1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары



бет30/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
элтех сессия полный 1-30

Үш фазалы түзеткішті үлкен және орташа қуатты құрылғыларда қолданады. Үш фазалы түзеткіштердің әртүрлі үлкен схемаларында трансформатор орамаларының қосылу әдістері шартталған. Түзетілген кернеудің лүпілдеу коэффициенті осыған байланысты.

4-cурет. Бір жарты периодты түзеткіштің үш фазалы схемасы
Тораптық бірінші реттік орам үш секциядан тұрады. Оларды жұлдыз немесе үшбұрыш схемасы бойынша қосады. Әрбір диод арқылы ток өткен кезде, катодқа қарағанда анодтағы потенциал көбірек болады. Бұл берілген фазаның кернеуі екі басқа фаза кернеуінен жоғары, 1/3 период аралығында болуы мүмкін. Үш фазалы түзеткіште токтың лүпілдеуі үлкен емес және лүпілдеу коэффициенті q = 0,25. Жүктемеде түзетілген токтың орташа мәні I0 =0,827 Im. Әрбір диодта Т/3 аралығында ток өтеді, сондықтан оның орташа мәні Iорт = I0 / 3. Жүктемеде кернеудің түзеткіші U0 = 0,827Um, бірақ та Um=√2 U, мұнда U- трансформатордың екінші орамында фазалық кернеудің әрекеттік мәні, онда U0= 1,17 U.
Тегістегіш сүзгілер – түзетілген кернеудің лүпілдеуін, олардың электрондық схеманың жұмысына әсер етпейтіндей дәрежеге дейін басуға арналған. Сүзгілерге мұнандай негізгі талаптар қойылады: олар тоқтар мен кернеулердің тұрақты құрастырушыларын өткізіп жіберіп, барлық айнымалы құрастырушыларды, өте кішкентай активті шығындарда, жібермей ұстап алу керек. Сондықтан әдетте сүзгілер реактивтік элементтерден, сыйымдылықтар мен индуктивтіктерден құрастырылады.
Лүпілді тегістеу эффиктивтілігі тегістеу коэфициентімен бағаланады, Сүзгінің кірісіндегі лүпілдеу коэффициентінің оның шығысындағы лүпілдеу коэффициентіне қатынасымен анықталады: q = Кп.кір / Кп.шығ. Сыйымдылық сүзгісі жүктемеге параллель қосылған конденсатордан тұрады және ол аз қуатты тізбектерде қолданылады.

Сурет 5. Сыйымдылықты тегістегіш сүзгі
Индуктивті сүзгі L төменгі жиілікті дроссель болады, вентиль мен жүктеменің арасына қосылған.

Сурет 6. Индуктивті тегістегіш сүзгі

Г – тәріздес тегістегіш сүзгі индуктивті және сыйымдылықты сүзгілердің қасиеттерін өзіне үйлестіреді. Дроссель параллель жалғанған жүктеме мен конденсаторға тізбектей қосылған және оны бір буынды Г- тәріздес сүзгі деп атайды. Оны кернеуді бөлгіш деп жиілікті – тәуелді беру коэффициентімен қарастыруға болады.



Сурет 7. Г –тәріздес тегістегіш сүзгі .
П – тәріздес сүзгіні бір буынды сүзгінің тегістеу коэффициентің жетпеген кезде қолданылады.

Сурет 8. П – тәріздес тегістегіш сүзгі.
Сүзгінің сапасын бағалау үшін шығыс кернеудің лүпілдеу коэффициентін қолданады , мына қатынастан шығарылады.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет