8.1А «Атомдағы электрондардың қозғалысы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
|
8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
8.1.3.2 Әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну
8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу
8.1.3.5 Атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
8.1.3.6 «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасу ретін түсіндіреді.
Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды
Қосып алатын немесе беретін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды
Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады
«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындалу уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
І-нұсқа
Келесі химиялық элементтер берілген: көміртек, натрий, фосфор, аргон.
Атом құрылысы және электрондардың энергетикалық деңгейлерде таралуы туралы тұжырымдар қай элементке қатысты айтылғанын анықтаңыз.
А) Сыртқы қабатында 2 электроны бар
В) Екі энергетикалық деңгейі бар
С) Сыртқы қабаты толық, аяқталған
D) 15 протоны, 15 электроны бар
[2]
2. Бірінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондардың максимал саны:
1
2
8
18
[1]
3. Берілген химиялық элементтердің электрондық және графикалық формулаларын құрыңыз.
Химиялық элемент атомы
/ ионы
|
Электрондық формуласы
|
Графикалық формуласы
|
В
|
|
|
Са2+
|
|
|
Si
|
|
|
[6]
4. (а) Натрий және хлор атомдарындағы электрондардың таралуын сызбаға нүктемен көрсетіңіз.
Cl
Na
Натрий атомы Хлор атомы [2]
(b) Натрий және күкірт атомдарының иондарға айналуының сызбасын көрсетіңіз.
Cl
Na
Натрий ионы Хлор ионы
[2]
(с) Cыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны мен ион түзу (катион немесе анионға айналу) қасиеттерінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
5. Химиялық қосылыстың молекула құрамы бойынша «нөлдік қосынды» әдісімен формуласын құрастырыңыз.
Азот (ІІІ) пен сутек
_____________________________________________________________________
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |