1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»
8 -сынып бжб тжб тапсырмалары
2-тапсырма. Сөздік құрамның жасалу тәсілдерін атаңыз. Мысал келтіріңіз. 1.
3. 3-тапсырма. Берілген сөздерден жаңа сөздер мен жаңа тіркестер жасап, кестеге түсіріңіз.
Тас Ас Жас
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған. 72
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
73 Тапсырмалар және балл қою кестеcінің үлгісі «Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика Оқылым Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.10б Оқылым 1-мәтін «№146 лицейінің 8-cынып оқушысы Р.М. Сабитованың «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» мақаласына АННОТАЦИЯ Мақалада автор ұлттық құндылықтар ұғымына жан-жақты түсініктеме бере отырып, оның адам бойында қалыптасуына талдау жасайды. Автор «құндылық» түсінігінің тарихына тоқталып, түрлі авторлардың көзқарастарынан мысалдар келтіреді. «Құндылық» түсінігінің педагогика саласындағы рөліне тоқталады және адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырады. Автордың мақсаты – күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің адам өміріндегі маңызды категория екендігіне оқырманның көзін жеткізу. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндік басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет. 2-мәтін Құндылық — мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті. Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Қорыта айтқанда ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау — бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. (182 сөз.) https://kk.wikipedia.org/wiki/ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ибраимова Мадина Муратовна
Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде? Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады? Мәтіндер қалай ресімделген?
жүктеу/скачать 0,92 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |