n(en), o(o), p(pe), q(ku), r(er), s(es), (eş), t(te), u(u), v(ve), w(қос ve), x(iks), y(ye), z(ze).
Əліпбиде кейбір əріптер көрсетілмегенмен, кейін келе əліпбиге өзгерту енгізілген, яғни ö, ü, ğ қосылып, ал q, w, x əріптері алынып тасталған. Əріптердің айтылуы f(fe), ğ(yumuşak ge), h(he), k(ke), l(le), m(me), n(ne), ö(ö), r(re), s(se), ş(şe), ü(ü) бо- лып өзгертілген. Əліпби есебінің соңында көзбен көріп қабылдау үшін жаңа түрік əліпбиінде жазылған көркем əдебиеттер ұсынылған.
Түркі халықтарының латын графикасына көшуіне себеп болған түрткіжайттар
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Ресейдің қол астындағы түркі халықтарының жазу графикасы үш жүйені бастан өткергені мəлім. Атап айтқанда, орта ғасырдан бергі дəстүрлі қолданыстағы араб жазуының латын графикасына ауыстырылуы, одан кейін дереу латын графикасының орыс жазуына ауыстырылуы. Дəстүрлі араб жа- зуын ығыстырудағы басты мақсат – мұсылман əлемімен байланысты болған жазу түрін жойып, түркі халықтарының көшпелі мəдениетін жоққа шығару, оларды «жа- байы халық», «тағы халық», «жазуы болмаған сауатсыз, мəдениетсіз халық» деп жас ұрпақтың санасына сіңіру болғаны шындық. «Жабайы қазақ халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болды, екі пайызы ғана хат танитын халық Қазан төң- керісінен кейін ғана жазу мəдениетіне ие болды» деген жалған мəліметтердің əлеумет арасында барынша дəріптелгені бүгінгі таңда бүркемелеуге келмейтін ақиқат екені айдан анық.
Бір əріпті тастап, екінші əріпке дереу көшу саяси-экономикалық жақтан да, мəдени-əлеуметтік жақтан да өте тиімсіз болса да, қызыл империяның негізгі мақсаты түркі халықтарының рухани дамуын тежеп, бағындыру жəне осы арқылы орыс жазу- ына көшіру, орыстандыру болатын. «Халықтың күллі рухани дүниесі араб жазуында жатыр», «араб жазуы тарих тамыршысы», «халық қазынасының қоймасы» деп, оны жан-тəнімен қорғап, шырылдаған зиялылар қауымы «арабшылдар», «ескішілдер», «қадымшылар», «керітартпалар», «ұлтшылдар», «діншілдер», «молданың шашбауын көтерушілер» деп айыпталып, «халық жауына» айналғаны да бүгінгі ұрпақ есінде. Сол кезеңдегі алаш зиялылары Кеңес үкіметінің «араб жазуынан айыру арқылы тұтас бір халыққа өткенін ұмыттырып, ұлттық игіліктерді саналарынан өшіру» əрекетін жасап отырғанын жақсы түсінген болатын.
Қазақ жеріндегі латын жазуынан бірден орыс жазуына көшу мəселесі де алаш көсемдерінің, ұлттың қамын ойлаған ұлы тұлғалардың көзін біржола құртқаннан кейін, яғни 1937 жылдары қарқынды түрде қолға алынды. Бұл кезде ұлт болашағы үшін жанын берген азаматтардың барлығының көзі жойылғандықтан, қарсылық көрсетер зиялы қауымның болмауы себепті, орыс жазуын халықтың сұрауы бойынша деген сылтаумен еш қиындықсыз қабылдата салды.
1940 жылы 13 қарашада «Латындырылған қазақ жазбасын орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданады. Онда «Қазақ елінің өті- ніштері негізінде орыс графикасына көшірілу қанағаттандырылсын» деген мазмұн- да көрсетіліп, ешқандай зорлықсыз, керісінше, халық қалауы бойынша орыс əліпбиін қабылдады деген тұрпатта көрсетіледі: «Идя навстречу желанию трудящихся Казах ской ССР о переводе казахской письменности с латинизированного на новый алфа- вит на основе русской графики и учитывая огромное политическое и культурное значение нового алфавита, являющего средством дальнейшего подъема культуры, развития казахского литературного языка и еще большего укрепления нерушимой дружбы народов СССР. Пятая сессия Верховного Совета Казахской Советской Со- циалистической Республики ПОСТАНОВЛЯЕТ:
Удовлетворить просьбу широких масс колхозников, рабочих и интеллигенции Казахской ССР о переводе казахской письменности с латинизированного на новый казахский алфавит на основе русской графики.
Утвердить внесенный Совнаркомом Казахской ССР проект нового казахского алфавита в количество 41 буквы, из них 32 буквы русского алфавита с теми функция- ми, с какими они употребляются в русской письменности и 9 дополнительных букв, выражающих специфические звуки казахского языка.
Установить следующие сроки перехода на новый алфавит:
а) государственных учреждений и общественных организаций – с февраля 1941 года; б) начальных школ (1-4 классы) – с 1 сентября 1941 года;
в) газет и журналов (частично) с 1 февраля 1941 года;
г) неполных средних и средних школ и других учебных заведений – с 1 сентября
1942 года;
д) школ грамоты – с марта 1941 года.
Организовать при Совнаркоме Казахской ССР правительственную комиссию для практического руководства и проведения в жизнь намечаемых мероприятий по переходу на новый алфавит [180-б.].
Қысқасы, сол кезеңдердегі қазақ қоғамында əліпбиге қатысты екі түрлі бағыт талас- тартысқа түскен болатын, біріншісі, миссионерлік бағыт, екіншісі – ұлттық бағыт. Миссонерлік бағыттың мақсаты араб жазуы жарамсыз деген желеумен орыс жазуын қолданысқа енгізу болса, ұлттық бағыттың мақсаты мəдени-рухани құндылықтардан ажырамау үшін араб жазуын қолданыста қалдыру еді. Бұндай тартыс тек қазақ қоға- мында ғана емес, Ресейдің қол астындағы барлық түркі халықтарында орын алды. Ол кездегі латын графикасын қабылдаттыру саясаты тек қана кириллицаға көшіру үшін ғана жасалған негізгі қадам болатын. Себебі, мұсылман дінімен енген араб жазуын бірден орыс жазуына ауыстыруда түркі зиялыларының қатты қарсылығына ұшыраған Ресей үкіметі, халық толқуынан сақтанғандықтан ғана ортаға латын графикасын қыстыруға мəжбүр болды жəне түркітілдес халықтардың латынға өту науқанын кеңестік билік саяси тұрғыдан жіті бақылауда ұстады.
Түркітілдес мемлекеттердің ішінде латын жазуын ең алғаш түбегейлі қабылдаған ел – Түркия. Бұл елдегі латын графикасын қабылдау науқаны ешқандай отаршылдық саясаттың астарында емес, керісінше, зайырлы қоғам құру, əлемдік өркениетке ілесу мақсатында жасалды. Бұл, ең алдымен, əрине, Түркияның тəуелсіз ел болғанымен тығыз байланысты. Осман империясын сақтап қалған Мұстафа Кемал Түркия Республикасын жариялай салысымен-ақ, Еуропа құндылықтарын ендіруге күш салды, дамыған Еуропа мемлекеттерімен қатарласу үшін дамыған жазу керек деп жариялап, елді латын графикасына көшіруге шешім шығарды. Ататүріктің бастамасын 1928 жылы 23 мамырда құрылған «Тіл комиссиясы» қадағалады.
Ел басшысы «қарапайым халық үшін күрделі əліпбиден құтылып, ал мемлекет дамуы үшін кедергі келтірген сауатсыздықты жоюдың бір ғана амалы – латынға көшу» деген берік ұстанымда болады. Түрік ғалымдары зерттеулерінде: «Өкінішке орай, түркі қоғамында Мұстафа Кемал латынға көшуді бір-ақ күнде ойлап, 3 айда жүзеге асырды» деген жаңсақ пікір қалыптасқан, ал шындығында латын əліпбиіне көшу сонау ескі Османлы заманынан бастап-ақ қолға алынған болатын», – деп жазады [57]. Сонымен, жоғарыдағы құрылған комиссияның қабылдаған ережелері негізінде Мұстафа Кемал Ататүрктің бастауымен 1928 жылдың 1 қарашасында Түр- кия мемлекеті латын əліпбиіне көшеді. Латын əліпбиін қабылдағаннан кейін 1928 жылдың 1 желтоқсанында Тіл Алқасы алғашқы «Емле сөздігін» жарыққа шығарады. Ататүріктің бастамасымен 1932 жылы 12 шілдеде «Түрік тілі қоғамы» құрылып, халыққа латын жазуын меңгертуде орасан зор қызмет атқарады, бұл қоғам латын графикасы негізіндегі түріктің ұлттық жазу жүйесін қалыптастыруға барынша күш салады. Алайда əліпби құрастыруда бірқатар кемшіліктер орын алғандығын түрік зерттеушілері жоққа шығармайды. Мəселен, ң, қ, ұ дыбыстарының əліпби құрамына енбей қалуынан күні бүгінге дейін орфографиялық ережеде қиындықтар орын алып отырған көрінеді. Бұл мəселені шешу жолдары Түркияда қазіргі таңда қайтадан көтеріліп жатыр.
Латын графикасындағы түрік əліпбиінің тілтанымдық негіздері туралы
Түркі əлеміне ислам дінімен бірге келген араб жазуы мың жылдан астам уақыт бойы қоғамның əлеуметтік-мəдени қажетін өтеуге қызмет етті. Түркі тілдес халықтар жазба ескерткіштерінің орасан бай кешенді мұрасы, халықтық рухани мəдениеттің аса құнды нышандары бізге дейін араб жазуының нұсқасында келіп жеткені аян. Бірақ араб жазуы өз кезегінде семит тілдер тобына жататындықтан, көптеген түркітілдес халықтардың тіліндегі заңдылықтарды көрсете алмады. Осыған байланысты араб жазуын қолданған түркітілдес халықтардың жазуы өте күрделі сипатталып, жалпыхалықтық деңгейде емес, тек қана дегдарлық топ өкілдері ғана түсінетін жағ- дайда болды. Сондықтан 1800 жылдан бастап түркітілдес халықтардың арасын- да араб жазуын реформалау күн тəртібіндегі негізгі мəселенің бірі ретінде қойыла бастады. Алғаш рет əліпби реформасына байланысты Əзербайжан жазушысы М.Ф.Ахундов (1857-1878 жылдарға дейін) төрт жоба ұсынады. Ғалым жобасын Персия (Теһран) жəне Константинопольға (Түркия) барып, өз идеясын ортаға салған болатын. М.Ф.Ахундов өзінің бірінші жəне екінші жобасында араб əліпбиін жетілдіруге баса көңіл қойса, үшінші, төртінші жобасын араб əліпбиін орыс əліпбиіне ауыстыруға ұсыныс айтады. Аталған ұсыныс, пікірлер негізінде ғалым силлабикалық жазудың кемшіліктері жөнінде еңбек жазып, түркітілдес халықтарына арналған латын графикасына негізделген жобасын ұсынады. Бұл жобаның атын ғалым «шығыс-латын əліпбиі» деп атайды. Аталған еңбекте М.Ф. Ахундов осы мəселеге байланысты былай дейді: «В 1857 году мной был составлен труд о необходимости преобразования мусульманского алфавита на персидском языке. В этом труде приведено достаточное количество доводов в пользу изменения алфавита. Для осуществления этой идеи я в 1863 году отправился в Константинополь, где через драгомата российского посоль- ства представил великому визирью Фуад-Паше записку и рассказ о Юсуф-Шахе, написанные предлагаемым мною письмом. По распоряжению Фуад-Паши Оттоманское научное общество рассмотрело и одобрело мои соображения во всех отношения, но не разрешило (к опубликованию)». Бірақ ғалымның бұл жобалары қолдау таппай, ұсыныстары ескерусіз қалып қояды.
Осыдан кейін бұл мəселе Түркияда да көтеріле бастайды. Түркиядағы Ахмед Вефик-паша, Əбу-з-Зия Тевфик, Шемситтин Сами Фрашери, Сүлеймен Тевфик, Ибрагим Шинаси, Намык Кемаль, Зия-паша Мусуллу Давуд тəрізді ғалымдар əліпби реформасына атсалысады. 1850 жылдардың аяғында түрік оқымыстысы Ибрагим Шинаси түрік əліпбиін латын графикасы негізінде реформалау керектігін баса айтады, осыдан кейін 1900-1902 жылдары түрік тілі үшін латын негізді əліпби жүйесінің тиімділігі мен икемділігі жөнінде жазып жүрген түрік журналисі Сүлеймен Тевфик латын графикасына негізделген түрік əліпби жобасын ұсынады. Жалпы түрік халқына арналған əліпби таңдау барысында əліпби төңірегіндегі айтыс-тартыстар көп болды. Əліпби мəселесіне байланысты пікір білдіруші ғалымдарды 5 топқа бөлуге болады. Бірінші топтағы ғалымдар орхон немесе ұйғыр жазуына көшу керек деп мəлімдесе, екінші топтағы ғалымдар армян əліпбиіне (Маджид-паша), ал үшінші топтағылар жаңа заманауи əліпби құрастыру керек дейді (Ислам бей), төртінші топтағы ғалымдар латын графикасына негізделген түрік əліпбиін құру (Ибрагим Шинаси, Сүлеймен Тевфик, Фалих Рифки, Супхан Хамд Аллах жəне т.б.) жөнінде ұсыныстар айтады жəне де бесінші топтағы ғалымдар араб əліпбиін ішінара өзгерте отырып қолдану жүйесін жасау керек деген ұсыныс айтады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында Түркияның Қорғаныс министірлігі түрік əліпбиін оңтайландыру керектігін мəселе ретінде көтеріп, оның шешімі ретінде араб əліпбиінің бір ғана əріп түрін қолдану жүйесін енгізеді. Бірақ бұл ішінара болған реформалау да ешқандай нəтиже бермейді.
Осман империясы құлағаннан кейін Түркия елінің мемлекет ретінде жаңа дəуірі басталғаны белгілі. Ел басына келген Мұстафа Кемал (Ататүрік) Түркия мемлекетінің заңдылықтарын жаңарту жолында аянбай еңбек етеді. Ең алдымен М.Кемал зайырлы қоғам құруға талпынды. Ол үшін Ататүрік Түрік мемлекетіне Еуропа құндылықтарын енгізуді көздейді. Ислам діні мен араб жазуы Осман империясының идеологиясымен байланысатынын ескере отырып, ислам діні арқылы келген араб жазуын реформалап, латын жазуына негізделген əліпби қабылдауға кіріседі.
1926 жылы түрік тілдінде жарыққа шығатын «Ақшам» газетінде «латын əріпте- рін қабылдауымыз керек пе, жоқ əлде керек емес пе?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіледі. Аталған сауалнама түріктің ұлт зиялыларынан алынады. Сауалнама нə- тижесінде тек Абдуллах Жевдет, Желал Нури, Хусейн Жахит, Фалих Рыфкы (Атай) тəрізді кəсіподақ мүшелері ғана латын қарпін қолдап, ал қалған басым бөлігі латын қарпіне қарсы пікір береді. Мұндай көзқарасқа қарамастан Мұстафа Кемал түрік жазуын оңтайландыру жолдарын қарастыра береді. Осы аралықта Түркияға келген тілтанушы доктор Кюхне М.Кемалға түрік əліпбиін жасау үшін венгр (мажар) əліпбиін зерттеу керектігін айтады.
Осы кезде басқа да түркі мемлекеттерінде əліпби реформалау, яғни латын графи- касына көшу жолдары қарастырылып жатқан болатын. Əліпби мəселесіне байланыс- ты 1926 жылы 26 ақпанда Əзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Бірінші Түркологиялық құрылтай ашылады. Съезд жұмысы 9 күнге созылып, оған 131 делегат қатысады. Олардың 70 пайызы түркі халықтарының делегаттары, қалған 30 пайызы басқа ұлттардан келген түркітанушы болды. Ағымалы-оғлы басқаруымен өткен бұл мəжілісте қаралған негізгі мəселе – жазу, əдеби тіл мəселесі. Бакуде өткен І Түркологиялық съезде Түркиядан 3 профессор арнайы шақыртылады. Олардың ішіндегі 2 профессор сол съезд президиумына төраға ретінде сайланады. Оның бірі – Гусейн-Заде Алибек болса, екіншісі – Кепрюлю-заде. Осы съезде түркі халықтары жазуын араб графикасынан латын графикасы негізіндегі əліпби жүйесіне көшіру ту- ралы шешім қабылданғаны белгілі. Қабылданған қарар Түркияның əліпби реформа- сын тездетіп жүргізуіне де түрткі болады. Съезден кейін Түрік президенті Мұстафа Кемал: «Біз түркі халықтарынан бөлектенбейміз. Біз бірге болуымыз керек. Тіл мен жазу түркілердің ортақ байлығы» деп мəлімдей отырып, түрік жазуын латын графи- касына көшіру науқанын бастайды.
Съезден кейін Мұстафа Кемал латын əліпбиін насихаттау жұмыстарын қадағалай отырып, əліпби мəселесін қарастыратын «Тіл комиссиясын» (Dil Encümeni) құрады. Комиссия 9 адамнан құралып, олар əліпби жобасын əзірлеуге, орфографиялық жəне грамматикалық ережелерді жасауға қатысты. Мамандардан құрылған комиссия Стамбулдағы Долмабахче сарайында сегіз ай бойы жұмыс істейді. 1926 жылдың орта тұсында комиссия мүшелері латын графикасына негізделген алғашқы жобаны ұсынады. Бұл жоба 24 əріптен тұрды. Əліпбиде қосымша модификацияланған таңбалар алынған жоқ. Мұндай əліпби қабылдаудың себебі техникалық жəне эконо- микалық түрткіжайтқа байланысты болды. Өз кезегінде аталған жоба бойынша бірнеше еңбек жарияланады. Бірақ бұл жоба халық арасында жемісін бермейді. Сауаттануға қиын болғандықтан жəне түрік тілінің өзіндік ерекшелігін толық көрсете алмағандықтан, түрік білімпаздары аталған əліпбиге латын стандартындағы əріптерді модификациялай отырып, төл графемаларды жасау керек деп ұсыныс береді. Біраз уақыттан кейін түрік білімпаздары венгр əліпбиін зерттей отырып, аталған жобаға дауысты дыбыстар үшін Ö жəне Ü таңбаларын, ал дауыссыздар үшін Ç, Ğ, Ş таңбаларын алу керек деп шешеді.
1928 жылдың бірінші қарашасында Ататүрік парламент арқылы елді жаңа жазба жүйеге ауыстыру туралы қаулы қабылдайды. Осы жиында Ататүрік: «Жолдастар, көркем тілімізді сындырмай сөйлейік деп жаңа түрік əліпбиін қабылдадық. Отандас- тар, жаңа түрік əліппесін тезірек меңгеріңдер! Бүкіл ұлысқа, шаруа мен шопанға, жүк тасушы мен қайықшыға үйретіңдер. Мұны ұлттық əрі отансүйгіштік борыш деп біліңдер!» – деп, 29 таңбадан тұратын жаңа «мемлекеттік əліпбимен» таныстыра- ды. Əліпбиге 2 орфографиялық белгі қоса алынады: «^» белгісі сөздің жіңішкелігіне (kâr (k’ar); lâklâk (l’akl’ak); sükût (sük’üt) )жəне созыңқылығына байланысты (âlem, hâkim) қойылады, ал «‘» белгісі кірме сөз бен төл қосымшаны айыру үшін (Paris’te, Şiran’lı) қолданылады деп шешіледі.
Аталған қаулыда 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін араб жазуын қолдануға рұқсат беріледі. Бірақ Түркияда 1929 жылдың 1 маусымына дейін ескі жəне жаңа əліпби қатар жүреді. Жалпы Түркиядағы латын графикасына көшу науқаны бар болғаны 5 айда жүзеге асырылып, ресми деректерге сəйкес осы реформа нəтижесінде халықтың сауаттылық деңгейі 10 пайыздан 60 пайызға өскен. Бұлай болуына əрине, əліпбидің дұрыс құрастырылуы жəне оқыту курстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы себеп болған деп айтуға болады.
Қабылданған латын графикасына негізделген түрік əліпбиінің негізгі артықшы- лықтарын былайша көрсетуге болады:
«бір дыбыс – бір əріп» принципі қатаң сақталды;
түркі халықтары ұстанған принцип мүмкіндігінше сақталды;
əліпбидің «оқуға қолайлы», «жазуға оңай» болуы көзделді;
кірме əріптер жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1. Түркиядағы «əріп төңкерісі»
2.Түркі халықтарының латын графикасына көшуіне себеп болған түрткіжайттар
3.Латын графикасындағы түрік əліпбиінің тілтанымдық негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |