1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет5/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Фольклор  –  ежелгі  дүниетаным  және  кӛне  мәдениет,  әрі  мұра.  Ол    –  

кҿп  заманның,  бірнеше  дҽуірдің,  ҽртҥрлі  қоғамның  жемісі,  сондықтан 

кҿпқатпарлы,  кҿпсатылы  жҽне  кҿпмағыналы,  кҿпқырлы.  Ежелгі  замандарда 

пайда  болған  ырымдар  мен  ғҧрыптар,  діни  ҧғымдар  мен  мифтер,  –  бір 

жағынан, фольклор, ҿйткені, олар сол тҧстағы адамдардың ауызша шығарып 

айтқан  ҽңгімелері  жҽне  іс  жҥзінде  атқарған  ырым-кҽделері.  Бҧл  тҧрғыдан 

қарағанда,  олар  –  екінші  жағынан,  сол  дҽуір  қоғамының  мҽдениеті  болды, 

себебі  сол  замандағы  адамдар  атқарған  ырым-кҽделер  мен  айтылған  ҽңгіме-

мифтер  сол  қауым  ҥшін  мҽдени  рҿл  де  атқарды.  Ҥшінші  жағынан,  ҽртҥрлі 

ырымдар,  ғҧрыптар,  діни  нанымдар  мен  мифтер  алғашқы  қауым  адамының 

дҥниені  танып-білу  процесінде  қалыптасқан  руханият  еді.  Олар,  тҥптеп 

келгенде, сол бір кҿне дҽуір адамдарының дҥниетанымы еді. 

Қазақ  фольклорында  осы  айтылғандардың  барлығы  кездеседі  десе  де 

болады. Атам заманда ғҧмыр кешкен ата-бабаларымыздың ҽрі дҥниетанымы, 

ҽрі  рухани  мҽдениеті  болған  діни  нанымдар  мен  ҽртҥрлі  ырым-кҽделер, 

мифтер  тҥрінде  ҿмір  сҥрген  ежелгі  фольклор  бізге  мҧра  болып  та  жеткен. 

Солармен бірге ҽр кезең қоғамында пайда болған басқа да кҿптеген ҧғымдар 

мен тҥсініктер, мифтер мен ҽңгімелер де фольклорлық дҥниелер болып, сол 

ҽр  заманның  белгі-бедерін,  тҥсінік-пайымын  да  сақтап  келген.  Солардың 

бҽрінің басы  фольклорда  қосылады.  Алғашқы  қауымға  тҽн  дҥниетаным  мен 

діни  нанымдардың  қазақ  фольклорындағы  кҿрінісі  болып  анимизм, 

тотемизм,  магия,  табу,  сондай-ақ  рулық  қауымның  дамыған  тҧсында 

қалыптасқан шамандық тҥсініктер мен аруаққа табыну есептеледі. 

Анимизм  –  адамзаттың  ең  ерте  кезеңінде  пайда  болған  нанымның  бірі. 

Бҧл  наным  бойынша  дҥниедегі  нҽрсенің  бҽрі  жанды,  ҿлі  мен  тірінің,  адам 

мен  табиғаттың  бір-бірінен  еш  айырмасы  жоқ.  Алғашқы  қауым  адамы  ҿзін 

табиғаттан,  жан-жануардан  бҿлмеген,  яғни  «адам  мен  табиғаттың  теңдігі» 

туралы  заң  қалыптасқан.  Адам  ҿзін  қоршаған  ортадағы  нҽрсенің  бҽрі  адам 

сияқты  жанды  нҽрсе,  олар  адамша  тірлік  етеді,  сондықтан  олармен  адам 

тікелей  араласа  алады,  оп-оңай  бір-біріне  ауысады,  қҧбылып,  бірі-бірінің 

кейпіне  ене  алады,  тілдеседі  деп  нанған.  Мҧндай  анимизм  фольклорда, 

ҽсіресе, миф пен ертегіде жиі кездеседі: адам оп-оңай аңның немесе басқа бір 

нҽрсенің  тҥріне  енеді;  я  болмаса,  хайуан  адам  кейпіне  ауыса  алады,  ол 

адамша сҿйлейді; немесе адам мен жануар ҥйленіп, бірге ғҧмыр кешеді. 




 

19 


Тотемизм – адам, яки ру-тайпа белгілі бір жануардан, ҿсімдіктен, немесе 

желден,  кҥн  сҽулесінен,  я  болмаса  басқа  бір  ғажайып  нҽрседен  туады  деп 

илану жҽне сол бабасының  керемет қасиеттері  ҧрпағына дариды деп тҥсіну. 

Бҧл пайым Шыңғыс ханның кҥн нҧрынан жаралғаны, Тҿстіктің анасы тҿстік 

жегеннен туғаны, Қобыландының шешесі қабыланның жҥрегіне жерік болуы, 

Алпамыстың  ҽулиеден,  ал  Едігенің  пері  қызынан  тууы  сияқты  мотивтерге 

негіз  болған.  Кейбір  ертегілерде  кейіпкердің  атасы  –  аю,  қасқыр  сияқты 

жыртқыш  аңдар  болып  келеді.  Енді  бір  мифтерде  адам  мен  тылсым 

ҿкілдерінің  ҥйленіп,  олардан  туған  бала  ғажайып  кҥштің  немесе  басқа  бір 

керемет  қасиеттің  иесі  болады.  Осындай  тотемистік  ҧғымдар  ордалы 

жыланды,  немесе  ақ  жыланды  кҿрген,  оларға  жақсылық  істеген 

кейіпкерлердің  жан-жануар  тілін  білетін,  я  болмаса  зор  бақытқа  кенелетін 

адам жайындағы ертегілерде де бой кҿрсетеді. 

Магия – алғашқы қауымда пайда болып, кейін ҽртҥрлі ҿзгеріске ҧшырап, 

ҽлі  кҥнге  дейін  ел  арасында  сақталған  сҿздің  немесе  басқа  бір  іс-ҽрекеттің 

керемет  қасиеті  бар  деп,  олардың  қҧдіретіне  сену.  Сҿз,  я  болмаса  бір  іс-

ҽрекет,  ырым  арқылы  басқа  адамға,  затқа,  аңға  ҽсер  етуге  болады  деген 

тҥсінік фольклорда кең тараған. Кҿптеген мифтер мен ертегілер осы магияны 

арқа  тҧтады,  ондағы  кейіпкерлер  бірін-бірі  оп-оңай,  сиқыр,  немесе  дҧға 

арқылы, я болмаса ишара, ниет кҿмегімен-ақ аңға, қҧсқа, хайуанға, ҿсімдікке, 

т.б.  затқа  айналдырып  жібереді.  Мҧндай  шығармаларды  былай  қойғанда, 

алғыс,  қарғыс,  бата  секілді  фольклор  жанрлары  тҥгелімен  осы  магияға 

негізделген. Магия пайдалы (оңды) жҽне зиянды, тікелей жҽне шалғай болып 

та келеді. 

Табу – дҥниеде зиянды кҥш кҿп, солардан аман болу ҥшін ҽртҥрлі ырым, 

жоралғы  жасалған,  олар  атқарылмаса,  бақытсыздық  болады  деп  сенген 

алғашқы  қауым  адамдары  неше  тҥрлі  тыйым  ойлап  тапқан.  Тыйымның 

тҥрлері  фольклорда  ғана  емес,  кҥнделікті  тҧрмыста  да  жиі  кездеседі. 

Мысалы,  бҥйірді  таянбау,  шашты  жалбыратпау,  есікті  кермеу,  тҥнде  суға 

бармау,  қасқырдың  атын  атамау,  ай  сҽулесінің  астында  ҧйықтамау,  т.т. 

Мҧндай  тҧрмыстық  тыйымның  кҿбісі  ескі  діни  нанымдармен  байланысты 

болса,  енді  біразы  елдің  ҿмір  тҽжірибесінен  туындаған.  Ал,  фольклорда 

кездесетін  табу  –  кейіпкерлердің  тағдырына  ҽсер  ететін  тыйым.  Кҿп 

жағдайда  ертегінің,  дастанның  қаһарманына  белгілі  бір  тыйым  салынады, 

алайда, ол тыйымды бҧзады, соның кесірінен кейіпкер бір пҽлеге тап болады. 

Ер  Тҿстіктің  жаңа  тҥскен  келіншегі  Кенжекей  қайын  атасы  Ерназарға 

Сорқҧдықтың  басына  қонбасын  деп,  тыйым  салады.  Алайда,  Ерназар  оны 

тыңдамайды.  Ақырында,  оны  жалмауыз  кемпір  ҧстап  алып,  сҥйікті  ҧлы 

Тҿстікті  беруге  мҽжбҥр  етеді.  Осылай  тыйымды  бҧзып,  сорға  ҧшыраған 

Тҿлеген,  Мамай,  Едігенің  ҽкесі,  т.б.  қаһармандар  тағдырында  ежелгі 

табудың,  яғни  алғашқы  қауым  адамының  дҥниетанымы  жатқанын 

айғақтайды. 

Шамандық  –  алғашқы  қауым  ыдырап,  рулық  қоғам  қалыптасқан  тҧста 

етек  алған  табиғатқа,  аспан  ҽлеміне  табыну  жҽне  адам  арасында  ерекше 

кереметке ие, дҥниенің барлық сырын  білетін, тылсым кҥштермен араласып 



 

20 


жҥретін  айрықша  жан,  ғажайып  кісі  болатынына  сену.  Бҧл  наным  бойынша 

ҽлем  қҧрылысы  вертикалді:  аспан  ҽлемі,  жер  беті,  жер  асты  болып  келеді; 

сондай-ақ жаһан – тҿрт бҧрышты жазық тҥрінде болады. Сонымен бірге осы 

ҥш  ҽлемді,  тҿрт  бҧрышты  тҥгел  шарлай  алатын  адам  бар,  оның  қолынан 

келмейтіні  жоқ  деп  ҧғынған.  Ол  бақсы  (шаман).  Оның  басты  міндеті  – 

адамдарды  аурудан,  апаттан  сақтап  қалу,  қара  кҥш  иелерімен  ымырасыз 

шайқасып,  адам  баласын  қауіптен  қҧтқару,  т.т.  Осылардың  бҽрі  қазақтың 

кҿне  мифтері  мен  ертегілерінде,  ырым  мен  ҽдет-ғҧрпында,  ҽпсана  мен 

хикаяттарында  мол  ҧшырасады.  Ер  Тҿстіктің  жер  астына  тҥсіп  кетуі,  содан 

соң  жер  бетіне  шығуы,  Қорқыттың  дҥниенің  тҿрт  бҧрышын  шарлауы, 

Кҥнікей  қыздың  Кҥн  астында,  Айбарша  сҧлудың  Ай  астында  болуы  –  бҽрі 

ежелгі шамандық наным жемісі. Фольклорлық шығармадағы бас кейіпкердің 

керемет  кҿмекшілері  –  қолынан  келмейтіні  жоқ  шаманның  елесі.  Ал, 

ертегілердегі  жалмауыз  кемпірдің  ғаламаттығы,  жер  мен  кҿкті  тіреген  алып 

бҽйтеректің  биіктігі,  сондай-ақ  сиқырлықты  пайдаланып,  кейіпкерлерге 

кейде  зияндық,  кейде  жақсылық  істейтін  бақсының  ҿзі,  міне,  бҧлар  да 

шамандық ҧғым белгісі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет