Пәнді оқыту мақсаты
Студенттерге қаржы менеджментінің ғылыми дәрежедегі және тәжірибедегі компаниялардың қаржысын тиімді басқару өнерін үйрету негізінде білім беру.
«Қаржылық менеджмент» курсы компаниялардың қаржысын басқару процесінде жаңа басқару ой-өрісін қалыптастыру және басқарудағы жаңа бағыттарды игеруге көп үлес қосуда. Студенттер бұл курсты үйрену барысында нарық экономикасының принциптеріне сәйкес әртүрлі меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші компаниялардың қаржысын басқару туралы білімді шет мемлекеттердің кәсіпкерлік қызметті басқару тәжірибесін қолдана отырып үйренеді, және де қаржы саласындағы проблемаларды шешу жолында теориялық іздестіру нәтижелерін қолданады.
Әртүрлі инвестициялық жобалар бойынша қаржылық шешімдерді бағалау және қабылдау, дивидендттік саясатты таңдау, капиталдың оңтайлы (рационалды) құрылымын қалыптастыру, қаржы активтерін басқару, тәуекелділікті бағалау және төмендету проблемаларына терең көңіл бөлінеді.
Есеп жүргізудің халықаралық стандарттарына өту кезеңінде қаржылық менеджменттің халықаралық аспектілерін қарастыруға арнайы бөлімдер бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |