§ 6. Әпсана
Қазақ фольклорында аңыздан гҿрі кҿркем, бірақ кҿркемдігі ертегіден
тҿмендеу ҽңгімелер бар. Олардың мазмҧны ҽртҥрлі, себебі сюжеттік қайнар
кҿзі осылай. Бір топ ҽңгіме – бір кезде тарихта болған адамдар жайында аңыз
болып шығып, тараған шығармалар. Екінші бір тобы – белгілі бір мекен,
жер-су жайын қиял тҥрінде баяндайтын ҽңгімелер. Ал, ҥшінші топ қҧрайтын
ҽңгімелер – Інжіл мен Қҧран, тағы басқа да діни кітаптар арқылы тараған
сюжеттер. Алайда, бҧлардың бҽрінде кҿркемдік пен кереметтіктің
элементтері мол пайдаланылады. Сондықтан дінге қатыссыз шығармаларда
ҽпсаналық, ал мҧсылман дініне байланысты ҽңгімелерде хикаяттық сипат
басым екенін ескеріп, ҽпсана мен хикаят жанрларын жекелеп қарастырған
жҿн. Ҽпсана сҿзі парсыша ертек, қиял, мысал, ҽңгіме жанрларының атауы
жҽне ҽдемі, сҧлу, керемет деген мағына береді
1
. Демек, бҧл сҿз біздің
қарастырып отырған кҿркемдігі біршама дамыған, қиял мен керемет
элементтерін мол пайдаланып отырған мҧсылман дініне қатыссыз
шығарманың мҽніне сҽйкес. Ҽпсана терминін ҿз еңбектерінде Ҽ.Марғҧлан
жиі қолданады. Ҽпсана сҿзін термин ретінде қолдану жалпы фольклортануда
бар
2
.
Аңыз бен ҽпсана - ҿзара жақын, бірақ бір-бірінен оқшаулығы бар екі
жанр. Олардың бір-бірінен айырмашылығы кҿркемдіктің дҽрежесінен
білінеді, яғни шығармада қиял (вымысел) мен кереметтік (чудесное)
қаншалықты кҿркемдік рҿл атқарады, міне, бҧл – аңыз бен ҽпсананың
ҽрқайсысын ерекшелендіріп тҧратын басты белгі, бірінші шарт. Бҧл екі
жанрдың айырмашылығы олардың атқаратын функциясынан да кҿрінеді.
Басқаша айтқанда, аңыз бен ҽпсана шығармалары қандай мақсатта айтылады,
міне, бҧл да – жанрды ерекшелендіретін белгі. Аңыздың мақсаты – бір
фактіні, тарихи оқиғаны хабарлап, ол туралы тыңдаушыға мҽлімет беру.
Демек, аңыздың қызметі (функциясы) – танымдық, мағлҧматтық. Ал,
ҽпсананың мақсаты – баяғыда болған, немесе болды деген бір оқиғаны, іс-
ҽрекетті, немесе жағдайды кҿркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат
беру. Мҧнда бас кейіпкерлер дҽріптеле суреттеледі, олар кҿркем бейне
деңгейінде кҿрінеді.
Аңыз бен ҽпсана – прозалық фольклордың кҿркемдік даму жолындағы
екі кезең десе де болады. Себебі бҧл екеуінің де тҥп негізінде кҿп жағдайда
ҿмірде болған бір оқиға жатады, бірақ аңыз осы оқиға дҽуіріне жақынырақ
болады, сол себепті ол аса кҿркемделмей, мағлҧматтық мақсатта ғана
айтылады. Бірте-бірте, оқиға болған дҽуірден алыстаған сайын, аңызда қоспа
кҿбейіп, неше тҥрлі қосымша детальдар пайда болып, алғашқы мҽліметтік
1
Гаффаров М.А. Персидско-русский словарь. В 2-х т. М., 1976. Т.1. С.52; Оңдасынов Н. Парсыша-қазақша
тҥсіндірме сҿздік. Алматы, 1974. 28-б.
2
Бҧл терминді ҿзбек жҽне ҧйғыр фольклористері де қолданады. – Қараңыз. Узбек халқ оғазки поэтик ижоди.
Тошкент, 1980; Уйғур халиқ еғиз ижадийити. Алмута, 1983.
392
ҽңгіме кҿркемделе тҥседі де, болған оқиғаның ҿзі де кҿмескі тартады. Сҿйтіп,
аңыз ҽуел бастағы сипатын жоғалтып, ҽпсанаға немесе хикаятқа ауысады.
Ҽрине, бҧдан барлық аңыз ҽпсанаға немесе хикаятқа осылай айналады екен,
ал ҽпсана мен хикаят тек осындай жолмен ғана пайда болады екен деген
пікір тумауы керек. Бҧл – тек бір ғана жолы.
Ҽпсана басқа да жолмен пайда бола береді. Мҧндай жағдайда ол тарихи
оқиғаға негізделе бермейді, оның сюжеті ойдан шығарылған, я болмаса басқа
бір шығармадан алынған болып келеді. Ҽсіресе, жер-су, мекен тарихын
баяндайтын ҽпсаналардың сюжеті кҿп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне
ҧқсатылып, ойдан шығарылады. Мысал ретінде «Тоқпанның балалары»,
«Айнақ кҿл», «Ыстық кҿл», «Қара жігіт», «Ҿгіздің терісі», «Қызылкеніш
ордасы» сияқты шығармаларды атауға болады
1
.
Мҧндай шығармаларда ҽпсаналық, яғни ертегіге жақын сипат басым
болады. Ҽңгіме бір заманда болыпты деген оқиғадан гҿрі сондай болса екен
деген мақсатта қҧрылған сюжетті баяндайды, сондықтан мҧндай ҽпсанада
ойдан
шығарылған,
бірақ
фантастикалық
тҥрге
жетпеген
қиял
пайдаланылады. Онда аспанды шарлатып, жерді айналдыратын, я болмаса
ҽп-сҽтте шаһар тҧрғызып, елді таң қалдыратын керемет болмайды. Басқаша
айтқанда, керемет (чудесное) ғажайыпты (фантастикалық) сипатта емес.
Сонымен, ҽпсана деп кейде ертеде болған, немесе ойдан шығарылған бір
оқиғаны кҿркемдей баяндайтын шығармаларды айтамыз. Тақырыптық жҽне
сюжеттік мазмҧнына қарай қазақ ҽпсаналары шартты тҥрде тарихи-мекендік
жҽне утопиялық болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |