Әдістемелік нүсқау:
Реферат құрылымы:
- титулдық парақ;
- мазмұны;
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
- Қорытынды;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- Қосымшалар.
Реферат мазмұны кіріспе, барлық бөлімдердің атауы және реттік номері, пунтер, қорытындылар қолданылған әдебиеттер тізімі, бет номері көрсетілген ұсыныстар атауы көрсетіледі.
Кіріспеде шешілетін проблемалардың қазіргі кездегі жағдайын бағалау, тақырыпты қарастыру үшін негізгі және бастапқы мәліметтер, осы жұмыстарды жүргізуге қатысты дәлелдер болуы керек. Сонымен қатар кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жүргізу мақсаты, объектісі және міндеттері көрсетілуі тиіс.
Рефераттың негізгі бөлігінде зерттеудің мәнін, орындалған жұмыстың негізгі нәтижелері және әдістерін көрсететін мәліметтер беріледі.
Қорытынды:
- реферат нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар жасау;
- қойылған мәселелердің толық шешімін бағалау;
- ұсынытар беру;
Қолданылған әдебиеттер тізімінде рефератты жазу кезіндегі пайдаланылған әдебиет көздері көрсетіледі.
Қосымшаларда:
Қосымша цифрлық мәліметтері бар кестелер;
Иллюстрациялар және т.б.
Реферат жасау бойынша талаптар:
1. Мемлекеттік тілде, 14 кегльмен, Times New Roman шрифтімен жазылуы тиіс;
2. Көлемі 9-10 парақ (А4), (одинарный) интервал аралығымен. Солдан – 3см.Оң жақтан – 1,0 см. Жоғары – 2см. Төменнен – 2,0 см. Оң жақтан, төменде, парақтың шетінен нөмірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |