1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»


Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика



бет7/11
Дата20.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#25971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика
Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис
1-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіннің жалпы мазмұнын қысқаша түсіндіріп, оның негізгі ойын анықтаңыз.

[10]


Мәтіндер

1-мәтін

Мамандық – қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек


қызметінің маңызды бөлігі. Мамандықты таңдау үшін, адам өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, сүйену керек. Сондай - ақ, өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Өзінің сұранысын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшыны атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары жатады.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Мамандар болжамы бойынша, болашақта инженер мамандарға көбірек сұраныс артады. Өйткені қазір еңбек нарығында кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технолог мамандарға өткір тапшылық сезіледі.Екінші орында ІТ-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер екен. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі – нанотехнологиямен байланысты мамандықтар. Себебі нанотехнология барлық салаларды қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары және т.б. Ал аспазшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сантехник, токарь, дәрігер, ұстаз және тағы басқа мамандар үнемі сұраныстағы мамандар болады. (179 сөз). http://ped.kz/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет