Дифференциалдаушы тізбек
Егер конденсаторды ток көзіне қосатын болсақ, конденсатор зарядының тогы мен ондағы кернеудің өзгерісі арасында мынадай тәуелдік пайда болады:
(1)
яғни конденсатор арқылы ток оның сыйымдылығына және кернеудің өзгеру жылдамдығына пропорционал болады.
Жылдам өзгеретін токты бақылау және өлшеу техникалық сипаттағы қиындықтарды туғызады. Сол себепті конденсатормен тізбектей R резисторды қосады (1а – сурет).
1а-сурет. Дифференциалдаушы RC-тізбек
Енді тізіле қосылған СR-тізбегін қарастырайық. Кіріс сигналын конденсаторға беріп, шығыс сигналын резистордан аламыз. Сонда резистор арқылы өткен ток онда кернеуін туғызады және ол конденсатор арқылы өткен токпен сәйкес келеді. Резистор арқылы өткен токты электрондық осцилографпен оңай өлшеуге болады.
Интегралдаушы тізбекте R және C элементтерінен тұрады, бірақ шығыс кернеу резистордан емес конденсатордан шешіледі. Интегралдау операциясын орындау үшін >>u шарты орындалатындай конденсатордың сыйымдылығы үлкен болуы керек. Кернеудің лездік мәнін былай жазуға болады:
,
бұдан
(6)
ескере отырып (6) теңдеудегі ток мәнін қойсақ :
. (7)
Егер бірінші бөлігі – нақты интегралдауды анықтайтын болса, онда екінші бөлігі – интегралдау қателігі береді. Интегралдау қателігі аз болған сайын, интегралдау тізбегінің тұрақтысы көп болады. Онда бірінші жуықтауда (7)-өрнекті былай жазуға болады:
. (8)
Бірақ та мәні үлкен болған сайын, шығыс кернеудің амплитудасы да азаяды.
Егер кіріс кернеуінің пішіні тікбұрышты болса және шарты орындалса, онда тізбектің шығысында уақыт бойынша созылған импульстік процестер пайда болады.
шарты орындалса, шығыс сигналдар кірістегі сигналдарды қайталайды.
шартында орындалған кезде, қадамдық шығыс кернеу түрін алуға болады.
Сурет 2. Интегралдаушы тізбек және оның кіріс, шығыс сигналдарының пішіні
Түзеткіштер – бұл құрылғы, айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру қызметтін атқарады.
1-сурет. Түзеткіштің құрылымдық схемасы
Түзеткіштің құрылымдық схема құрамына кіретін күштік трансформатор, қоректендіру көзіндегі айнымалы токты кернеуі төмен немесе кернеуі жоғары басқа айнымалы токқа түрлендіру үшін қызмет атқарады; вентиль, айнымалы токты түзеткіш токқа түрлендіруді қамтамасыз етеді; тегістегіш сүзгілер, тұрақтыға формасы бойынша жақын, түзетілген айнымалы токтың тербелісін тегістеуге арналған.
Түзеткіштің негізгі техникалық параметрі кіріс кернеу мәні U мен ток I, орташа түзетілген кернеу Uорт мен ток Iорт, бүлкілдеуді тегістейтін (коэффициент пульсаций) q коэффициент, пайдалы әсер коэффициентті η болып саналады.
Электронды аппаратураның әртүрлі түйіндері мен блоктарды қоректендіру үшін, айнымалы тоғы бар бір фазалы тораптан жұмыс істейтін түзеткіштерді жиі қолданады. Мұндай түзеткіштерді бір фазалық дейміз. Олар 1) бір жарты периодты, 2) екі жарты периодты, 3) кернеуді көбейту схемасы деп бөлінеді. Үш фазалы токты түзету үшін үш фазалы түзеткіш қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |