1. Ауаныњ жер бетіне және ондаѓы барлық заттарѓа т‰сіретін к‰ші
A) климат
B) жел
C) атмосфералық қысым
D) ауа массасы
E) атмосфералық жауын-шашын
|
2. Қызыл теңіздің тұздылығы :
A) 340/00
B) 370/00
C) 420/00
D) 36 0/00
E) 410/00
|
3. Қазақстанмен неше ел шектеседі:
A) 5
B) 3
C) 4
D) 1
E) 2
|
4. Полимер химиясы беретін өнім :
A) күкірт қышқылы
B) азот қышқылы
C) минералды тыңайтқыш
D) тұз қышқылы
E) синтетикалық материалдар
|
5. Солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін трансқазақстан магистралі :
A) Астана-Қарағанды
B) Петропавл-Шу
C) Қарталы-Павлодар
D) Қарағанды-Петропавл
E) Түркістан-Сібір
|
6. Жақсы келбетті шыңдарымен , құздарымен ерекшеленетін жер бедерінің шығыңқы түрі:
A) төмпешік.
B) тау.
C) жота.
D) вулкан.
E) төбе.
|
7. Экваторлық нәсілге жататын халықтар ... болып келеді.
A) терісінің түсі ашық, шашы толқынды, тік
B) көзі қысыңқы, терісінің түсі ашық
C) терісінің түсі сарғыш, шаштары ашық түсті, тік
D) терісінің түсі қара, көздері көк
E) терісінің түсі қара, бұйра қара шашты, еріндері қалың, танауы кең
|
8. Қаратопырақ Қазақстанның …
A) орталық бөлігінде.
B) оңтүстік бөлігінде.
C) солтүстік бөлігінде.
D) шығыс бөлігінде.
E) батыс бөлігінде.
|
9. Дүние жүзі елдері бойынша жер көлемі жөнінен Қазақстанның алатын орны:
A) Төртінші.
B) Тоғызыншы.
C) Он жетінші.
D) Елу бірінші.
E) Қырық тоғызыншы.
|
10. Күнбағыс майын өндіретін ірі зауыт орналасқан қала:
A) Кентау.
B) Түркістан.
C) Талдықорған.
D) Петропавл.
E) Өскемен, Алматы.
|
11. Балқаш өндірістік торабының маманданған саласы:
A) Мыс өнеркәсібіне.
B) Хром өнеркәсібіне.
C) Қара металлургияға.
D) Көмір өндіруге.
E) Отын-энергетикасына.
|
12. Буддизм таралған негізгі аймақтар.
A) Батыс Еуропа.
B) Оңтүстік-батыс Азия.
C) Ресей.
D) Орталық және Шығыс Азия.
E) Латын Америкасы.
|
13. "Үлкен жетілікке" - кіретін елдер:
A) ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия.
B) Португалия, Исландия, Ирландия, Польша.
C) Bатикан, Швеция Норвегия, Эстония.
D) Испания, ГФР, Албания, Чехия, Словакия.
E) Дания, Италия, ГФР, Испания.
|
14. Латын Америкасындағы аса ірі кофе өндіруші елдер:
A) Венесуэла, Перу.
B) Куба, Венесуэла.
C) Чили, Аргентина.
D) Бразилия, Колумбия.
E) Аргентина, Уругвай.
|
15. Жер бетінің бір нүктесінің екінші нүктеден биіктігі
A) абсолюттік биіктік.
B) горизонталь.
C) биіктік белгісі.
D) қыраттар.
E) салыстырмалы биіктік.
|
16. Жер бетінің ... дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр.
A) 29 % (пайыз)
B) 40 % (пайыз)
C) 71 % (пайыз)
D) 60 % (пайыз)
E) 25 % (пайыз)
|
17. Тырбиып өскен, қисық ағашты орман:
A) Тундра.
B) Орманды тундра.
C) Тропиктік орман.
D) Арктикалық шөл.
E) Саванна.
|
18. Қазақстаның «Жер асты теңiзi» бар аймағы:
A) Қарақұмда.
B) Сарыарқада.
C) Мойынқұмда.
D) Торғайда.
E) Қызылқұмда.
|
19. Сарыарқаның табиғат зоналары.
A) Шөл, шөлейт.
B) Дала, шөл, шөлейт.
C) Орман, дала.
D) Орманды дала, дала, шөл.
E) Биік таулы аймақтар.
|
20. Ауыл шаруашылығына қажетті машиналар жасайтын орталықтар-
A) Астана, Павлодар.
B) Балқаш, Теміртау.
C) Алматы, Қарағанды.
D) Талықорған, Атырау.
E) Қызылорда, Ақтау.
|
21. Көмір қоры жөнінен ерекшеленетіндер:
A) Монголия, Жапония, Қытай.
B) Судан, Эфиопия, ОАР.
C) Қытай, АҚШ, Ресей.
D) Швейцария, Австрия, Венгрия.
E) Германия, Чили, Италия.
|
22. Парсы шығанағында мұнай өндіруден алдыңғы орында:
A) Кувейт.
B) ОАР
C) Ирак.
D) Сауд Аравиясы.
E) Катар.
|
23. Африканың ірі қаласы:
A) Асуан.
B) Абужда.
C) Лагос.
D) Александрия.
E) Каир.
|
24. Жер көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінде нешінші орында:
A) 6-ші орында.
B) 5-ші орында.
C) 3-ші орында.
D) 4-ші орында.
E) 2-ші орында.
|
25. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болып келу себебі ... байланысты.
A) зат және энергия айналымына.
B) өсімдіктерден оттегінің бөлінуіне.
C) жердің орбиталық қозғалысына.
D) күнмен түннің ауысуына.
E) температура режимі мен жауын-шашын мөлшеріне.
|
26. Тау жүйелері түзілмеген, бұзылу әрекеті күшті жүрген эра:
A) Архей.
B) Палеозой.
C) Протерозой.
D) Мезозой.
E) Кайназой.
|
27. Қазақстанда дауылды жел үнемі соғатын жер.
A) Жоңғар қақпасында.
B) Торғай қақпасында.
C) Зайсан ойысында.
D) Қалба жотасында.
E) Балқаш маңы жазығында.
|
28. Үстірттік муфлон бұл -
A) Ұзын тікенді кірпі.
B) Жайран.
C) Тау ешкісі.
D) Алажолақты күзен.
E) Жабайы қой.
|
29. Қазақстанның экономикалық – географиялық тұрғыдан артықшылығының бірі:
A) Мұхитқа тікелей шығатын жолының болмауы.
B) Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.
C) Климатының континенттілігі.
D) Солтүстігінде Ресеймен шектесуі.
E) Шығысының таулы болуы.
|
30. Толық циклді комбинаттар... өндіреді.
A) шойын, болат, қорғасын
B) домна пештерін
C) шойын, болат, мырыш
D) шойын, болат, прокат
E) ферроқорытпа, глинозем
|