1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет74/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   135
Топонимикалық  аңыз  деген  атау  мен  жіктеу  шартты,  ҿйткені  аңыз 

болған соң ол міндетті тҥрде бір оқиғамен байланысты болады, яғни тарихи 

шындыққа  негізделеді.  Сондықтан  топонимикалық  аңыз  жартылай  тарихи 

болады. Олай болмаған жағдайда ондай шығарма аңыз жанрына жатпайды. 

Қазақтарда  жер-су,  тау-тас,  елді  мекен,  ҿзен-кҿл  жайында  ауызша 

айтылатын  ҽңгімелер  ҿте  кҿп.  Ол  тҥсінікті  де.  Бҥкіл ҿмірін табиғат  аясында 

ҿткізген ел ҿзін қоршаған ҽлем туралы білгісі келіп, сол дҥниенің ерекшелігін 

ескеріп,  немесе  тіршілігінің  қажеттігіне  байланысты,  я  болмаса  қиялға  ерік 

беріп, неше тҥрлі миф, ҽпсана, аңыздар шығарған. 

Алайда,  жер-су,  мекен  аттарына  байланысты  ҽңгіменің  бҽрі  тҥгелімен 

аңыз  болмайды.  Олардың  ішінде  тек  бір  тарихи  оқиғаға  немесе  адамға 

байланыстысы  ғана  аңыз  деп  танылуы  керек.  Басқаша  айтқанда,  жер-су, 

мекен  аттарын  тҥсіндіретін  этиологиялық  (себеп-салдарлы)  мҽндегі  ҽңгіме 

аңыз болып саналмайды. Егер ҽңгіме сол жерде, яки қалада болған оқиғаны 

баяндап,  ешқандай  ғажайыпты,  тылсым  ҧғыммен  байланыстырмаса,  ондай 

ҽңгімені  топонимикалық  аңыз  деп  білу  қажет.  Мҧндай  ҽңгіменің  басты 

нысанасы  –  мекеннің  атының  қайдан  пайда  болғанын  тҥсіндіру  емес,  сол 

мекенде  болған  оқиғаны  хабарлау,  бірақ  сырттай  қарағанда  ҽңгімеші 

мекеннің атын тҥсіндіріп отырған сияқты болып кҿрінеді. 

Ал,  жер-су,  мекеннің  қалай  пайда  болып,  оның  атының  қайдан 

шыққанын  тҥсіндіруді  мақсат  тҧтатын  ҽңгімелерді  мифке  немесе  ҽпсанаға 

жатқызу керек, ҿйткені, мҧнда себепті-салдарлы (этиологичность) сипат бар, 

я  болмаса  саналы  кҿркемдеу  бар.  Ҽрине,  мҧнда  бір  нҽрсені  ескеру  керек: 

мекеннің  пайда  болу  тарихының  тҥп  негізі  шын  болуы  ықтимал.  Мҧндай 

жағдайда  ҽңгіменің  кҿркемдік  қасиетіне  кҿңіл  бҿлу  керек.  Саналы  тҥрде 

кҿркемдеу жоқ болып, мекен тарихы шындыққа сҽйкес келсе, ондай ҽңгімені 

аңыз деуге де болады. 

Топонимикалық  аңыздар  таза  тарихи  аңыздан  гҿрі  кҿркемдеу  болады, 

сондықтан  онда  сҿз  ҿнерінің  нышаны  байқалады.  Мҧнда  кҿркем  қиял 

шығарма мазмҧнының хабарламалық сипатын ҿзгертіп, оған ғибраттық сипат 

бере  бастайды.  Сондықтан  аңыздың  бҧл  тҥрінде  ҽпсананың  белгілері  бой 

кҿрсетіп  қалады.  Оқиға  болған  мезгіл  алыстаған  сайын  топонимикалық 

аңызда бірінші қатарға сол оқиға болған жер туралы хабар шыға бастайды да, 



 

388 


тарихи  негізі  кҿмескілене  тҥседі.  Уақыт  ҿткен  сайын  бҧл  аңыз  кҿркемделе 

береді де, бірте-бірте ҽпсанаға айнала тҥседі

1



Қазақтың  топонимикалық  аңыздары  екі  тҥрлі  болып  келеді.  Бірі  – 



тарихи  оқиғамен,  дҽлірек  айтсақ,  қалмақтар  мен  қоқандықтарға  қарсы 

соғыстармен  байланысты  болып  келеді  де,  сол  ҧрыс  болған  жерлерді 

суреттеп,  оқиғаны  баяндайды

2

.  Сондай  аңыздардың  қатарына,  мысалы, 



«Сары ҿзен» деп аталатын кҥй аңызын жатқызуға болады

3

. Мҧнда қазақ пен 



қалмақтардың арасындағы жаугершілік заманда жау қолына тҥсіп, тҧтқында 

малшы  болған  жылқышы  Саймақтың  тағдыры  баяндалады.  Ҿзінің  кҥйшілік 

ҿнерінің  арқасында  ол  тҧтқыннан  босап,  еліне  қайтып  келе  жатқанда    Сары 

ҿзеннен  ҿтеді.  Осы  кезде  астындағы  Сарыжорға  кісінеп  қоя  береді.  Жануар 

болса да, туған жерін сағынған атқа таң қалып, Саймақ ҿзінің кҿрген-білгенін 

баяндап, еліне деген сағынышын білдіріп, «Сары ҿзен» кҥйін шығарады. 

Ал, келесі аңызда топонимикалық сарын мен тарихи нақты оқиға аралас 

келеді.  Жер  атының  неліктен  «Шом  қалған»  деп  аталуы  бҧл  аңызда  ҿмірде 

болған  тарихи  оқиғамен  байланыстырылады:  Отар  маңайындағы  Қопа 

ҿзенінің  бойында  кҿшіп  жҥрген  қазақтар  қоқандықтардың  қысымына 

шыдамай,  олардың  салықшыларын  ҿлтіріп,  тірі  қалғанын  масқаралап,  қуып 

жібереді. Қаһарланған Қоқан ханы қазақтарды жазалауға қисапсыз кҿп ҽскер 

жібереді.  Қоқандықтар  қазақтардың  еркектерін  ҿлтіріп,  ҽйел  мен  балаларын 

тҧтқынға алып, мал-мҥлкін талан-таражға салады. 

Қазақ елі де намысқа тырысып бағады. Осы кезде Шапырашты руынан 

ер  жҥрек  батыр  Сҧраншы  Ақылбайҧлы  шығып,  аман  қалған  жігіттерден  аз 

ғана  қол  жинап,  қоқандықтарға  тойтарыс  беруге  қамданады.  Сан  жағынан 

басым  жауды  бетпе-бет  ҧрыста  жеңу  қиын  екенін  білген  Сҧраншы 

жасағымен  тҥн  қараңғылығын  жамылып,  қоқандықтардың  шебіне  тақау 

келеді  де,  жігіттеріне  ҽр  жерден  кҿп  қылып  от  жағып,  у-шуды  кҿбейтуді 

бҧйырады. Содан соң қоқандықтарға «еркімен берілсін!» - деп елші жібереді.  

Қоқандықтар қаптаған отты кҿріп, азан-қазан болып жатқан шуды естіп, 

Сҧраншы  кҿп  ҽскер  жиған  екен  деп  шошиды.  Осы  сҽтті  кҥтіп  тҧрған 

Сҧраншы  қолымен  лап  қояды.  Жау  бытырап  қашады,  тіпті  тҥйелерінің 

қомдарын  тастай  зытады.  Содан  бері  осы  жер  «Шом  қалған»  деп  аталады,  - 

дейді аңыз

4

.  


Мысалға келтірілген екі аңыз да таза топонимикалық, мҧнда бҧл жанрға 

тиісті  белгілердің  бҽрі  бар  десе  де  болады:  тарихи  шындыққа  сай  келетін 

оқиға  болуы,  белгілі  бір  жердің,  судың  аталып  отыруы,  ешқандай 

кереметтіктің жоқтығы, кҿркемдеудің біршама жҧпынылығы. 

Топонимикалық  аңыздың  екінші  тҥріне  жер-су,  мекен  атын  нақты  бір 

                                                

1

 Аникин В.П. Художественное творчество в жанрах несказочной прозы: (К общей постановке проблемы) // 



Русский фольклор. М.- Л., 1972. Т.13. С.6-19. 

2

 Қалмақ Толағай, яғни қалмақтың басы // Дала уалаятының газеті. 1890. №19; О колодцах «Адам қырылған» 



// Казахские  сказки.  Алма-Ата,  1958. Т.1.  С.216-217; Урочище  «Чом  калган»  //  Сонда.  221-222-б.;  Шойтас 

мол // Сонда. 223-229-б. Шоқан Уҽлиханов жазып алған бір топ аңызды қараңыз: Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. 

в 5-ти т. Алма-Ата, 1961.  Т.1. С.228-288. 

3

 Мерғалиев Т. Домбыра сазы. 290-292-б. 



4

 Урочище «Чом -калган» // Казахские сказки. Т.2. С.221-222. 




 

389 


тарихи  фактіге  қатысы  жоқ,  бірақ  жалпы  шындыққа  саятын  оқиға  арқылы 

баяндайтын,  сондай-ақ  белгілі  бір  жер-судың  пайда  болуын  ешбір  мифтік 

ҧғымға  байланыстырмай,  бірақ  қиялға  негізделе  ҽңгімелейтін  шығармалар 

жатады


1

. Бҧл аңыздардың мазмҧны кҿбіне қайғылы болады, ҽңгіме кенеттен 

аяқталып,  оқиға  кҥрт  ҥзіледі,  ал,  кейіпкерлер  бақытсыз  жағдайға  душар 

болады.  

«Баяғыда  Ақтҿбе  деген  шаһарда  Махмҧт  деген  хан  билік  жасап 

тҧрыпты,  -  дейді  «Жорғабел»  деген  жер  атына    байланысты  аңызда.  Оның 

Жипар  (Жҧпар?  –  С.Қ.)  атты  ҽйелі  болыпты.  Бір  кҥні  ҽйелі  кҥйеуіне 

назданып: «Маған қҧланның еркегі мен ҧрғашысын ҧстатып, сыйға тартшы!» 

- депті.  

Махмҧт  хан  қҧба  жоннан  бір  еркек,  бір  ҧрғашы  екі  қҧланды  ҧстатып, 

оларды  жан-жағын  қоршап,  арнайылаған  жерге  жіберіп,  ҽйелінің  ҿтінішін 

орындапты.  Бҧл  қҧландарды  бір  уҽзір  кҥтіп-бағатын  болыпты,  ал  қҧландар 

қамауда жайылған жері «Қҧлан қорық» деп аталыпты.  

Қамаудағы қҧландар тҿлденіп, олардың саны кҿбейіп, қорыққа сыймай, 

бір  кҥні  дуалды  ҥш  жерден  бҧзып,  қҧба  жонға  қашып  кетіпті.  Қорықшы 

қҧлан  ҥйірін  тоқтата  алмаған  соң  «Қҧландар  қашып  кетті,  оларды  ҧстау 

мҥмкін емес», - деп, Махмҧт ханға  хабар береді. Хабарды естісімен Махмҧт 

Байбаш  (Байшҧбар?  –  С.Қ.)  деген  жорғасына  міне  салып,  бірнеше  жігітпен 

қҧландардың артынан кетеді. 

Бір  кезеңнің  ҥстінде  қҧланға  жетіп  қалған  Байбаш  жорға  болдырып 

қҧлайды  да,  зорығып  ҿледі.  Қҧландар  сол  бойда  қашып  кетеді.  Ал,  Махмҧт 

ханның Байбаш жорғасы ҿлген кезең содан кейін «Жорғабел» атаныпты

2



Бҧл  аңызда  жердің  аты  шындыққа  жақын  оқиға  арқылы  тҥсіндіріледі. 



Тарихта  дҽл  осындай  факті  болды  ма,  жоқ  па  –  бегісіз,  алайда,  аңызда 

ҽңгімеленетін Ақтҿбе қаласының қираған қалдықтары сақталған. Оны кезінде 

В.А.  Каллаур  толық  сипаттаған.  Сол  кісінің  жҽне  Ҽ.Диваевтың  айтуынша 

Ақтҿбенің  қалдықтары  бҧрынғы  Сыр-Дария  облысының  Ҽулие-ата  уезіне 

қарасты Дмитриевка деп аталатын село орналасқан жерге жақын «Қҧлансай» 

деп  аталатын  аңғарда  жатыр.  Қаланың  қалдығы  ҿте  кҿлемді,  шеңберінің 

аумағы 30 шақырымдай, ал тауға кіре беріс жағында «Қҧлан қамалған» деген 

бекініс бар. Бекіністің қабырғасы ҿте қалың болған

3

.  


Ҿткен ғасырдың аяғында жарияланған бҧл аңызда сол кезде ел аузында 

сақталған  жер  атаулары  да  берілген.  Бҧл  да  сол  дҽуір  шындығының  бір 

белгісі  болса  керек.  Сонымен  қатар  аңызда  баяндалатын  қҧланға  қҧмарлық 

бір  кезде  қазақ  даласында  ҽдетті  іс  болған.  Ал,  ескі  Ақтҿбе  қаласы  орта 

ғасырларда,  яғни  қазақ  сахарасында  жаппай  қҧлан  аулау  тҧсында  гҥлдеп 

                                                

1

 Ертіс толқыны // Қазақ ертегілері. Алматы, 1964. 3-т. 318-320-б,: Кҿк тҿбет // Сонда. 324-330-б.; Оқжетпес 



// Сонда. 341-б.; Об Иссык-куле // Казахские сказки. Т.1. С.220; Сказочная страна Барса-келмес // Казахские 

сказки. Т.1. С.234; Мын-жилкы // Казахские сказки. Алма-Ата, 1958.  Т.2. С. 217-218; Урочище Бакалы, Гора 

Турайгыр, Проход Сантау, Речка Каркара, Алтын-эмель // Сонда. 275-276-б.    

2

  Диваев  А.  Этнографические  материалы  //  Известия  Общества  археологии,  истории  и  этнографии  при 



Казанском университете. 1897. Вып. 14.  С. 234.  

3

  Сонда.  Ескі  Ақтҿбе  қаласы  қалдықтарының  қазіргі  жағдайы  туралы  анық  мҽліметті  «Қазақ  совет 



энциклопедиясының» 1-томынан (224-б.) қараңыз.   


 

390 


тҧрған

1

. Демек, «Жорғабел» кезеңінің бҧлай аталу тарихын баяндайтын аңыз 



оқиғасы  дҽл  сол  қалпындағыдай  ҿмірде  болмаса  да,  сол  орта  ғасыр 

шындығына саяды. Бҧл – аңыз жанрының басты қасиеті. Сонымен бірге бҧл 

аңызда қайғылы сарын да бар, кҿркем қиял жоқ, мағлҧматтық сипат басым. 

Ал,  енді  бірқатар  аңызда  қиял  араласып,  ҽңгіме  мазмҧны  белгілі  бір 

оқиғаға  негізделмейді.  Жалпы  тарихи  шындықпен  байланысын  ҥзбегенмен, 

ондай шығармалар деректі фактіден алшақ жатады. Сол себепті мҧнда ойдан 

шығарылған  эпизодтар,  қоспалар  болады,  ҽңгіме  біршама  кҿркемделеді, 

сҿйтіп,  ол  ҽпсана  мен  хикаят  жанрларының  сипаттарына  ие  бола  бастайды. 

Мысал  ретінде  «Кҿк  Тҿбет»,  «Ертіс  толқыны»  деген  аңыздарды  атауға 

болады


2

.  Тҥптеп  келгенде,  бҧлар  –  аңыз  бен  ҽпсана  аралығындағы 

шығармалар.  Біраз  кҿркемдік  қасиетке  ие  болуының  арқасында  бҧл 

шығармалар  мағлҧматтықтан  гҿрі  эстетикалық  функция  атқаруға  жақын. 

Мҧндай  аңыздар  ел  арасында  кҿбінесе  сейіл  қҧрып,  тамашалау  ҥшін 

айтылады, сондықтан айтушылар ҽңгімесін мҽнерлей баяндауға тырысады. 

Дҽл осындай қасиетті қазақ арасында жиі айтылатын алуан тҥрлі қыран 

қҧс,  жҥйрік  ат,  алғыр  тазы  туралы  аңыздардан  кҿруге  болады.  Мазмҧны 

жағынан  ҥндес  келгенмен  мҧндай  шығармалар  жанрлық  тҧрғыдан  ҽртҥрлі. 

Бҧл  топта  мифке  де,  хикаяға  да,  аңызға  да,  тіпті,  ҽпсана  мен  хикаятқа  да 

жататын шығармалар кездеседі

3

.  



Мҽселен, ҽртҥрлі аңдардың, қҧстардың  пайда болуы мен  олардың сырт 

пішініндегі,  мінез-қҧлқындағы  ерекшеліктерін  бір  себеппен  тҥсіндіріп 

баяндайтын  шығармаларды  біз  мифке  жатқызамыз.  Мҧнда  мифтік  ҧғым 

айқын сезіледі. Бҧған ҥй жануарларының Шопан-ата, Жылқышы-ата, Ойсыл-

қара  сияқты  аталары  жайындағы  ҽңгімелер  де  кіреді,  бірақ  бҧларда  ҽпсана 

мен хикаяттың да белгілері кездеседі. Ал, енді алғыр тазы, қыран қҧс, жҥйрік 

ат жайындағы шығармалардың кҿбісі аңыз болып келеді, ҿйткені, олар шын 

болған фактіге негізделеді, я болмаса солай деп қабылданады. 

Мҧндай  аңыздар,  ҽдетте,  баяндалып  отырған  оқиғаны  немесе  ҽңгіме 

арқауы болып отырған  жануарды кҿзімен кҿрген кісінің ауызекі ҽңгімесінен 

пайда  болады.  Ондай  ҽңгіме  бірден-бірге  айтылып,  елден-елге  тарағанда 

ғана, яғни ҽңгіменің оқиғасы тҧрақты сюжетке айналып, кҿпшілікке тарап, ел 

қажет  кезде  айтып  отыратын  болғанда  ғана  аңызға  айналады.    Ҽңгіме 

алғашында  таза  хабарламалық  сипатта  ғана  айтылса,  аңыз  мағлҧматтықпен 

бірге  ғибарттық,  сейілдік  мақсатта  да  айтылады.  Сондықтан  алғашқы  жай 

ҽңгімеге  қарағанда  аңыз  кҿркемдеу,  қызықтау  болады,  бірақ  ол  ешбір 

кереметтік  (чудо)  араластырмайды.  Егер  кереметтік  элементі  кіріксе,  ондай 

шығарма  ҽпсанаға  немесе  хикаятқа  айналады.  Бҧл  –  аңыздың  ҿзінен  басқа 

ҽлдеқайда  кҿркем  жанрға,  яғни  ҽпсанаға,  хикаятқа,  тіпті,  ертегіге  де 

айналуының басты жолы.      

                                                

1

 Қазақ совет энциклопедиясы. 1-т. 224-б. 



2

 Қазақ ертегілері. Алматы, 1964. 3-т. 318-320, 324-330-б. 

3

  Мерғалиев  Т.  «Домбыра  сазы»  кітабындағы  №1,  4,  7,  41,  44,  46,  47,  50-кҥйлердің  аңыздарын  қараңыз. 



Сондай-ақ  «Хайуанаттар  туралы  қазақ  ертегілері»  (Алматы,  1979)  атты  жинақтағы  №30-37-мҽтіндерді 

қараңыз. 




 

391 


 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет