1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет6/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Фольклор  –  тұрмыстың  бӛлшегі.  Фольклор  –  адам  тіршілігінің  ҿн 

бойында  қолданылып,  ҽр  саласында  пайдаланылатын  дҥние.  Ол  кҥнделікті 

ҿмірде  утилитарлық  функция  орындайды,  яғни  тҧрмысқа  қызмет  етеді, 

қажетті  бір  істі  атқарады.  Сол  себепті  фольклордың  біраз  бҿлігінде  саналы 

кҿркемдеу  болмайды.  Осындай  фольклордың  қатарына  тҧрмыстық  қызмет 

атқаратын  ғҧрыптық  жҽне  ҥйлену  салтына  ҽрі  жерлеу  рҽсіміне  байланысты 

жанрлар жатады. Мысалы, сҽби дҥниеге келгенде жҥзеге асырылатын ҽртҥрлі 

ырым-кҽделер мен соларға қоса орындалатын ғҧрыптық ҿлең-жырлар, тілек-

баталар,  дҧғалар,  сол  тҽрізді  сҽбиді  қырқынан  шығару  мен  бесікке  салу 

кезінде атқарылатын ырымдар мен айтылатын шарапатты сҿздер, тҧсаукесер 

мен  сҥндет  той  кезінде  орындалатын  кҽде-жоралғылар  мен  ҿлеңдер  – 

бҧлардың  бҽрі  міндетті тҥрде  орындалуға  тиісті фольклор.  Ол  ырымдарсыз, 

шапағатты  тілек-батасыз,  ақ  тілеулі  дҧғасыз  аталған  шаралар  жҥзеге 

асырылмайды.  Демек,  бҧл  тҧста  фольклор  –  тҧрмыстың  бір  бҿлшегі, 

тіршіліктің  қажетті  ісі  болып  кҿрінеді.  Осы  сияқты  ҥйлену  салтындағы 

ырым-кҽделер мен жар-жар, сыңсу, беташар секілді жырлар, ал адам қайтыс 

болғанда  міндетті  тҥрде  айтылатын  естірту,  кҿңіл  айту,  жҧбату,  жерлеу 

рҽсімі  бойынша  айтылуға  тиісті  жоқтау  –  адам  ҿмірінің  ҽр  кезеңінде  таза 

тҧрмыстық,  утилитарлық  қызмет  атқаратын  фольклор.  Бҧларсыз  ҥйлену 

тойы,  жерлеу  рҽсімі  болмайды.  Ендеше,  фольклор  –  тҧрмыстың  ҿзімен  біте 

қайнап, қосылып кеткен руханият. 

Фольклордың  бҧл  тҥрінде  ежелгі  дҽуірдің  пайым-тҥсінігі,  діни  ҧғымы 

мен  нанымы,  дҥниетанымы  толық  пайдаланылады.  Бірақ  бҧл  жағдайда  олар 

ҽдейі  қолданылмайды.  Керісінше,  кҿне  заман  ҧғымдары  емін-еркін,  табиғи 

тҥрде,  ешбір  кҥдіксіз  араласады.  Кҿбінесе,  олар  кҿркемдік  міндет  атқарады, 

алайда, бҧл кҿркемдік мақсатты емес, ол да адам болмысы мен сезімі сияқты 

табиғи. 

Егер  фольклорды  кең  мағынада  қолдансақ,  халықтың  қолҿнері,  ҥй 




 

21 


жабдықтары  мен  жастардың  ҽшекейленген  киімдері,  бҧйымдары,  аттың 

ҽбзел-тҧрманы,  оюлар,  сырмақтар,  т.б.  ҥнемі  қолданыста  болатын  ҽдемі 

заттар,  кҽдімгі  халық  ҽндері  мен  кҥйлері,  ҿлеңдері  мен  жырлары  сияқты  – 

елдің  мҽдени  мҧрасы,  олар  да  тҧрмыстың  бір  бҿлшегі  ретінде  тіршіліктің 

сҽнін келтіріп, мҽнін арттырады. Демек, бҧлар  – фольклордың утилитарлық, 

яғни қолданбалы тҥрлері болып саналады. 



Фольклор  – сӛз ӛнері. Ҿнер болу ҥшін,  ең ҽуелі,  кҿркемдік қасиет жҽне 

орындаушы мен тыңдаушы болуы керек. Қазақ қоғамында фольклор осы ҥш 

шартты  тҥгел  орындаған, тіпті, одан да кең ауқымды қамтыған. Фольклор  – 

ҽрі  ҽдебиет,  ҽрі  театр  рҿлін  атқарды,  оның  шығарушылары  ҽрі 

орындаушылары  –  жыршы  мен  ақындар,  сондай-ақ  тыңдаушылары  мен 

кҿрермендері  болды.  Сондықтан  фольклор  ҿзіндік  кҿркем  ҽдіс,  бейнелеу 

тҽсілдер  мен  кҿркемдеуіш  қҧралдар  жасап,  орнықтырды.  Бҧл  процесте  ол 

ежелден  келе  жатқан  ҧғымдар  мен  нанымдарды,  мифтер  мен  басқа  да  ескі 

жанрларды  пайдаланып,  оларға  басқа  сипат  дарытты,  эстетикалық  міндет 

артты. Сҿйтіп, алғашқы қауымға тҽн мифтік сананың жемісі кҿркем қҧралға 

айналды,  бейнелілікке  жҽне  метафораға  негіз  болды.  Осы  жолда  кҿркемдік 

шарттары  қарапайымдылықтан  кҥрделілікке ойысты, саналы, мақсатты  қиял 

пайда болып, ғажайыптық сипат алды, утилитарлық функция эстетикалыққа 

ауысты,  осының  нҽтижесінде  фольклор  поэтикасының  қалыптасуы,  оның 

кейінгі  заманда  ҽдебиетке  енуі,  ҽдеби  поэтикаға  негіз  болуы  заңдылыққа 

айналды.  Кҿркем  фольклорлық  жанрлар  туып,  қалыптасты,  ертегілер, 

жырлар, дастандар, ең алдымен, эстетикалық, сейілдік, содан соң  тҽрбиелік, 

т.б. мақсат тҧтты. 

Фольклорды  ҿнер  етіп  кҿрсететін  басты  белгілері  мыналар: 

романтикалық ҽдіс пен типтендіру, тҧтастану процесі, кейіпкерлерді суреттеу 

тҽсілдері,  жалпылық  пен  формулалықтың  қатар  жҥруі,  импровизацияның 

айрықша  кҿрінуі,  шығармалардың  тҧрақты  композициясы  мен  ҿзіндік  стилі, 

фольклорлық  уақыт  пен  кеңістік,  ҽлеуметтік  утопия,  т.т.  Бҧлар  фольклорды 

сҿз  ҿнері  етіп,  ҽдебиетке  жақындатса,  енді  бір  ерекшеліктер  бҧл  екеуін 

алшақтата 

тҥседі. 


Мҽселен, 

фольклордың 

байырғы 

ҧғымдармен, 

тҥсініктермен,  ҽдет-ғҧрыппен  байланысы,  фольклорлық  сана  мен  ойлау, 

индивидтік  тілдің  жоқтығы,  даралық  портреттің  болмауы,  іс-ҽрекеттің 

біржақты  ҽрі  дереу  істелуі,  кейіпкердің  ғажайып  туып-ҿсуі,  оның  ғаламат 

қасиеттерге  ие  болуы  ҽдебиетке  тҽн  емес.  Бірақ  бҧл  айтылғандар 

фольклордың  ҿнер  екенін  жоққа  шығара  алмайды.  Оның  ҥстіне, 

фольклордың  шындықты  суреттеуі,  тарихты  қамтуы,  қиял  мен  болмыстың 

арақатынасын  ҿзгеше  ҿруі,  сондай-ақ  фольклор  шығармаларының  орындалу 

мақсаты  мен  мҽнері,  тыңдаушылардың  фольклорлық  туындыға,  ондағы  іс-

ҽрекеттерге  кҿзқарасы  –  бҧлар  да  фольклорды  сҿз  ҿнері  ретінде  кҿрсете 

алады. 


Сонымен,  фольклордың  ҿзіндік  табиғаты  оның  теориясына  да  ҿзгеше 

сипат  береді.  Фольклор  теориясы,  ең  алдымен,  оның  ҽр  кезде  атқаратын 

ҽртҥрлі  қоғамдық-тҧрмыстық  міндеті  мен  танымдық,  тҽрбиелік  жҽне 

эстетикалық  функцияларынан,  мақсаттарынан  туындайтын  мҽселелерді 




 

22 


қарастырады. Бҧлардың ішінде ең бастылары, ҽрине, фольклорлық дҽстҥрмен 

тығыз  байланысты.  Фольклорлық  дҽстҥр  дегеніміз  –  қалыптасқан 

шығармашылық  ҽдістің  жалғастығы,  ал  ҽдебиеттегі  дҽстҥр  дегеніміз  

бҧрынғы  тҽжірибені  жаңғырту  болып  табылады.  Дҽлірек  айтар  болсақ, 

фольклордағы  дҽстҥр  –  бҧрынғы  тҽжірибені  ҿзгертпей  қабылдау  ҽрі 

жалғастыру,  ал,  ҽдебиеттегі  дҽстҥр  –  бҧрынғыны  сол  қалпы  ала  салу  емес, 

соны ҿзгерте дамыту. Сол себепті де ҽдебиетте даралық сипат басым болады 

да,  жеке  автор  ҿзінен  бҧрынғыны  қайталамайды.  Мҽселен,  Абайды  алайық, 

ол  ҿзіне  дейінгі  бҥкіл  ақын-жыраулардың  мҧрасын  бойына  сіңірген.  Асан, 

Шалкиіз,  Бҧқар,  Дулаттар  болмаса,  Абай  да  болмас  еді.  Бірақ  Абай  оларды 

сол  кҥйінде  қайталаған  жоқ,  олардың  мҧрасын  бойына  сіңіріп  қана  қоймай, 

ол ҿзі қабылдаған нҽрсені елге қайтадан, мҥлде жаңарған  тҥрінде берді ғой. 

Міне,  ҽдебиеттегі  дҽстҥр  дегенді  осылай  тҥсіну  қажет.  Ал,  фольклордағы 

дҽстҥр  мҧндай  мақсаттан  аулақ,  онда  бір  шығарманың  ертеде  айтылған 

нҧсқасы  жаңадан  жырланғанның  ҿзінде  алғашқыдан  алшақ  кетпейді. 

Фольклорда нҧсқалардың болатын бір себебі – осы. 

Фольклор  теориясының  маңызды  бір  мҽселесі  –  кҿркемдік  ҽдіс,  соған 

байланысты  кейіпкерді  суреттеу  тҽсілі.  Осы  тҧрғыдан  келгенде,  фольклор 

романтикалық  типтендіру  ҽдісін  қолданып,  кейіпкерді  суреттеуде  дҽріптеу 

мен  ҽсірелеу  сияқты  тҽсілдерді  пайдаланады.  Мҧнда  уақыт  пен  кеңістік 

ҿзгеше  кҿрінеді.  Мҽселен,  эпикалық  уақыт  ҽдеттегіден  басқаша,  сондай-ақ 

кеңістік  те  болмыстағыға  сҽйкес  бола  бермейді,  бҧларда  шарттылық, 

мақсатты қиял ҥлкен рҿл атқарады. Эпикалық стиль мен тҧрақты формулалар 

фольклор шығармасына ҿзіндік баяндау тҽсілін жҥктейді. Кҿнелік сипат пен 

жаңаның,  қиял  мен  ақиқаттың  аралас  жҥруі  –  фольклорға  тҽн  ерекшеліктің 

бірі.  Оларды  зерттеуші  жақсы  ажырата  білуі  тиіс.  Фольклорлық 

шығармалардың  композициясы  біртектес  болып  келеді  де,  оқиғалар  бір 

кейіпкердің  маңайына  шоғырланады,  сҿйтіп,  іс-ҽрекеттер  бір  бағытта  ҿтіп 

жатады, ал уақыт кері шегерілмейді… 

Осы  айтылғандардың  бҽрі  сҿз  ҿнеріне  айналған  кҿркем  фольклорға 

қатысты.  Фольклор  теориясы  дегенде,  бҧлардан  басқа  да  аспектілер  бар 

екенін  айту  керек.  Солардың  бастылары:  сюжеттердің  контаминациясы, 

жанрлардың  синкреттілігі,  фольклордағы  импровизацияның  рҿлі  мен  орны, 

фольклордың  тарихқа,  шындыққа  қатынасы,  ҧлттық  ерекшеліктер  мен 

типологиялық  сюжеттер,  фольклорлық  сана  мен  орындаушының  ара-

қатынасы,  т.т.  Міне,  осы  қасиеттері  арқылы  фольклор  ҽдебиетке 

жақындайды, бірақ ол – ҽдебиет емес. Ежелден келе жатқандықтан фольклор 

жоғарыдағы  ҿнерге  тиесілі  белгілерді  ҽдебиеттен  бҧрын  ҿмірге  ҽкелген, 

пайдаланған. Сол себепті де фольклор – ҽдебиеттің бастауы деп тҥсініледі, ол 

–  ҽдебиеттің  ҿзі  бола  алмайды.  Ҽрбір  фольклорлық  шығарма  –  дҽстҥрге 

негізделген,  халыққа  кең  тараған,  нҧсқалары  бар,  ауызекі  айтылатын, 

авторсыз  туынды.  Ал,  ҽдебиет  туындысы  –  авторлық  мҽтін,  онда  автордың 

қайталанбас қолтаңбасы, ҿз стилі бар, оның нҧсқалары болмайды. Автордың 

ҽр  кейіпкері  –  дара,  ҿзіне  ғана  хас  мінез-қҧлқы  бар,  сҿйлеу  машығы  бар 

тҧлға.  Жалпы,  фольклордың  жинақтау  мен  шарттылықты  пайдалану 



 

23 


мҥмкіндігі  авторлық  ҽдебиетке  қарағанда  молырақ,  бірақ  фольклорда  бҧлар 

қалыптасқан дҽстҥр аясында қолданылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

24 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет