1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет90/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135
Жәнібек  хан  туралы  жыр.  Жыр  Ҽзірет  сҧлтан  заманында  Ноғайлы 

елінің басшысы болған Ҽлібек деген байдың, қартайғанға дейін бала кҿрмей, 

перзентсіздіктің  зарын  тартқанын,  оның  жетпіс  бес  жасында  ҽулие-

ҽнбиелердің басына  тҥнеп жҥріп, Қҧдайдан бала сҧрағанын, ақырында, оған 

тҥсінде  Шашты  Ҽзиз  аян  беріп,  ҧлды-қызды  болатынын  білдіргенін,  содан 

кейін,  кҿп  ҧзамай,  Ҽлібек  ҧлды  болып,  оның  атын  Жҽнібек  қойғанын,  одан 

кейін дҥниеге келген қыздың атын Мақпал қойғанын баяндаудан басталады. 

Ҽлібек  байдың  қай  жерді  мекендегенін  жырдың:  «Ел-жҿні Сырдарияның ар 

жағында», – деген тармағынан аңғарамыз. 

Эпостың  классикалық  ҥлгілерінің  барлығына  «ортақ  жер»  болып 

табылатын осындай ғайыптан туу мотивін пайдаланудан басталған жыр одан 

ары қарай Жҽнібектің ҿзінің ерлігін ҿте жас кезінде танытып, қазақ еліне жиі 

шапқыншылық  жасап,  тыныштығын  кетірген  қалмақтың  ханы  Қараманға 

қарсы  он  тҿрт  жасында  жорыққа  аттанып,  жеңіспен  оралғанын  суреттеуге 

ҧласады.  Одан  кейін  оған  ҿзі  жорықта  жҥргенде  артта  қалған  елін  басып 

алған  Арқадан  келген  қалмақтармен  соғысып,  туған  халқын  азат  етуге  тура 

келеді. 

Жҽнібектің  туып-ҿскен  жері  де,  оның  елінің  мекені  де  Оңтҥстік 

Қазақстан ҿлкесі екені жырда айқын кҿрсетіледі. Ол ҿз елін жиі-жиі шауып, 

тыныштық  бермейтін  қалмақтың  ханына  он  тҿрт  жасында  жорыққа  да  сол 

жерден аттанады.   

Жыр  оқиғасы  ҿткен  елді  мекендердің  қатарында  Алматы,  Бішкек, 

Ҽулиеата  сияқты  қалалардың  аттары  да  кездеседі.  Сонымен  қатар  жырда 

анахронизмдер  де  ҧшырасып  қалып  отырады.  Мысалы,  туындыда    болыс, 




 

426 


старшын сайлауының ҿткізілгені туралы да сҿз болады. Бҧл, ҽрине, Жҽнібек 

хан  заманының  шындығы  емес,  Ресей  патшалығының  қазақ  даласында  ХІХ 

ғасырда қолданысқа енгізген жаңа мизамының салдары екені анық. 

Жырда  классикалық  эпос  ҥлгілерінде  жиі  байқалатын  кҿпқабаттылық 

(полистадиальность)  та  ҧшырасады.  Ноғайлардың  жерін  басып  алған 

қалмақтардың  басшылары  болып  табылатын  алты  батырдың  Ақкҿбік, 

Қаракҿбік  деген  екеуі  жергілікті  адамдардан:  «Бҧл  жерде  қандай  мықты 

адамдар бар?» – деп сҧрағанда, олар: 

«Жҽнібек деген батырымыз бар еді, жауға  аттанып кетті. Ҽзірет сҧлтан 

деген  ҽулиеміз  бар  еді,  сіздердің  келгендеріңізді  жақтырмай,  жердің  астына 

кіріп кетті», – деп жауап береді. 

Қазақтардың  «Ҽзірет  сҧлтан»  деп  Қожа  Ахмет  Яссауиды  атайтыны 

белгілі.  Ахмет  Яссауи  ХІ  ғасырдың  аяғында  туып,  1167  жылы  қайтыс  

болған. 


Ал,  жырда біресе  «батыр», біресе  «хан» ретінде кҿрсетілетін Жҽнібек  –

ХV ғасырда Керей сҧлтанмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған белгілі 

тарихи тҧлға деген  қорытындыға  келіп  отырмыз. Мҧндай тҧжырым  жасауға 

жырда  Жҽнібектің  Сыр  бойын  мекендеген  ноғайлылар  арасында  туып-ҿсіп, 

сол  жердің  тҽуелсіздігін  қорғауға  басшылық  жасағаны,  одан  кейін  біраз 

уақыт  Еділ  мен  Жайық  ҿзендері  бойында  билік  қҧрғаны,  одан  кейін  Арыс 

жағасында хандық қҧрғаны баяндалуы  негіз береді.  «Қазақстан  тарихында»: 

«Қазақ  рулары  мен  тайпаларының  едҽуір  бҿлігі  сонау  40-50-жылдардың 

ҿзінде  Қазақстанның  оңтҥстік  жерлерінде  –  Қаратау  баурайларында, 

Сырдарияның  тҿменгі  ағысында,  Тҥркістанның  солтҥстік  бҿлігінде  Керей 

мен  Жҽнібектің  тҿңірегінде  топтасқан  еді.  Ҽбілқайыр  хан  қырда  ҿз  билігін 

нығайту  жолындағы  кҥреспен,  Жошы  ҧрпақтарының  жҽне  рулар  мен 

тайпалардың  бағынбаған  басшыларының  қарсылығын  басумен  ҽлек  болып 

жҥргенде  Ақ  Орда  ханының  мҧрагерлері  бҧл  аумақта  тҧрақты  билігін 

қамтамасыз етіп алды»

1

, – деп жазылуы осыны айғақтайды. 



Ал,  жырда  Жҽнібектің  қазіргі  Оңтҥстік  Қазақстан  ҿлкесін  мекендеген 

халықтың  ҿздеріне  хан  болуын  ҿтінгеніне  қарамастан,  ол  ҿлкеден  кеткені, 

бірақ осы ҿлкені екінші рет жаудан қорғап қалғаннан соң ғана хандық билікті 

қолына  алғаны  баяндалуына  келсек,  тарихи  фактілер  де  Жҽнібек  пен 

Керейдің  Тҥркістан  маңындағы  жерлерден  ХV  ғасырдың  50-жылдарының 

соңында  Батыс  Жетісуға  қоныс  аударғанын,  Ҽбілқайыр  қайтыс  болғаннан 

кейін  Шығыс  Дешті  Қыпшақты  ҿз  иелігіне  қайтадан  қосып  алғандығын 

растайды.  Бҧл  туралы  жоғарыда  аталған  кітапта:  «ХV  ғасырдың  60-

жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында жҽне одан кейінгі жылдары 

қазақ  хандарының  билігі  Қазақ  хандығының  қҧрамына  енгізілген  басқа 

жерлері  мен  оны  мекендеген  халықтары,  Тҥркістан  (Оңтҥстік  Қазақстанның 

Сырдариядағы  қалаларының  бір  бҿлігі)  жҽне  шығыс  Дешті  Қыпшақтағы 

ҧлан-ғайыр далаларда бірте-бірте кеңіп, тарай бастады»

2

, – деп жазылған. 



                                                

1

 Қазақстан тарихы. Алматы, 1998. 2-т. 328-б. 



2

 Сонда. 337-б. 




 

427 


Жырда  Жҽнібектің  Еділ  мен  Жайық  бойын  мекендеген  қалмақтарды 

жеңіп,  ҿзіне  бағындырғанына  келсек,  ол  ҿлкені 1391  жылдан  ХVІІ    ғасырға 

дейін  Ҧлы  Ноғай  Ордасы  мекен  еткені,  ал,  оның  билеушілері  мен  Орыс 

ханның ҧрпақтары болып табылатын Қазақ хандарының қарым-қатынастары 

бірде татулық, бірде жаулық сипат алып, сан қҧбылып отырғаны кҿпшілікке 

мҽлім. 


Қазақ  фольклорында  ҥнемі  Ҽзірет  сҧлтанның  керемет  қасиетіне  орай 

адамнан қҧбыжыққа айналған  кейіпкерлер ретінде суреттелетін Ақкҿбік пен 

Қаракҿбіктен халықты қҧтқарушы ретінде «Орақты батыр» жырында Орақты 

кҿрінсе,  «Жҽнібек  хан»  жырының  бас  кейіпкері  де  дҽл  осы  қызметті 

атқарады. Екі жыр оқиғасының  айырмасы – Орақты ҿз қарындасының ҿмірін 

саналы  тҥрде  қатерге  тіксе,    Ноғайлы  адамдары  Ақкҿбік  пен  Қаракҿбіктен 

қҧтылудың  жолын  ойласа  келіп,  оның  жолына  жемтік  қалдырып,  кҿшіп 

кетуді  дҧрыс  кҿреді.  Олар:  «Бҧл  ҿзі  адамнан  қҧбыжыққа  айналған  пҽле  ғой, 

малды да, қызды да керек қылатын шығар», – десіп, қҧбыжықтардың келетін 

жолына бір жабағы мен жорықта жҥрген Жҽнібектің қарындасы – Мақпалды 

байлап  кетеді.  Сол  кезде  елге  жеткен  Жҽнібек  Ақкҿбік  пен  Қаракҿбікті 

ҿлтіріп, қарындасын аман алып қалады. 

Ақкҿбік пен Қаракҿбіктің адамнан жынға қалайша айналғаны бҧл жырда 

анығырақ  баяндалған.  Онда  Ҽзірет  сҧлтанның  ҿздерін  жақтырмағандықтан 

жер  астына  тҥсіп  кеткеніне  шамданған  Ақкҿбік  пен  Қаракҿбік  Ҽзірет 

сҧлтанды  қорлауды  кҿздеп,  оны  ҧры  етіп  кҿрсету  ҥшін  ҽулиенің  жер  ҥстін 

мекендеген  кезде  тҧрған  ҥйіне  екі  жылқы  сойып  апарады.  Осыны  сезген 

ҽулие ҽлгі екі жауызды: «Сендер итке айналып кетіңдер! Заһарларың жеткен 

жердегілердің бҽрі қырыла берсін!» – деп қарғайды. 

Қазақ  эпосының  тҧрақты  сюжеттік  инвариантын  қҧрайтын  мотивтердің 

«Жҽнібек  хан»  жырында  кездесетін  ҥлгілері  жоғарыда  келтірілген 

мысалдармен  шектелмейді.  Дегенмен  олардың  барлығына  бірдей  тоқталуды 

біздің  еңбегіміздің  кҿлемі  кҿтермейді.  Сондықтан  біз  бҧл  жырда  эпикалық 

ҽсірелеу  тҽсілдері  де  жан-жақты  қолданылғанын,  мысалы,  Жҽнібек  хан 

қаптаған  жауға  жалғыз  ҿзі  аттанып,  жеңіске  жететін  эпикалық  қаһарман 

дҽрежесіне кҿтеріле бейнеленгенін атап ҿтумен шектелеміз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет