Жарапазан
Ахмет Байтҧрсынҧлы: «Жарапазан рамазан деген сҿзден шыққан, ораза
уақытында балалар, бозбалалар тҥнде ҥйдің тысында тҧрып, жарапазан
ҿлеңін айтады. Ораза ҧстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан
айтқандарға қҧрт, май, ірімшік, бір шаршы шҥберек, басқа сол сияқты
нҽрселер береді. Жарапазанды кҽсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, кҥндіз
жҥріп айтатын ҥлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жҥріп
айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады»
1
, – деп жазады.
Қазақтар арасына жарапазан айту ерте кезде-ақ, яғни ислам келген
шақта еніп, ҿте кең тараған. «Жарамазан ҿлеңдерінің, – деп жазады
Б.Кенжебаев, – қазақ арасына жайылуының бір себебі: қазақ халқының ойын-
сауықты, ақындықты сҥйетіні болу керек. Бҧрын елде не жайылса да, ҿлең
ҿлшеуінің біріне тҥсіп, ҿлең жҧрнағы болған соң ғана жайылған. Ҿлеңсіз,
сҧлу сҿзсіз келген ҥгіт болса, ондайды халық керенау тыңдаған, ҧқпаған»
2
.
Расында да, сырттан енген сюжет болсын, яки ҿзіміздікі болсын,
кҿбінесе ҿлең тҥрінде айтылып, елге тез тараған. Оның себебі – қазақ
мҽдениетінде ҿлеңдете, мақалдата сҿйлеу дҽстҥрі болған. Ондай сҿздер,
ҿлеңдер жаттауға жеңіл болған жҽне жҧрттың санасына ҽсер ете алған. Міне,
ислам дінін, оның негізін қалаған Мҧхаммед пайғамбарды, расулдың
сахабаларын дҽріптеген жарапазан ҿлеңдері халық ішіне тереңдеп енген.
Оның бір дҽлелі – кеңес кезінде ҧмытылды деп есептелген жарапазанның
2005 жылы ғана 16 нҧсқасы мҽтінімен, нотасымен жариялануы
3
. Жарапазанда
мҧсылмандық идеялармен бірге ескілікті, шамандық ҧғымдар қатар жҥреді.
Алланы, пайғамбарды айта отыра мҽтіннің ішіне ежелгі нанымға негізделген
тілектер де енгізіледі.
Жарапазан ҿлеңі мазмҧн жағынан да, қҧрылымы жағынан да, тілінің
кестелігі жағынан да айтарлықтай кҥрделі емес. Оның мазмҧны – ислам
дінінің негізгі қағидаларын орындау қажеттігі, оларды орындамаса, тозаққа
тҥсіп, жазаланатындығы мен жарапазан арналып отырған адамды (ҥйдің
иесін) мақтап, содан ақы алу. Ҽлбетте, мҧның бҽрі ашық жҽне ҧйқастыра
айтылады. Бірер мысал келтіруге болады.
Ҥйің-ҥйің ҥй екен,
Ҥйдің кҿркі ши екен,
1
Байтҧрсынҧлы Ахмет. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы, 2003. 1-т. 309-б.
2
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1948. 1-т. Фольклор. 44-б.
3
Қазақ музыкасының антологиясы. Бес томдық. Алматы, 2005. 1-т. 52-69-б.
66
Саба кҿркі – бие екен,
Сандық кҿркі – тҥйе екен.
Ҽшекейлеп сырлаған,
Ақ сарайдай ҥйі бар.
Ақ бҿкендей қойы бар,
Қара сақал кер миық
Қандай байдың ҥйі екен?
Мҧхамбет ҥмбетіне жарапазан...
Немесе:
...Айтамын, байлар, сізге жарапазан
Молдалар ертең ерте айтар азан!
Айтқанға жарапазан қайыр берсең,
Барғанда ақыретке болмас жазаң
Айтамын жарапазан қожақайлап,
Жылайды қожа, молда тҥбін ойлап.
Тірлікте қайыр-зекет бермеген жан
Тҧрады ақиретте тайдай тулап...
Немесе: ...Айтамын жарапазан ҥйіңізге,
Ҧстаған ҥй айнала шиіңізге.
Қой берсең, қозы берсең, кҿпсінбеймін
Келіпсіз биылғы жыл кҥйіңізге...
1
Ал, мына шумақтарда ақы алу ҥшін жарапазаншы былай дейді:
Айтамыз жарапазан ҥйіңізге,
Туырлық ҥй айнала шиіңізге.
Осы ҥйдің шаңырағы шап-шақ екен,
Жеңгеміз осы ҥйдегі аппақ екен...
Айтамыз жарапазан есігіңе,
Қошқардай қос ҧл берсін бесігіңе.
Қошқардай қос ҧл берсе бесігіңе,
Қҧдайым айырмасын несібіңнен
2
.
Жарапазанның қалыпқа тҥскен бата тҥрі де бар жҽне ол жеке де
айтылады, бірақ кҿбіне жарапазан айтушы ҿзінің сыйын алғанда немесе алар
алдында
айтатын
болған.
Оны
«жарапазан-бата»,
яки
болмаса
«жарапазанның батасы» деп атайды:
Жарапазан батасы,
Сҿзімнің жоқ қатасы,
1
Сейфуллин С. Шығармалар. Алматы, 1964. 6-т. 182-183-б.
2
Қазақ музыкасының антологиясы. Алматы, 2005. 1-т. 55-б.
67
Ораза тілек айтқан
Мҧсылманның атасы.
Тағы-тағы берейін,
Таусылмас менің кҿп батам,
Бата беріп, қолыңнан
Жақсылықпен дҽм татам
1
.
Жарапазан ҿлеңінің қҧрылымы ҥш бҿліктен тҧрады. Бірінші – байды
мақтау, оның дҽулетін мақтау; екінші – келген ҥйіне тілек айту. Ораза айы –
Мҧхаммед (с.а.у.) пайғамбарға Қҧран аяттарының тҥсе бастаған уақыты,
Қҧдайға қҧлшылық етудің маңызды кезеңі, бҧл ай Қадыр тҥнінің болуымен
ерекшеленеді. Сондықтан рамазан айында – ораза айында айтылған тілектің
жҿні де бҿлек деп қабылданады. Ҥшінші – осындай маңызды кезеңде жақсы
тілектің қабыл болуын кҿксейтін адам жарапазаншының кҿңілін қалдырмай,
сҧрағанын беретін болған. Мҽтіндерге зер салсақ, жарапазаншы кҿп нҽрсе
сҧрамайтын сыңайда «Байлаңыз жақсы орамал белімізге», «Қой берсең, қозы
берсең кҿпсінбеймін», «Жарапазан айтқанға жылқы берсе» деген ҿлең
жолдары не берсе де, соны қанағат ететін кҿңіл байқатады. Берген сыйы
кҿңілден шықпаса немесе кҿңілге қаяу тҥсіретіндей болса, ол байдың ҥйін
сықақтап, мазақ етуі де мҥмкін, ол жарапазан айтушының сҿзге деген
шеберлігіне байланысты болуы керек. Ораза ҧстаған адамдар сауап болады
деп те жарапазаншыларға сыйлық береді.
Ал «Айтқанның жарапазан сауабы бар» дегеннің мҽні – жҥрген жерінде
мҧсылмандықтың негізгі қағидаларын сҿз етіп, белгілі дҽрежеде дінге
мойынсҧнуды дҽріптеуге қатысты. Бірақ діни уағызды жҥргізуде кҽсіби
қызмет еткен молдаларға қарағанда жарапазаншы бҿлек. Ҽрі мҽтіндерге
қарағанда, жарапазанды байлар емес, кедейлер айтатын сияқты.
Жарапазан айтатындар екі рҿлде кҿрінеді. Бірі – ҿлеңнің негізгі
мазмҧнын айтса, екіншісі оны қайырмамен қостайды:
Айтушы:
- Байлар, жатырмысың ҧйқылы-ояу,
Тҧсыңа Қыдыр келді атты, жаяу.
Мҧқамбет ҥмбетіңе жарапазан.
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла қҧдай, би рамазан!
2
.
Араб халқында жарапазан жоқ сияқты. Соған қарағанда жарапазан айту
дҽруіш-парсылар арқылы келген болу керек, сҿйтіп, ол біздің ежелден келе
жатқан алғыс пен бата-тілекке сіңісіп кеткен секілді. Мҽтіндерге қарағанда,
1
Сонда. 66-б.
2
Байтҧрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989. 255-б.
68
жарапазан айтушылар дінге тереңдеп енбеген, олар исламның бес шартын
айтумен шектелген. Кейбір жарапазан мҽтіндері қазақтың баяғы ақы сҧрап
айтатын мақтау ҿлеңдерін еске тҥсіреді. Сонымен қатар жарапазан
ҿлеңдерінің поэтикасында эпостық стильдің ҽсері байқалады. Жалпы,
жарапазан жырлары – діни маусымдық фольклордың тамаша ҥлгісі.
Жарапазан атауы халық ҧғымында ислам дҽуірімен байланысты
орныққан. Жарапазаншылардың келген ҥйіне айтатын игі тілегі, ҥй
иелерінен сыйлық кҥтуі, сыйлық берілмесе, кҿңілдері қалатынын білдіретін
ҿлеңдер ежелгі дҽуірлерде де болған. Тек оның қалай аталғаны бізге белгісіз
болып қалған. Ҽйтпесе, мҧндай мҽтіндер алтайлықтардың арасында тҧратын
мҧсылманданбаған тҥркі тайпасының бірі – телеуіттер арасында да бар
1
. Ол
мҽтін жарапазан деп аталмаған.
Тіпті, славяндардың бҧл ҿлеңдерінде де осындай мҽн бар. Сондықтан
жарапазанға дейінгі ежелгі дҽуірде де кҿптеген халықта маусымдық мереке
болған деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |