1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет88/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

§ 9. Тарихи жыр  

 

Жалпы  сипаты.  Тарихи  жыр  –  қазақ  фольклорының  ішіндегі  ерекше 

жанр.  Оның  жанрлық  табиғатын  тануда  зерттеушілер  ҽртҥрлі  пікір  айтқан 

болатын.  Бір  оқымыстылар  оны  батырлық эпостың  кейінгі  дҽуірлерде  туған 

тҥрі деп, оған «кенже эпос» деген атау берсе, басқа ғалымдар оны жеке жанр 

ретінде  қарастырған.  Соңғы  пікір  ғылымда  орнығып,  тарихи  жыр  арнайы 

монографиялық  тҥрде  зерттеудің  объектісіне  айналды,  оның  ішкі  жанрлық 

тҥрлері де біршама зерттелді. Сҿйтіп, қазақ фольклорының даму барысында 

                                                

1

 Лихачев Д.С., Панченко А.М. Аталған еңбек.     



2

 Уҽлиханов Ш. Қазақ шежіресі // Таңдамалы. Алматы, 1985. 119-б. 




 

420 


тарихи  жыр эпикалық жанрдың ежелгі  формасынан жаңа сипатқа  кҿшкенін, 

оның шындыққа жақындай тҥскенін кҿрсететін бір саты екенін айқындады.  

«Тарихи  жыр»  ҧғымын  кеңірек  мағынада  тҥсінетін  болсақ,  оған  ел 

тарихының, халық ҿмірінің маңызды кезеңдеріне арналған эпикалық, сондай-

ақ  бірен-саран  лиро-эпостық  туындылар  жататынын  кҿреміз.  Ҽрине,  тарихи 

жыр кҿркем шығарма болғандықтан, онда ҿмір сол қалпында суреттелмейді, 

қайта  тарих  фактілері  мен  оқиғалары  кҿркемделіп,  біршама  ҿзгертіліп 

кҿрсетіледі.  Тарихи  шындықты,  болмысты  фольклор  да,  ҽдебиет  те,  ҿнер де 

дҽл сол кҥйіндей бейнелемейді. Ҽсіресе, фольклорда ҿткен заман оқиғалары 

тҧтастанып,  бір  дҽуірге  шоғырланады,  сондықтан  ҽр  шығармадан  нақты 

болған  тарихи  оқиғаны,  істі,  фактіні  сол  қалпында  болады  деп  іздеуге 

болмайды.  Фольклорда  уақыт  тҧйықталады,  кеңістік  жиырылады,  іс-

ҽрекеттер ҽсіреленеді… 

Тарихи  жыр  болған  оқиғаның  ізінше  қолма-қол  тумайды.  Керісінше, 

оқиғаға  қатысушылар  ҿз  кҿрген-білгендері  мен  батырлардың  ерлік  істері 

туралы ҽртҥрлі аңыз, ҽңгіме, ҿлең туғызады. Арада біраз уақыт ҿткеннен соң, 

не  кҿзкҿргендердің  ішіндегі  мықты  бір  ақыны,  немесе  басқа  бір  талантты 

жыршы  баяғы  шағын  ҿлеңдер  мен  аңыздар  негізінде  ҿзінше  сюжет  қҧрап, 

жанынан  қосып,  қайта  жырлайды.  «Жырлардың  авторлары,  –  деп  жазады 

Мҧхтар  Ҽуезов,  –  кҿбінесе  сол  оқиғаларды  кҿзімен  кҿрген  тҧстастары. 

Авторлар кҿзімен кҿрген, ҿздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай 

сап-сабымен баяндайды»

1

. Тарихи жыр, тҥптеп келгенде, батырлық жыр мен 



тарихи ҿлеңнің аралығындағы жанр десе де болады. Тарихи ҿлең ҽңгімеленіп 

отырған оқиғаның ізінше пайда болады да, ел арасына тез тарап кетеді. Кейін 

сол  ҿлеңдерде  айтылған  оқиғалардың  негізінде  кҿлемді  шығармалар  туады. 

Олар  бірте-бірте  циклденіп,  ҥлкен  жырға  айналады  жҽне  оған  басқа  да 

тарихи шағын  ҿлеңдер енеді.  Содан барады да ҥлкен, эпикалық тарихи  жыр 

пайда  болады.  Ахмет  Байтҧрсынов  айтады:  «1879-1880  жылдары  болған 

«Қоян»  қыстың  жҧты  турасында  шығарған  ҿлең  болушы  еді.  Сонда  қыстың 

қалай  болғанын,  елдің  қандай  жҧтағанын,  қандай  аштық,  азап  тартқанын 

айтушы  еді.  Сол  ҿлең  осы  кҥнге  дейін  сақталған  болса,  о  да  тарихи  жыр 

болады»


2

, – деп. Ахмет  Байтҧрсыновтың бҧл сҿзінен  тарихи ҿлең белгілі бір 

оқиғадан  кҿп  ҧзамай  туатынын,  ал,  уақыт  ҿте  келе  ол  ҿлеңнің  жырға 

айналатынын  аңғаруға  болады.  Міне,  осылай  тарихи  жыр  жанрының  пайда 

болуы  мен  даму  жолдарын,  оның  бірте-бірте  ҥлкен  батырлық  жырға 

айналатынын  да  кҿреміз.  Бізге  жеткен  кҿптеген  батырлық  жырдың  даму 

жолы  осындай.  Ҽлбетте,  батырлық  жыр  тегіс  бҧлай  дамымайды.  Батырлық 

эпостың  қҧрамында  миф  те,  ертегі  де,  аңыз  да  кездеседі.  Кейбір  эпос  тек 

солардан тҧрады.  

Тарихи  жыр  да  саф  таза  кҥйінде  болмайды.  Ол  ҿз  бойына  басқа 

жанрлардың  да,  ҽсіресе,  батырлық  эпостың  қасиеттерін  сіңіреді.  Бҧл 

жанрдағы  туындылар  кҿбіне  батырлық  эпостың  поэтикасын  пайдаланады. 

                                                

1

  Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет. Алматы, 1962. 76-б. 



2

  Байтҧрсынҧлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы, 2003. 1-т. 289-б.   




 

421 


Сол себепті, оларда ҧқсастықтар мол, бірақ олардың айырмашылықтары да аз 

емес.  Батырлық  эпоста  оқиғаның  жалпы,  ҧлы  сорабы  ғана  сақталып,  шын 

болған оқиға ҿте кҿмескіленіп, оған ҽртҥрлі қиял-ғажайып нҽрселер араласып 

келіп отырса, тарихи жырда ҽлі де болса ізі онша суи қоймаған оқиғалар да, 

оларға  қатысқан  адамдар  да,  олардың  іс-ҽрекеттері  де  тарихи  шындыққа 

біршама  жақын  болады  жҽне  қиял-ғажайыптық  белгілер  мейлінше  аз 

ҧшырасады. 

«Тарихи 


жырлардың 

батырлық 

эпостан 

жанрлық 


айырмашылығы  бар.  Яғни  тарихи  жырларда  эпостық  баяндауға  тҽн 

объективтік  сарынның  орнын  оқиғаларды  тікелей  қабылдаған  автордың 

(жыршының  –  С.Қ.)  ҽсері  араласқан  субъективтік  баға  басады»

1

.  Бҧл  екі 



эпикалық  жанрдың  ҿзгешеліктері  мҧнымен  бітпейді.  Қажым  Жҧмалиев 

айтқандай,  «…эпостық  жырлардың  қаһармандары  атса,  оқ  ҿтпейтін,  шапса, 

қылыш ҿтпейтін, суға салса, батпайтын, отқа салса, кҥймейтін қасиеттері бар 

жҽне  Бабай  Тҥкті  Шашты  Ҽзиз,  қырық  шілтен  тҽрізді  бағып  жҥретін  иелері 

бар  адамдар  болып  суреттелсе,  тарихи  жырлардың  қаһармандары  олардай 

емес,  ержҥректі,  кҥш-қайраты  мол,  оқ  ҿтіп,  қылыш  кесетін  жҽй  адамдар. 

Тарихи  жырлардың  уақиғалары  да  осы  тҧрғыдан  қҧрылады.  Тілі  жағынан 

алғанда  да,  батырлар  жырлары  мен  тарихи  жырлардың  айырмашылығы 

бар»

2

.  



Тағы  бір  айтатын  нҽрсе:  батырлық  эпос  ҥшін  шындық  ҿмірді  жҽне 

оқиғаларды,  батырлардың  асқан  ерлігін  гиперболалық  тҽсілмен  ҽсірелеп   

кҿрсету – басты идеялық-эстетикалық мҧрат болып саналады. Эпостық тҽртіп 

бойынша  бҧрын-соңды  болған  оқиғалар  бір  адамның  бойына  таңылып, 

олардың  кҽдуілгі  қимыл-қайраты  зор  ерлік,  жҥрек  жҧтқан  батырлық 

дҽрежесіне  кҿтеріле  суреттеледі.  Мҧндай  қаһармандық-эпикалық  эталондар 

ҧзақ жылдар бойы қалыптасады. Сол себепті батырлық эпоста кҿрсетілгеннің 

бҽрі  мҥмкіндігінше  кең  диапазонды,  монументальді  сипатта  суреттеліп, 

ҥлкен қорытындылар жасалады. Сондықтан мҧнда тҧтастанудың барлық тҥрі 

кҿрініс  береді.  Тарихи  жырда  идеялық-эстетикалық  мҧрат  сҽл  басқаша. 

Мҧнда  ҥлкен  оқиғаның  жекелеген  фактілеріне,  бҧқара  қауымнан  ҿзінің 

қайратымен, жҥректілігімен, ақылымен дараланып шыққан кҽдімгі адамдарға 

мҽн  беріледі.  Бірақ  олар,  яғни  жеке  факті  де,  адам  да  жалпы  тарихи 

жағдайдан  бҿлек  алынбайды.  Тіпті,  тарихи  жырдың  бҥкіл  мазмҧнының  ҿзі 

сол заманның оқиғаларынан туындап, ҿрбіп жатады.  

Қазақ  фольклорын  зерттеушілер  Кеңес  ҿкіметі  тҧсында  кҿбінесе  ХҤІІІ-

ХІХ  ғасырларда  болған  оқиғалар  туралы  тарихи  жырларды  қарастырды,  ал 

ХХ  ғасырға  байланыстыларды,  негізінен,  ақындар  шығармашылығы 

бойынша  талдады,  соның  ҿзінде  де  1916  жылғы  ҧлт-азаттық  кҿтерілісті 

бейнелеген дҥниелер ғана объектіге айналды. Мҧның бірнеше себебі болды. 

Бір  жағынан,  компартия  идеологиясының  қысымы  болса,  екінші  жағынан, 

кҿптеген  дереккҿздер  жабық  болды.  Тек  енді  ғана,  яғни  Тҽуелсіздік  алғалы 

бері  ежелгі  мҧрамызды,  соның  ішінде  ертеде  туған  тарихи  жырларды  іздеп 

                                                

1

  Ҽуезов М. Аталған еңбек. 76-б. 



2

  Жҧмалиев Қ. Қазақ эпосы мен ҽдебиет тарихының мҽселелері. Алматы, 1958. 220-221-б. 




 

422 


табуға,  жариялауға  жҽне  зерттеуге  мҥмкіндік  туды.  Қолдағы  бар 

материалдарға қарағанда, қазақ тарихи  жырларын мынадай дҽуірлерге бҿліп 

қарастыруға  болатын  тҽрізді:    а)  ХIV-ХV  ғасырлар;   ҽ)  ХVІІІ  ғасыр  мен    б) 

ХІХ-ХХ  ғасырлар  оқиғаларын  баяндайтын  туындылар.  Ҽрине,  бҧл 

шығармаларды  сол  дҽуірлерде  дҥниеге  келген  деп  есептеуге  болмасы 

тҥсінікті.  Олардың  кҿпшілігі  сол  ҿздері  суреттеп  отырған  оқиғалардан 

ҽлдеқайда кейін туған жҽне хатқа ҿте кеш тҥскен. Сол себепті мҧнда белгілі 

дҽрежеде  шарттылық  бар  екенін  де  ескеру  қажет.  Яғни  біздің  заманымызға 

жеткен  тарихи  жырлар  кҿп  ғасырды  басынан  ҿткерген,  кҿп  жыршының 

«қолынан»  ҿткен,  сҿйтіп,  алуан  тҥрлі  ҿзгеріске  тҥскен.  Оның  ҥстіне  тарихи 

жырлар  –  кҿркем  фольклор  тҥрінде  жазылып  алынған.  Демек,  осының  бҽрі 

тарихи  жырларды  зерттегенде  фольклорда  тарихи  оқиға  ҿзінше 

бейнеленетінін  білуді  қажет  етеді.  Бейсембай  Кенжебаев  дҧрыс  айтады: 

«Тарих  пен  ауыз  ҽдебиеті  (фольклор  –  С.Қ.)  бірдей  емес  екенін  де  ескеру 

қажет. Тарихшы болған оқиғаны тыңнан, ойдан жаңалық қоспай, сол тарихта 

болғанынша  тексеріп,  талдап,  айтып  береді.  Ол  ҥнемі  тарихтық  нақтылы 

материалдарға  сҥйенеді,  айтылған  ойын,  пікірін  солармен  дҽлелдейді.  Ал 

ауыз  ҽдебиеті,  ақын,  жырау  болған  оқиғаның,  тарихи  адамның  ҿмірбаяны 

мен  істеген  ісінің  сҥрлеуін,  ізін,  желісін  ғана  алады.  Басқасын  ҿзінің  қиял 

дҥниесінен шығарады, суретпен, пернемен, бейнемен айтып дҽлелдейді»

1

.             



Сонымен,  ҽзірге  бізге  мҽлім  тарихи  жырлар  ҥлкен  ҥш  топ  қҧрайды. 

Соның ішінде ең ертелеуі деп есептелетіні  – ХVІІІ ғасырға дейінгі оқиғалар 

туралы  баяндайтын  шығармалар.  Оларды  орта  ғасырлық  деп  те  атауға 

болады.  Дҽлірек  айтқанда,  ХІV-ХVІІ  ғасырларда  ҿмір  сҥрген  ерлер  мен 

олардың  істері  жҿнінде  айтатын  туындылар.  Бҧл  топқа  «Орақты  батыр», 

«Жҽнібек  батыр»  («Жҽнібек  батырдың  ҿлеңі»),  «Сҽтбек  батыр»,  «Еңсегей 

бойлы  ер  Есім»,  «Есім»,  «Олжаш  батыр»  сияқты  жырлар  енеді.  Аталмыш 

шығармалар бҧрын жарияланбаған жҽне зерттелмеген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет