1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет5/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

«ЕДІГЕ БАТЫР» ЖЫРЫ
Бұрынғы өткен заманда, Хорезмнің жұртында, Тоқтамыс деген бір хан болған. Ол ханның мекені Қоңырат елінде екен. Ханның қарауында қырық мың үйлі қоңырат, қырық мың үйлі қыпшақ, қырық мың үйлі маңғыт, қырық мың үйлі қазақ, қырық мың үйлі қарақалпақ, он мың үйлі қаңлы, қырық мың үйлі қытай, қырық мың үйлі Жаумыт, қырық мың үйлі Шаудыр, он мың үйлі үйсін, он мың үйлі ұйғыр, он мың үйлі найман т.б. бар екен. Осы айтылған рулардың әр қайсысынан бір адам сол ұлы ханның қызметінде болады екен. Бірі метр, бірі құсбегі және біреуі шайх, және біреуі наип, және басқалары да сондай бір амалда болған. Осы амалдардың ұлысы және замандағы ұлы рулардан саналған, тоқсан үйлі тоқмаңғыттан шыққан Тұлымби қожа екен. Тоқтамыс хан осы Тұлымби қожаны басқа билерінен жақсы көреді екен. Соның үшін Тұлымби қожаның ханға айтқан тілегі бітпей қалмайды екен. Бірақ Тұлымби қожаны басқа махаремлер, алпыс екі хамелдар, отыз екі мохирдар және басқа да билер қызғанып, оны ханға әр уақыт жамандайды екен. Бірақ Тоқтамыс хан олардың өсегін тыңдамайды екен. Бір күні сол билер ойласып отырып, Тұлымбиді өлтірмекші болғанда, ұйғыр бектерінен тым жақсылық ойламайтұғын Кенжебай көсе деген орнынан тұрып: “Ей, билер, Тұлымби ұлысыз, хан үшін ұлсыздың пайдасы болмас деп ханға айтып, Тұлымбиді хан сарайынан қудырамыз”, – дейді. Басқа билер де осы пікірге қосылып, ханның алдына келеді. Тоқтамыс ханның сарайында үлкен мәжіліс болып қарап, осы сарайда отырған ұлы және кіші билердің арызы деп, мына жырды айтады:

– Бұл дүние дегеннің әсері қалады,

Кезегімен әркім көшіп барады.

Ұл болар – адамзаттың мұраты,

Ұлсыздық қылған – ісі кесапат.

Онан келер сарайыңа жаманат,

Ұлсыздар бұл сарайда тұрмасын.

Сенбеңдер ұлсыздардың сөзіне,

Келсе оның, зер салыңыз көзіне.

Қарап болмас ондайлардың жүзіне,

Ондай адам бұл сарайда тұрмасын.

Тоқтамыс хан бұл жырды есітіп, уәзірлеріне қарап: – Бұл не деген сөз, Құдай біреуге ұл, біреуге қыз береді, кейбіреулерге бұның екеуін де бермейді, оны зорлықпен алып болмайды, – деп мына жырды айтады:

– Айта бермең, аузыңызға не келсе,

Барлығы мұратына жеткен бар ма екен?!

Сатып алып болмас, Құдай бермесе,

Қайратпенен ұлды болу бар ма екен?!

Бұл дүниенің әслі өзі жалған-дүр,

Көне сарай барлығынан қалған-дүр.

Мың жасасақ, тұрмас соңы ойран-дүр,

Көңіл мұратына жеткен бар ма екен?!

Қаншалардың мұнда көзі жаслы-дүр,

Бір нешелер дайын көңлі қошлы-дүр...

Нешелер арманда бауыры тасболур

Бұл дүнияны толық тұтқан бар ма екен?!

Нешелерді үлпат қылар өзіне,

Нешелердің күліп қарар жүзіне,

Біреулердің құм құйғызар көзіне,

Зарлатпай-ақ туры дүние бар ма екен?!


Жырдың толық нұсқасы мына сілтемеде:

https://reader.bookmate.com/PZ1T3afv


*****


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет