«Есім хан» жыры. Жыр оқиғасы қалмақтың Дорбанқор атты ханы
Сырдария жағасындағы Қамыстақ деген жерге мың адамды бастап келуінен
басталады. Есім хан ҽскерімен болған соғыста жеті жҥз адамынан айрылып,
шегінген қалмақтар енді Жидекті ну орманы деген жерде қарымта
қайтармақшы болады. Ҧрыс алдындағы жекпе-жекте Ҽбеухайдар деген қазақ
батыры қалмақтың Ҧран деген батырын, одан кейін Дорбанқордың ҿзін де
ҿлтіреді. Басшысынан айрылған қалмақ қолы тағы да шегінеді. Қазақтар
оларды қуып барып, екі мың жылқысын айдап ҽкетеді, кҿп адамын тҧтқынға
алады. Қалмақтар Маңыраққа қоныс аударып, Алтай тауының ар жағындағы
432
елдің патшасы – Ҽслиханға арыз айтады. Ҽслихан оларға екі жыл бойы кҥш
жинап, соғысқа дайындалу керектігін айтады. Екі жылдан соң Қамыстаққа
мың қолды бастап келген Ҽслихан қазақтармен соғысуға батылы жетпей,
кейін қайтады.
Жырда аталған кейіпкерлердің Есім ханнан ҿзгелерін тарихта анық
болған деуге негіз боларлық дерек жоқ. Жыр оқиғаларының болған
жерлерінің «Қамыстақ», «Жидекті» деген топонимикалық атаулары да
Қазақстанның кез келген тҥкпірінен табылуы мҥмкін болғандықтан, бҧл
шығармада нақтылы қай уақытта болған оқиға бейнеленгенін тап басып
айтуға, тіптен, мҥмкіндік жоқ.
Дегенмен, Есім ханның жырда бейнеленгендей қалмақтардың
басқыншылығына ҽлденеше рет ойсырата тойтарыс беріп, ақырында, оларға
ҿзінің ҥстемдігін мойындатқаны – тарихи шындық. Мысалы, В.А.Моисеев
ХVІІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасына қарай қазақ пен қырғыздың
кейбір билеушілері ойрат феодалдарына тҽуелді екенін мойындауға мҽжбҥр
болғаны, ал, сол ғасырдың екінші онжылдығының соңына қарай Есім ханның
ойраттарды бірнеше рет ойсырата жеңіп, оларды бітім жасауға мҽжбҥр еткені
туралы жазған
1
.
«Олжаш батыр» жыры. Олжаш батыр туралы дерек ҿте аз. Жырдағы:
Шығайҧлы Есім ханның заманында,
Ғасырдың он алтыншы бас кезінде
Олжаш шықты аттанып, туын байлап, –
деген тармақтар жҽне Есім хан мен Олжаштың ортақ жауы ретінде
қалмақтың ханы Қатағанның бейнеленуі бҧл туындыға Есім жҽне Тҧрсын
хан арасындағы қақтығыс орын алған 1627 жыл оқиғалары арқау болған
деген қорытынды жасауға болады. Мҧндай тҧжырым жасауға негіз беретін
дҽлелдің бірі – «Олжаш батыр» жырында да жеңілген хан қыздарының
ҥлеске салыну тарихы баяндалуы. Мҧндай жағдай «Еңсегей бойлы ер Есім»
жырында да бар. Онда Тҧрсын ханның ҽйелі ҿзінің Айбике, Нҧрбике,
Қоңырбике деген қыздарына Тобықты елін ҿздері іздеп тауып, қазақтың игі
жақсыларын таңдап тию жҿнінде тапсырма бергені жҽне қыздарының сол
кеңесті бҧлжытпай жҥзеге асырғаны айтылады. Ал, «Олжаш батыр»
жырында Олжаш Қатаған ханның Оразбике, Айбике, Нҧрбике, Қызданбике,
Қоңырбике атты бес қызын ҿзіне қарасты елдің қандай кісілері алуы керек
екендігін шешкені сҿз болады. Жалпы, Тҧрсын хан қыздарының ҽкесі
ҿлгеннен кейінгі тағдыры Шҽкҽрім қажының шежіресінде, Қабанбай
батырдың жҽне Жанбике руының шежірелік аңыздарында ҽңгімеленеді.
Сондай-ақ Шақшақ Жҽнібек батыр туралы жырда жҽне М.Тынышбаевтың
зерттеу еңбегінде келтірілген Арғынның Қаракесек руының шежіресінде
Қатаған ханның қыздарына қазақ батырларының ҥйленгені баяндалады.
Халық арасында біршама уақыт ауызша айтылып барып, қағазға тҥскен
1
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи ХVІІ-ХVІІІ вв. Алматы, 1991. С.22-25.
433
бҧл дереккҿздерінде «Тҧрсын хан», «Қатаған хан» деп аталған билеушілердің
екеуі – бір кісі екенін олардың қыздарының аттары бірдей екенінен де
(Айбике, Нҧрбике, Қоңырбике) жҽне «Олжаш батыр» жырында Қатағанның
Есім хан бастаған елге шабуыл жасағанынан да аңғарылады. Соған
қарағанда, қазақ халық ҽдебиетінің бірқатар ҥлгілерінде Тҧрсын хан
қарамағында болған қазақ руының атауы аталған ханның есіміне айналып
кеткені аңғарылады.
Тҧрсын ханның қыздары ҥлеске салынуы туралы аңыз Орта жҥз
қазақтары арасында ҽртҥрлі нҧсқалар тҥрінде кеңінен тарағаны байқалады.
Мысалы, М.Тынышбаевтың еңбегінде: «Қазақ руының шежіресінен... «Есім
ханның жорығы туралы: Арғынның батырлары Қатаған халқына бір
шабуылдан кейін қырық тҧтқын қызды бҿліске салған; сонда Шаншар
Нҧрбикені, Қарпық Дҽулетбикені, Байбҿрі Оразбикені, ал, Тобықты руы
Қоңырбикені алды. Бҧлар Қатаған руы басшысының қыздары болатын», –
деп оқимыз»
1
, – деп жазылған.
Бҧл келтірілген мҽліметтер Тҧрсын хан қыздары мен олардың нҿкерлері,
шынында да, қазақтың кҿрнекті азаматтарына жар болып, текті ҽулеттердің
анасына айналғандығына кҥмҽндануға жол бермейді, дегенмен, аңыздар мен
жырларды, жалпы, фольклор ҥлгілерін айтушылар ҿзі айтып отырған
шығарманы ҿз мақсаттарына сҽйкес ҿзгертпей қоймайтынын аңғартады.
Қосымша деректер болмағандықтан, біз Олжаш батырдың нақты қай
уақытта ҿмір сҥргенін білмейміз. Ал, Шығайҧлы Есім хан жырда
кҿрсетілгендей ХVІ ғасырдың бас кезінде емес, ХVІ ғасырдың екінші
жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында ҿмір сҥрген. Аталған
ханның нақты қай жылы туғаны туралы мҽліметті таба алмасақ та, оның
Қазақ елінің тағына 1598 жылдан бастап отырғаны анық. Осыған қарап,
Олжашты да ХVІІ ғасырда ҿмір сҥрген тарихи тҧлғалар санатына қосуға
болар еді. Бірақ бҧған жырда кездесетін ҿзге де анахронизмдер Олжаштың
ҿмір сҥрген дҽуірі эпоста дҽл кҿрсетілген деуге мҥмкіндік бермейді.
Мҽселен, анахронизмнің мына ҥлгісін алайық:
Қара би Майқы ҧлы – ақылшысы,
Ойшылы – Асан қайғы отағасы, –
деген жыр тармақтары бар.
Майқы биді тҥркі тектес халықтардың бірқатары ҿздерінің арғы атасы
деп есептейтіні, «Тҥгел сҿздің тҥбі бір, Тҥп атасы – Майқы би» деген қанатты
сҿзді олардың ҽрқайсысы-ақ айтатыны, кейбір шежірешілер оны Шыңғыс
ханның замандасы деп білетіні белгілі. Сондықтан оның ҧлы Олжаштың
ақылшысы болғанына ешкім сене қоймас. Сол сияқты Асан қайғының ҿмір
сҥрген кезеңі басқа.
Асанның ХVІ ғасырда ҿмір сҥрген кісі ретінде бейнелеп отырған
Олжаштың ойшылы ретінде ауызға алынуы қисынсыз. Оның ҥстіне жырда
1
Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1998. С. 156.
434
Асан қайғы мен Олжаштың ҧлы – Асан – екеуінің бірлесіп, Жиделі Байсынға
қоныс аударғаны да айтылған.
Жалпы, тҥркі халықтары ҽз тҧтқан тҧлғалардың бҧл шығармада
Олжаштың ойшылы, ақылшысы ретінде қызмет атқаруы, тіпті, олардың бірі
Олжаштың ҧлымен де ҥзеңгілес болып шығуы М.Ҽуезовтің: «Тарихи
жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи
жырларда эпостық баяндауға тҽн объективтік сарынның орнын оқиғаларды
тікелей қабылдаған автордың ҽсері араласқан субъективтік баға басады»
1
, –
деген ой қорытындысын еріксіз еске тҥсіреді.
Тарихи жырлардың кҿпшілігінде жиі байқалатын жыршының ҿз руынан
шыққан немесе ҿзі жырлап отырған шығарманың бас кейіпкеріне айналған
батырды ҿзге адамдардың бҽрінен ықпалды, артық қасиетке ие етіп кҿрсетуге
ҧмтылушылығы да – субъективизмнің бір тҥрі. Осындай субъективизм
жырдағы Есім хан мен Олжаштың арақатынасынан да байқалады. Жырда
Есім ханның бас кейіпкерден ҽлдеқайда тҿмендетіле бейнеленгені Есімнің
Олжаш жоқта елін шапқан жауға ҿз бетінше ешқандай қарсылық кҿрсете
алмай, Олжашқа хабар беріп, хабарды естіп келген Олжашқа ҽскер жинап
берумен ғана шектеліп, жорыққа қатыспауынан, Есім хан тірі тҧрғанда
Қатаған қыздарын Олжаштың ҥлестіруінен байқалады. Бҧл жерде бас
кейіпкерді дҽріптеудің ежелден келе жатқан дҽстҥрлі тҽсілі қолданғандығын
ҧғыну ҥшін жалпы ҽлем эпосы ҥлгілерінде бас кейіпкерді ҽсірелей кҿрсетудің
жиі қолданылатын тҽсілі туындының бас қаһарманы сол елдің билеушісінен
басым тҥскенін суреттеу болып табылатынын еске тҥсіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |