Баланың иммунитет жүйесін бұзатын нәрсе
A)пробиотик
B)қант
C)картоп
D)қауын
E)каротиноид
4. Мәтін мазмұнына сәйкес ой реттілігі
1. Отбасымен белсенді демалыс ұйымдастыру
2. Тұрақты түрде дәрігер қабылдауына бару
3. Бала рационының маңызы
A)3. 1. 2
B)2. 3. 1
C)1. 3. 2
D)3. 2. 1
E)1. 2. 3
5. Иммунитет жүйесінің кепілі
A)салқын су
B)көп токсин
C)гипербелсенді әрекет
D)дұрыс ұйқы
E)тәтті тағам
6. Бала иммунитетін күшейту туралы мәтінде айтылмайтын әдіс-тәсілдер
A)жеміс-жидектер жеу
B)дұрыс тамақтану
C)еңбек ету
D)тәттіге шектеу қою
E)ұйқыны қандыру
7. Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні, сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз – ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған жіп. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қою тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жуалдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.
Былғары – мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі үш қабаттан – шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады.
Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқкиімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары. Аяқкиімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салмағы 23-26 кг-дан кем болмайды. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар, сондай-ақ, айыл-тұрмандар жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңдығы 0,5-1,2 мм-ден аспайды.
Былғарыдан жасалатын бұйымдарды немен тіккен?
A)тарамыспен
B)қайыспен
C)қылмен
D)кендірмен
E)жіппен
8. Мәтін мазмұнына лайық атау
A)Былғары бояу
B)Ата-баба кәсібі
C)Аяқкиім тігу
D)Тері өңдеу әдісі
E)Былғары түрлері
9. Етіктің табан бөлігіне жұмсалатын былғары түрі
A)жұмсақ былғары
B)қасаң былғары
C)техникалық былғары
D)галантереялық былғары
E)қайыс былғары
10. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқа
A)Былғарыны бояу тәсілдері
B)Былғарыдан жасалған бұйымдар
C)Былғарыны тұрмыста қолдану
D)Былғарының өңделу жолдары
E)Былғарының сыртқа тасымалдануы
11. Мал терісінің қабаттары
A)шел, өзең, қыртыс
B)өзең, сіңір, тарамыс
C)жіліншік, сіңір, шел
D)қыртыс, сіңір, жіліншік
E)пұшпақ, бүрме, тігіс
12. Өңдеу арқылы былғары алынатын қабат атауы
A)шел
B)көн
C)қыртыс
D)өзең
E)тері
13. Күн тұтылғанда көрінетін қара дөңгелек айналасындағы тамаша шұғыла
Айдың тұтылуы – жыл сайын болып тұратын құбылыс. Кейде 12 айда 2-3 рет қайталануы да мүмкін. Жалпы сирек болса да, қайталанып тұратын бұл құбылыстың сыры неде? Сонымен ай мен күн неге тұтылады? Мұның себебі неде?
Күннің тұтылуы оны ай тасалағанда, айдың тұтылуы оған жердің көлеңкесі түскенде байқалады. Егер ай өзінің жер айналасындағы қозғалысында жер мен күннің арасында келіп қалса (бұл тек қана ай туғанда болады), онда ол күнді жауып қалуы мүмкін, онда күн тұтылады, ай жерге көлеңке мен алакөлеңке түсіреді. Жерге ай көлеңкесі түскен нүктелерде ол тұтылу жартылай болады. Жердің әр нүктесінде тұтылу әртүрлі көрінеді немесе тіптен көрінбейді әрі ол әртүрлі уақытта басталады. Күннің толық тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла Күн тәжін көреміз. Ол – күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері. Күннің толық тұтылуы кезінде қараңғылық тез түседі. Бүкіл көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады. Жер мен айдың қозғалысы жақсы зерттелгендіктен, толық күн тұтылуының уақыты мен орнын дәл есептеп шығаруға болады.
Ал ай жердің көлеңке аймағына енгенде, ай тұтылуы басталады. Айдың тұтылуы тек айдың толған кезінде, яғни, ай аспанында күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта ай жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғандықтан, жер көлеңкесіне бірінші болып айдың шығыс сол жақ шеті көрінеді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене кетік пайда болады. Ай орақ пішінін қабылдайды. Егер ай өзінің жер айналасындағы қозғалысында толығымен жердің көлеңкесіне енсе, онда айдың толық тұтылуы орын алады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағатқа жетуі мүмкін. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады, әрі айға қараған жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады. Ай толық тұтылғанда, әдетте ай аса қараңғы болып немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл жердің атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған күн жарығы оған қызғылт түс беріп таралады және бір жағынан ай пішінін жарықтандырады. Жер көлеңкесіне ай жарым-жартылай кіргенде, айдың толық және шала тұтылуы болады.
Толық күн тұтылуы жерге ай көлеңкесінің дағы түскен орыннан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 шақырымнан артпайды, сондықтан бір мезгілде күннің толық тұтылуы тек жердің аз ғана бөлігінде көрінеді. Толық тұтылу фазасы 7-8 минуттан артыққа созылмайды. Егер ай орбитасының жазықтығы эклиптика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда күн тұтылуы, ал әрбір толған айда ай тұтылуы болып тұрады.
A)Алтын күн
B)Шашақты күн
C)Жарық күн
D)Жарты шар
E)Күн тәжі
14. Толық күн тұтылуы көрінетін орын
A)жерге күн көлеңкесінің дағы түскен орын
B)шығыстың сол жақ шетінен түскен орын
C)жерге ай көлеңкесінің дағы түскен орын
D)жерге күннің барлық нүктелері түскен орын
E)жерге күн тәжі түскен орын
15. Айдың толық тұтылу уақыты шамамен
A)бір сағат
B)үш сағат
C)екі сағат
D)бес сағат
E)төрт сағат
16. Айдың тұтылу себебі
A)айға жердің көлеңкесі түскенде
B)ауа температурасы жоғарылағанда
C)күн айды тасалағанда
D)бұлт аспанды жапқанда
E)жауын-шашын көп болғанда
17. Күннің толық тұтылуы кезінде
A)ай қозғалысы реттеледі
B)күн толықтай ашылады
C)қараңғылық тез түседі
D)жарық тез шығады
E)қатты нөсер жауады
18. Күн тұтылғанда болатын құбылыс
A)ай жерге көлеңке түсіреді
B)ауа райы өзгереді
C)ай тұтылады
D)ай шалқасынан жатады
E)ай орақ пішіндес болады
19. Күннің тұтылу себебі
A)оған жердің көлеңкесі түскенде
B)ай белгілі нүктеге жеткенде
C)ауа температурасы төмендегенде
D)күн қатты ысығанда
E)оны ай тасалағанда
20. Ай тұтылуының басталуы
A)ауа райы күрт жоғарылағанда
B)ай жердің көлеңке аймағына енгенде
C)ауа райы күрт төмендегенде
D)ай шалқасынан орналасқанда
E)жердің көлеңкесі қозғалғанда