1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Үш фазалы электр тізбектері. Негізгі анықтамалар. Жұлдызша және үшбұрыш қосылу



бет16/44
Дата29.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#121129
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

11. Үш фазалы электр тізбектері. Негізгі анықтамалар. Жұлдызша және үшбұрыш қосылу.
Үш фазалық жүйе деп, бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін, үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фазасы бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзімен қосылған жүйені атаймыз.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін алуды орыс инженері М.О.Доливо-Добровольский 1891 жылы ұсынып, үш фазалы генератордың алғашқы жобасын жасаған.

Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесін (үш фазалы тоқты) алу үшін үш фазалы синхронды генератор қолданылады.


Оның қозғалмайтын бөлігі - статорында бірі - бірінен 1200-қа ығысқан және өзара оқшауланған үш фазалық орама орналасқан. қозғалмалы бөлігі - ротор айналғанда осы орамаларда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш э.қ.к.-тер пайда болады.

Үш фазалық жүйеде генератордың фазалық орамаларын жұлдызша және үшбұрыш сұлбаларымен жалғау тәсілдері қолданылады.


Генератор орауыштарын жұлдызша түрінде қосқанда үш орауыш қысқыштарын бір нүктеге қосады , оны генератордың нейтральды нүктесі N деп атайды. Генератордың нейтральды нүктесін N жерлестіреді. Нейтральды сым деп генератор мен жүктеменің нөлдік нүктелерін жалғайтын сымды атайды. Нөлдік сымның тоғын In деп атаймыз. Генератордың А, В, С нүктелерін жүктемемен қосатын сымдарды сызықтық деп атаймыз. Соларда өтетін тоқты сызықтық деп атап, оларды IA,IB, IC деп белгілейді.

Генератор мен тұтынушы (жүктеме) орамаларын


үшбұрыштап қосу.
Үш фазалық генератордың бірінші орамасының соңын х – ті екінші ораманың басы В мен, ал екінші ораманың соңы у - ті, үшінші фазаның басымен, үшінші фазаның соңы z –ті бірінші фазаның басы А мен жалғайды. Мұндай генератор орамаларының қосылуын үшбұрыштап қосу деп атайды.
Генератордың контурында әсер ететін ЭҚК-тің симметриялы жүйесі нөлге тең болатын қосындыға ие: ЕА+ЕВ+ЕС=0
Бұл жағдайда ток көзінің бос жүрісінде, оның орамында
ток жоқ болады.
Үшбұрыш жалғау сызбасындағы кернеу және тоқ шамалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет