1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»


-сынып қазақ тілі БЖБ 2 тоқсан «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары



бет2/11
Дата20.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#25971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
8 -сынып бжб тжб тапсырмалары

8-сынып қазақ тілі БЖБ 2 тоқсан «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары.

8.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.4.3.1.Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Кестені толтырыңыз.

Нұртөре ЖҮСІП, «Айқын» газетінің Бас редакторы: – Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол – дәрігер, мұғалім, фермер, кәсіпкер т.б. Елбасы өз еңбегінде еңбек адамын, адал кәсіп, адал нәсіп тауып жүрген жандарды кеңінен насихаттау туралы орынды сөз қозғады. Біз негізінен капиталистік жолды таңдаған мемлекетпіз. Алайда, Конституцияда Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет екендігі де айтылған. Еңбек адамының еңбегі немен өлшенеді? Қалай бағаланады? Капиталистік өмір заңдылығында ол тек материалдық құндылықтармен өлшенеді. Мен осы мәселеге байланысты «Айқын» газетінде еңбекті бағалау әдістері туралы ұсыныс жасадым. Мәселен, белгілі бір пәнді жетік білетін, тәжірибесі мол, еңбегі зор ұстаздар қауымын ардақтау үшін біздің Олимпиадада алтын, күміс медаль алып келген спортшыларға беретін сый-сияпат секілді қомақты қаржы белгілеу керек, – дедім. Еңбек адамының еңбегі нәтижесіне қарай әділетті бағаланатын болса, қоғамда үлкен серпіліс болады. Мемлекеттік қызметкерлерге де солай жасау керек. Ұрлықсыз - қарлықсыз, пара мен жемқорлықсыз Қазақстан мемлекеті үшін адал еңбек еткен мемлекет қызметкерлеріне еліміздің шұрайлы жерлерінен арнайы мүкаммал, яғни үй - жайымен, қора - қопсысымен тұратын қоныс беру керек. Өз ісіне адалдық танытқан мемлекеттік қызметкерлердің ұрпақтарына мемлекет тарапынан оқуға түсуде, басқа да салаларда әлеуметтік жеңілдіктер жасалуы тиіс. Сонда адамдарда ертеңгі күнге деген сенімділік болады. Жемқорлықтың жолы кесіледі. Қазақстан өзге де өркениетті мемлекеттер тәрізді дамудың дұрыс жолына түседі. (187 сөз). https://arka-azhary.kz/?p=13518


  1. - тапсырма. Кестені толтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет