1-Топ тапсырмасы 10 минут Тапсырма Апаттық жағдай туралы дабыл қағуға



Дата19.05.2023
өлшемі19,72 Kb.
#95228
Байланысты:
1-Топтық жұмыс 5 кун


1-Топ тапсырмасы 10 минут
Тапсырма 1. Апаттық жағдай туралы дабыл қағуға (сигнал беруге) арналған дербес ( бір – біріне тәуелсіз) жұмыс жасайтын екі құрылғы бар. Апаттық жағдай орын алған жағдайда бірінші құрылғының іске қосылу ықтималдығы 0,95, екінші құрылғы үшін – 0,9.
Ықтималдықтарды табыңыз:
а) Апаттық оқиға кезінде бір ғана сигнал беру құрылғысы жұмыс істейді;
б) кем дегенде бір сигнал беру құрылғысы жұмыс істейді.

2-Топ тапсырмасы 10 минут


Есеп №2 Техникалық бақылау бөлімі өнімді стандарттау үшін тексереді.
Өнімнің стандартқа сай болу ықтималдығы 0,9. Ықтималдығын табыңыз: сынақтан өткізілген екі өнімнің а) біреуі ғана стандартқа сай; б) кем дегенде біреуі стандартқа сай.

3-Топ тапсырмасы 10 минут


Есеп 3. Екі мылтықтан бір мезгілде оқ атқанда нысанаға бір оқтың тию ықтималдығы
0,38-ге тең.
а) Бірінші мылтықтан атылған оқтың нысанаға тию ықтималдығын табыңыз,
егер екінші мылтық үшін бұл ықтималдық 0,8-ге тең екендігі белгілі болса.
ә) ең болмағанда бір мылтықпен нысанаға тию ықтималдығын табыңыз.

4-Топ тапсырмасы 10 минут


Есеп 4. Екі мерген нысанаға бір – бірден оқ атты. Екеуінің қатар нысанаға тию ықтималдығы - 0,54, ал екеуінің де тимей қалу ықтималдығы - 0,04. Әр атқыштың бір оқ атқандағы нысанаға тигізу ықтималдығы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет