірде
Самҧрық қҧс кейпінде келе береді. Бҧлар жан-жануардың бҽрінің иесі бар
деп тҥсінетін тотемдік ҧғымдарға қатыссыз емес.
Сонымен, қорыта айтқанда, алғашқы қауым адамдарының сана-сезімін,
наным-сенімін, дҥниетанымын белгілі дҽрежеде кҿркем елестететін мифтік,
ертегілік, аңыздық оқиғаларға қҧрылған кҿне эпосқа тҽн тҿмендегідей ортақ
белгілерді атауға болады.
1. Мҧндай шығармаларда қиял-ғажайыптық оқиға кҥрделі орын алады;
адам баласына қаскҿй кҥштер: жезтырнақ, дию, албасты, аждаһалармен
кҥрес, оларды жеңіп барып, мҧратқа жету кҿрсетіледі.
2. Кҿне эпоста дҥниенің жаралуы туралы мифтік ҧғымдар кҿрініс
тапқан. Оқиғалардың, байланыстардың ҥш қат ҽлемде: аспан, жер, жер
астында ҿтетіні осының айғағы. Алғашқы адамдар – (жасампаз қаһармандар)
іс-ҽрекетінің мифтік дҽуірдің елестері осындай жағдайда айқындала тҥседі.
Ҽке мен баланың ҧзақ уақытқа айрылысып, жат болып барып, табысуы да қас
кҥштер ҽрекетіне қатысты.
3. Анаеркі (матриархат) дҽуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат)
кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарын танытатын оқиғалар
кездесуі – эпостың кҿнелігіне дҽлелдің бірі. Бҧл мҽселелер кейде тҿтелей
кҿрінбегенмен, осы процестің салдары аңғарылып отырады.
4. Қазақтың кҿне эпосында ертедегі аңшылық ҿмірдің суреттері
неғҧрлым кеңірек сақталған. Ҿз еңбегімен кҥн кҿріп жҥрген аңшы,
мергендердің зҧлым кҥштерге кҥтпеген жерде кездесіп, айқасқа тҥсуі, кҿп
қиындықты бастан ҿткізіп барып, мҧратына жетуі бҧл шығармалардың
қалыптасқан негізгі желісі.
5. Адамдардың сиқырлы кҥштерге сенуі (анимизм, тотемизм, т. б.), жан-
жануарлар, ҿсімдік дҥниесінің жан, иесі бар деп есептелінушілігі эпикалық
шығармаларда із қалдырған. Адамнан «ақылды» жҥйрік аттар, жас баланы
асырайтын киіктер «қамқорлығы» осыны кҿрсетеді. Адал ниетті жас
қаһармандарға тарыққанда жҽрдемге келетін, ақыл беретін, жол табатын
кҽміл пірлер, ғайып ерен қырық шілтендер қызметіне ерекше мҽн беріледі.
6. Баласыздық тақсіреті, ҽулиелер аралап, мінҽжат етіп жҥріп, перзентті
болушылық, тҥс кҿру, аян беру, болашақ қаһарманның ғажайып тууы
секілділер тҥбірі де адамның табиғат кҥштеріне тҽуелді кездерінің айқын
ҿрнектері.
7. Қаһармандардың жедел есеюі, жҥйрік ат таңдап мініп, қауіпті алыс
сапарға аттануы, жол-жҿнекей алуан тҥрлі жыртқыш, сиқыр, қас кҥштермен
243
кездесуі, батырлық ҥйленуі – кҿне эпоста кең таралған қҧбылыс.
Бҧл кҿрсетілген сипаттар қазақтың кҿне эпосында, бірде кҿп, бірде аз
кездескенімен, жеткілікті орын теуіп келгені зайыр. Тҥркі-монғол халықтары
эпосынан келтірілген мысалдар эпикалық дҽстҥрдің даму жолдарын,
эволюциясын нақтырақ тануға кҿмектеседі. Сібір халықтарының эпосында
архаикалық элементтердің неғҧрлым кҿбірек сақталуы қазақ эпосының
бҧрын басып ҿткен сатыларын тҥсінуге, кей тараптан септігін тигізеді. Қазақ
арасында кейде ертегі, бірде аңыз кҥйінде жеткен қайсыбір бейнелердің,
оқиғалардың саха (якут), бурят эпостарында тҧтас қалпында жҥруін
эпикалық процестің тҥрлі деңгейлері деп тҥсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |