1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Жартылай өткізгіш құрылғылар,күшейту каскадтары. Электрондық және иондық құрылғылар



бет34/44
Дата29.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#121129
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

24. Жартылай өткізгіш құрылғылар,күшейту каскадтары. Электрондық және иондық құрылғылар.
Жартылай өткізгіштер деп өзінің меншікті электрлік кедергісінің шамасы бойынша өткізгіштер (яғни металдар) мен диэлектриктердің (яғни изоляторлардың) ортасында орын алатын заттардың тобын айтады. Жартылай өткізгіштердің меншікті электр кедергісі 10-3 -10+10 Ом·см шегінде болады. Жартылай өткізгіштерге Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің 12 химиялық элементі, сондай-ақ кейбір тотықтар, көптеген қорытпалар, органикалық қосылыстар жатады.
Термисторлар:
Өз кедергісін температураны өзгерткен кезде өзгертеді. Температура бақыланатын жүйелерде қолданылады.
Фотодиод- оптикалық сәулелендірудің қабылдағышы ретіндегі құрылғы. Сәулелендіру кезінде өз кедергісін өзгертеді. Сәулелендіру кезінде электрлік ток пайда болады. p-n-өткелі бар. Ақпарат қабылдау және беру үшін сәулелену детекторы ретінде де қолданылады. Фотодиодтардың бір түрі күн батареялары фотодиодтардың үлкен жиынтығы болып табылады. Оны Жер планетасы мен космоста электр энергиясын алу үшін қолданылады.
Жарықдиоды
Электр энергиясын көрінетін және көрінбейтің электр энергиясына айналдырады. p-n-өткелі бар.
Жай шамға қарағанда азырақ жнергия жұмсайды, және өлшемі де кішкене, сонымен қатар ұзағырақ жұмыс істейді. Автомобиль фарында, бағдаршаимдарда, қолшамдарда, шамдарда жарыө көзі ретінде қолданылады.
Транзистор- белсенді жартылай өткізгіш, күшейткіш каскадты радиоэлемент.
Екі p-n-өткелі бар. электрлік сигналды генеризациялау, айналдыру және күшейту үшін қолданылады. Логикалық операцияларды физикалық дәрежеде орындайды.

25.Медициналық электротехникалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар. Таблетпресс, медициналық тоңазытқыш, Гомогенизаторлар
Таблетпресс – фармацевтикада дозаланған дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын техникалық құрал. Аппараттың жұмысы бастапқы материалды механикалық қысу арқылы қажетті тығыздықты және қалыпты алуға негізделеді. Таблетпресс-фармацевтикада ең көп қолданылатын қондырғылардың бірі. Себебі дәрілік заттардың басым көпшілігі дозаланған, қолдануға ыңғайлы таблетка түрінде шығарылады. Бұл аппараттың негізгі бөлігі пресс арқылы кез-келген конфигурациядағы таблетканы дайындауға болады. Яғни жұмыс істеу принципіне келер болсақ, қозғалтқыш жоғары жылдамдықты роторлы прессті іске қосады, оның айналуы берілген тығыздық пен салмақта қажетті дәрілік форманы алуға мүмкіндік береді.
Жалпы таблетка алудың бірнеше технологиялық схемалары бар: ылғалды және құрғақ гранулирлеу және тікелей пресстеу. Таблетка алу үдерістерін қысқаша қарастырайық.
Шикізатты өлшеу – бастапқы заттарды таблеткалауға дайындау үшін алдын ала жүзеге асатын процесстің бірі.
Араластыру – таблеткалық қоспаның құрамы болатын дәрілік және көмекші заттарды оларды жалпы массада біркелкі таралуы үшін мұқият араластыру керек. Құрамы бойынша біртекті таблеткалық қоспаны алу өте маңызды және күрделі технологиялық операция болып табылады.
Өзара бірнеше сатылардан тұратын ылғалды және құрғақ гранулирлеу әдістері қолданылады.
Пресстеу – бұл қысым әсерінен түйіршікті немесе ұнтақты материалдан таблеткаларды қалыптастыру процесі
Тікелей престеу – бұл түйіршікті емес ұнтақтарды престеу процесі. Тікелей престеу 3-4 технологиялық операцияларды болдырмауға мүмкіндік береді және осылайша ұнтақтарды алдын-ала түйіршіктеу арқылы таблеткадан артықшылығы бар.. Бұл әдіске мысал ретінде ацетилсалицил қышқылы мен аскорбин қышқылын алуды айтсақ болады.
Шаңсыздандыру – пресстен шығатын таблеткалардың бетінен шаң фракцияларынан арылту үшін шаңсыздандырғыштар қолданылады. Таблеткалар айналмалы перфорирленген барабаннан өтіп, шаңсорғышпен сорыла отырып шаңнан тазартылады.
Роторлы таблетпресс машинасы. Бұл аппараттың бірнеше түрлері болады, және де негізгі механизмі пресс-инструменттерге негізделген. Пресс-инструмент жоғарғы пуансоннан, төменгі пуансон және матрицадан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет