4АПТА 1.Түркиядағы «əріп төңкерісі»
2.Түркі халықтарының латын графикасына көшуіне себеп болған түрткіжайттар
3.Латын графикасындағы түрік əліпбиінің тілтанымдық негіздері
Түрік тілі латын əліпбиіне 1928 жылдың 3 қарашасынан бастап алты айдың ішінде Мұстафа Кемал Ататүріктің «қару жəне тақта» саясатының күшімен өткенімен, ла- тын қарпіне ауысу мəселесі 1862 жылдан басталған болатын.
Алғаш рет латын əліпбиін таңдау туралы тілге тиек еткен Муниф Ефенди мыр- за еді. Оның бұл туралы пікірін қысқаша жеткізетін болсақ, 11 мамыр 1862 жылы ғылыми конференцияда əліпби тақырыбында сөз қозғалды. Мырза араб əріптерін қайтадан жаңарту, жазу мен оқуды оңай жолмен шешу туралы өз ойын былай жеткізді:«Еуропалықтардың жазуында еш қиындық жоқ, барлық оқушы білім ала алады, 6-7 жастағы баладан ер адам, əйел адам, қарапайым халықтан жұмыс жасайтындарға дейін барлығы жақсы, қатесіз оқып-жазуды үйренеді» дей келе, алдағы уақытта Түрік мемлекетінің халықаралық байланысын нығайту үшін еуропалық (латын) əліпбиді таңдауға ұсыныс жасады.
Мешрутиет кезеңінде əріптердің жаңартылуы мен əріптердің бөлек таңбалануы тақырыбы қайта қозғалды. Атақты түрік жазушылары Хусейін Джахит (Ялчын), «Ич- тихад» журналының редакторы Доктор Абдуллах Джевдет, журналист Джелал Нури, Кылычзаде Хаккы секілді зиялы қауым латын əліпбиінің тиімділігін жəне осы негізде түріктің жаңа əліпбиін құру жолында батыл қадамдар жасап, өз пікірлерін жариялады. Өйткені ол дəуірде Түрік мемлекетінде əліпби мəселесін қозғау, жазуды өзгерту туралы пікір айту, бұл тақырыпта қалам алу шынымен де мəдени батылдық болатын. Зиялы қауымның ойынша, Түрік елінде қалыптасқан мынадай стереотиптік түсінікті жоюдың уақыты келді деп есептеді. Себебі түріктердің танымына араб əріптері Алла тарапынан жіберілді деген ұғым, оқу-жазу дін үшін керек деген жаңсақ сенім терең сіңген болатын. Осы жаңсақ сенімнің кесірі, Түрік мемлекетінің тіл арқылы əлемдік мəдениетке жетуіне, ғылыми-техникалық ілгерілеуге ілесуіне кедергі болды. Латын əліпбиіне ауысу туралы осындай алғашқы пікірлер пайда бола бастағаннан кейін «латын алфавиті қабылданатын болса, ескі ислами ғылым мен мəдениетті жоғалтамыз» деген ой, «өткенмен байланысымыз үзіледі» деген пікірлер туындай бастады. Бұл пікірлерге берілген жауап ретінде 1921 жылы 4 жазушысынан біреуі Джелал Нури алдымен «Тарих-и Истикбал (Болашақтың тарихы)» атты кітабында былай дейді: «Алтайларға дейін барғанша, қазіргі мүшкіл жағдайда болған Түрік тілі мен əдебиетін тазартсақ, дамытсақ, Түрікшілдік атына көп нəрсе жасаған боламыз. Мысалы, сами тілдері мен тіліміздің рухына сəйкес келмейтін əріптерді (араб əріптерін) алып тастайық. Əмбебап латын əріптерін алайық, араб əріптері араб пен еврей сияқты сами тілдері үшін қажет. Түрік тіліміз араб тілінің ішінде болғанымен, өзінің тұрандық негізін жоғалтқан жоқ. Сами тілдерінен гөрі еуропа тілдеріне келеді. Бізге латын əріптері секілді бөлек жазылған əріптер қажет. Тілде, əдебиетте, əріпте, пікірде төңкеріс жасайық. Барлық бауырларымды латын əріптерінің қабылдануы мен түрікшілдіктің дамуы мен артуына шақырамын».
Ұлттық күрес жеңіспен аяқталған соң, Анкарада Түріктің Ұлы ұлттық мəжіліс үкіметі құрылғаннан кейін 21 ақпан 1923 жылы Измирде Казым Карабекир пашаның басшылығымен «Ұлттық экономика конгресі» болды. Бұл жиында бірнеше экономикалық жəне əлеуметтік мəселелер туралы келіссөздер туындады. Осы келіссөздер барысында «Латын əрпінің қабылдануы» жайында Конгрестің ішкі делегация мүшесі измирлік Назми мырза ұсыныс жасады. Бірақ бұл тікелей төрағаның «Ла- тын əріптері ислам бірлігін бұзады» деген қарсы пікірімен оларға жалпы жиында өз ойларын айтуға мүмкіндік бермеді. Конгресс төрағасы Казым Карабекир паша осы тақырыптағы ойларын барлық жұртқа айтты. Пашаның «Латын əріптерін қабылдамаймыз» тақырыбындағы «Хакимиет-и Миллийе» газетінің 5 наурыз 1923 жылғы санында жариялаған мақаласында былай дейді: «Осы пікір бір уақыттарда Еуропада белең алды. Бұл ағым сол жерден басталды. Біздің ислам əрпіміз жеткіліксіз екен, сол үшін де латын əрпін енгізуіміз қажет екен. Ол жердегі кейбір достарымыз осы пікірді қолдайды екен. Алайда нəтижеде, мұның қиын екенін, өкінгендерін айтады. Осы пікірдің қиын екенін Албаниядағы жұртшылық та кеш түсінді. Осы жөнінде біздің пікірімізді сұрағандар да болды. Достар, қазір қандай шетелдікпен жолықсаңыз айтатыны біреу-ақ: түрік тілі өте əдемі тіл, оңай, бірақ əріптері жаман. Бір күш бар, ол күш бар əлемге қарсы үгіт жасайды: түрік жазуы оқылмайды, қиын. Латын əрпінің қабылдануы мүмкін бе? Қабылданған жағдайда қиын күй кешеміз. Бəрінен бұрын, кітапханамызда тұнып тұрған кітаптарымыз, тарихымыз жəне мыңдаған томдық ту ындыларымыз бір тілмен жазылып тұрғанда, таңбалары мүлдем басқаша əріптерді қабылдаған күні үлкен бір апатқа жолығамыз, бұл, демек, барлық Еуропаның қолына күшті қару ұстатқандай боламыз, бұлар Ислам əлеміне былай дейді: түріктер басқа жазуды қабылдады, христиан болды. Міне, дұшпандарымыздың шайтани пікірі осында жатыр» деп латын əліпбиін қабылдаудан туындайтын халықаралық саяси олқылықтарды осылайша түсіндіреді.
Казым Карабекирдің осы пікірінен кейін латын əрпін қабылдағысы келмейтіндердің саны артты. Алайда бұл пікірді қолдамайтындар да кездесті.
Кылычзаде Хаккы мырзаның мақаласында: «Жоғары білімді, көзі ашық Казым Карабекир ғылыми мəселе болған латын əрпін қабылдауға қарсы, себебін де «Ислам əлемі не дейді?» деп отыр. Біздің мемлекетімізде жалпы оқу, сауат ашу бірыңғай дамымаған. Өйткені əріптеріміз бұған кедергі болады. Балаларымыз мектепте 3-4 жыл оқиды, алайда дұрыстап оқи алмайды. Тек балаларымыз емес, əрбіріміз əр сөзді дұрыстап дыбыстай алмаймыз. Мұндай тіл, мұндай білім бола ма? Ауыл баласы қаншама жыл мектепке барып ештеңе үйрене алмаса, не үшін уақытын бос өткізеді? Газет оқи алмайды, кітап оқи алмайды» – деп, елдегі халық ағарту жайын өзгерту үшін латын əліпбиіне көшуді қолдайтынын білдірді.
Осыдан кейін əріптерді ауыстыру мəселесі қайта-қайта айтыла берді. Деген- мен, көпшілік түрік зиялыларының көкейінде мынадай күдік, қорқыныш болғаны рас: «Əлемде осыған ұқсас бір тəжірибе болғанын білсек, яғни мəдениет мен қанша ғасырғы кітап пен кітапханасы бар бір халықтың бұдан да оңайы бар екен ғой деп ауыса салғанын көрген болсақ, ең болмағанда салыстырмалы түрде бір пікір немесе жорамал айтуға мүмкіндігіміз болар еді. Мұндай тəжірибе болмағаннан кейін ия немесе жоқ деу үшін аса батылдық қажет».
Латын əрпін қабылдағысы келетіндердің дəлелдері мынадай болды: «1) жазуды əрең үйренеміз, 2) емлеміз қиын, 3) шетелдіктер тілдегі əрпіміздің қиын болғаны үшін үйренуге құлқы жоқ, 4) азды-көпты білім алғандарымыздың өзі бір мақаланы қате-қате оқиды». Осы түрік жазуындағы қиындықтарды шешу мақсатын басымдық етіп, латын əліпбиіне көшу басты түрткі болды. Жəне де Түрік мемлекеті латын графикасына ауысса, бұл жаңалық «арабтар, ирандықтар жəне басқа да Тұран тайпала- рына да (қазақтар, башқұрттар, өзбектер, татарлар жəне азербайжандар) үлгі болып, емлелерін түзететініне күмəн тудырмас еді» деген ынта, талпыныс та болды.
Республика үкіметі əріп төңкерісін жасамас бұрын қолданып жүрген сандар- ды өзгерту, латын негізіндегі сандарды қабылдаудан бастады. 1928 жылы мамыр айының соңында Үкімет, Түркия Ұлы ұлттық мəжілісінде төмендегі заң ұсынысын алға тартты: